Дәріс №1. (1сағ) Кіріспе. Ветеринариялық гигиенаның пәні және әдістері


Топырақтың биологиялық қасиеттерінің гигеналық маңызы



бет23/52
Дата02.01.2022
өлшемі199,74 Kb.
#107799
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   52
Байланысты:
гигиена.сабакка керек

4.Топырақтың биологиялық қасиеттерінің гигеналық маңызы.

Жер бетінің барлық Арктикадан тропикаға дейінгі кеңістігіндегі топырақта көптеген әртүрлі микроорганизмдер (бактериялар, актиномицеттер, саңырауқұлақтар, жалғыз клеткалылар, балдырлар т.б.) кездеседі.

Микроорганизмдердің сандары және олардың түрлері топырақтың органикалық құрылымына оның физикалық және химиялық қасиеттеріне (механикалық құрамы, қышқылдығы, сіңіргіштігі т.б.) температураға, ылғалдылыққа ауа райы, жыл мезгіліне, өңдеу тәсілдеріне т.б. тікелей байланысты болады. Мысалы, механикалық құрылымына байланысты топырақтың бактерияларды сорбциялау (жұту, сору, сіңіру) қасиеті әртүрлі болады. Қара топырақ микробтарды 80 -90 % дейін сіңірсе, құмды топырақтар 30 -40 % сіңіреді. Топырақпен сіңірілген бактериялардың өсіп - өнуі өзгеріп, көмірқышқыл газын бөлуі азаяды. Мысалы, жай топырақта ішек таяқшасы (E. Coli ) 17,6 мг көмірқышқыл газын бөлсе, құмды топырақта 2,5 есе, яғни 44,6 мг шығарады. Топырақтың құрамындағы микробтарға температураның да үлкен әсері болады. Бірақ, микроорганизмдердің де әртүрлі төзімділігі болғандықтан кейбір микробтар 30 – 45 градусқа дейін шыдамдалығын жоғарлатпайды (мезофилді, термофилділер).

Микроорганизмдердің топырақтағы өсіп-өнуі ондағы минералдық және органикалық заттардың мөлшеріне байланысты болады. Топырақтағы микроорганизмдердің өсіп - өнуіне елеулі әсер ететін, топырақтағы кейбір саңырауқұлақтардың (Penicillinum) бөліп шығаратын өлтіргіш заттары болып саналады. Сол сияқты топырақтағы микробтардың мөлшері жылдың қыс мезгілінде азайып, көктем де көбейіп, ал жаздың басында ең жоғарғы шегіне жетеді. Топырақтың үстінгі қабатында күн сәулелерінің әсерінен микробтар өліп, аз болады, ал 10 см тереңдікте ең жоғарғы мөлшері болып, 25 см тереңдікте 10 -20 есе азаяды.

Пайдалы микрорганизмдер мен бірге топырақта патогенді (ауру қоздыратын) түрлері де көп кездеседі. Оларды екі топқа бөледі: топырақта тұрақты болатын немесе топырақта уақытша кездесетін микробтар. Бірінші топқа газ гангренасы (өлі еттің газдануы), сібір жарасы, қарасан, актиномикоз, ботулизм, сіреспе т.б. аурулардың қоздырғаштары жатады. Бұл аурулардың қоздырғыштары топырақта ұзақ уақыт сақталып қана қоймайды, белгілі бір жағдайда өсіп - өнеді. Мысалы, сібір жарасының қоздырғышының топырақта өсіп - өнуі, топырақтың ортасына (РН), температурасына және ылғалдылығына байланысты болады. Сібір жарасының бактериясы мен спорына 12 – 31 градус жылылық өсіп - өнуіне ең қолайлы жағдай болып саналады. Температура төмендегенде сібір жарасының қоздырғышының активтігі (белсенділігі) төмендейді де топырақта сақталу мерзімі ұзаққа созылады ( 50-60 жыл).

Топырақтың ортасы (РН), жоғарғы ылғалдылығы төменгі температура және белгілі мөлшерде фитомассасы болса, листериоз ауруының қоздырғышының өніп - өсуіне жағдай туады. Листериоз ауруының қоздырғышы топырақта жылдың суық мезгілінде (көктем, күз) өсіп - өніп қыста олардың концентрациясы тұрақтап, ал жаз айларында бұл қыздырғыштардың өсіп – өнуі төмендейді. Егер сібір жарасының қыздырғышының өсіп - өнуіне жоғарғы температура (15 – 30º) қажет болса, листериоздың қоздырғышы төмеенгі температура (1 – 4 градус) өсіп – өнуіне қолайлы болады. Яғни, әр топырақта кездесетін қоздырғыштардың өзіне тән қалыпты температура, РН, ылғалдылық т.б. болады. Егер бұл көрсеткіштер олардың физиологиялық ерекшеліктеріне сәйкес келмесе, олар инактивті жағдайға көшеді.

Малдардың сіреспе және газ гангрена ауруымен ауырған кездері де кездеседі. Оның себебі малдағы жарақаттың бетіне сіреспе және газ гангрена ауруларының қоздырғыштарымен ластанған топырақ түскен кезде зақымдалады.

Екінші топтағы патогенді микроорганизмдерге (уақытша пайда болған) туберкулез, бруцеллез, туляремия, ішек-қарын инфекциялары – паразиттер, дизентерия, ішек таяқшасы т.б. вирус инфекцияларының қоздырғыштары жатады.

Бұл аурулардың қоздырғыштары топыраққа ауру малдардың нәжістері, демдері, сілекейлері, қан, жын, өлекселер т.б. түседі. Оларға топырақ ортасы қолайлы жағдайда болмайды. Олардың топырақта ұзақ сақталауына әртүрлі факторлар әсер етеді. Әсіресе топырақтың физикалық, химиялық және биологиялық қасиеттері, жыл мезгілдері, ауа райы, күн сәулесі қоздырғыштың ерекшеліктері т.б. сақталу мерзіміне әсерін тигізеді.

Топырақта сол сияқты көптеген саңырауқұлақтарда болады. Олардың кейбіреулері өсімдіктер мен азықтарға түсіп, бойынан улы заттарын бөледі. Ондай саңыруқұлақтар мен зақымдалған азықтарды жеген малдарда микотоксикоз деген аурулар туады. Ластанған топырақтар кейбір инвазиялық аурулардың (гельминтоз) тарауына мүмкіндік туғызады.

Гельминтоз аурулары екі топқа бөлінеді: геогельминтоздар және биогельминтоздар. Бірінші топ гельмитозға жататындар – стронгилятоздар (гемонхоз, диктикулез) аскаридиоздар, трихоцефалездар т.б. жатады. Гельминттер малдардың нәжісі мен өте көп мөлшерде сыртқы ортаға жұмыртқаларын бөліп шығарып ластайды. Мысалы, гемонхоз ауруының бір ұрғашы қоздырғышы, ұсақ малдың ішегінде тәулік ішінде 5 -10 мың жұмыртқа табады, ал бір қойдың ішек – қарында 3 – 15 мың дана гемонхоз тоғышары (паразиті) болуы мүмкін. Геогельминттер өздерінің өсіп - өнуінің бір сатысын топырақта өткізеді де, онда жұмыртқасы өсіп болғанша сақталады. Топырақтағы өсуінің ұзақтығы гельминттердің түрінде температураға, ылғалдық тағы басқа факторларға байланысты болады. Өзінің өсу сатысына дейін өніп, жұмыртқа немесе құрт (личинка) шөппен бірге малдың ішіне түседі. Малдың ішінде гельминт сатысына дейін өсіп – жетіп, өте көп мөлшерде жұмыртқалар бөліп, олар нәжіспен бірге топыраққа түседі де, ауа райының жағдайына байланысты, онда 3 – 12 ай одан да артық уақыт сақталады. Соны мен геогельминттердың тарауына негізгі рольді топырақтар атқарады. Биогельминттердің де малдар арасында тарауына топырақтың елеулі қатысы болады. Биогельминттер қатарына ірі қара малдары мен шошқалардың финозы, эхинококкоз, ценуроз т.б. аурулардың гельминттері жатады. Бұл гельминттердің өсу сатысының бір бөлігі басқа малдардың түрлері, кенелер, маллюскалар, жауын құрттары т.б. қатысуымен өтеді. Бұл гельминттердің жұмыртқаларының бір жерден екіншіге өтуі сыртқы ортада, яғни топырақта жүреді: Сонымен қоса топырақ кейбір биогельминттердің аралық иелерінің көректенетін ортасы болып саналады. Мысалы, фасциолездің қоздырғыштары – моллюскалардың, метастрон гилятоздың гельминттері – жауын құрттарының бойында өсіп дамиды.

Адамдар мен малдардың гельминтоз ауруларынан сақтандырудың басты бір жолы – топырақты гельминттердің жұмыртқалары және құрттары мен ластандырмау шараларын қолдану. Көптеген инвазиялық қоздырғыштарын тасымалдаушы жәндіктер (кенелер, бүргелер, сона, масалар т.б.) топырақта, яғни әртүрлі андардың індерінде өмір сүреді.

Сонымен топырақ көптеген инфекциялық және инвазиялық аурулардың қоздырғыштарының көзі және тарату орны болуы мүмкін. Сондықтан топырақты санитарлық қорғаудың зор маңызы болды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   52




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет