Дәріс №1. (1сағ) Кіріспе. Ветеринариялық гигиенаның пәні және әдістері


Шаң-тозаңдардың гигиеналық маңызы



бет19/52
Дата02.01.2022
өлшемі199,74 Kb.
#107799
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   52
Байланысты:
гигиена.сабакка керек

14.Шаң-тозаңдардың гигиеналық маңызы.

Ауадағы шаң-тозаңдардың гигиеналық маңызы олардың организмге тікелей және жанама әсерімен байланысты болады.

Ауадағы шаң-тозаңның организмге тікелей әсері олардың үлкен-кішілігіне, яғни шашырандылығына (дисперсиясына) және түріне байланысты болады. Аэрозолдар негізгі үш жүйеге әсерін тигізеді: 1) теріге, 2) көзге, 3) тыныс мүшелеріне.

Аэрозолдардың қандай түрі болмасын (органикалық, минералдық) бірінші тері бетіне қонып, май, тері бездерінің бөлген секреттері, сол сияқты терінің өлген клеткаларымен, микрооргнизмдермен байланысады да тері рецептерін тітіркендіріп, қышытып, әртүрлі ауру процесстерін тудырады. Сол ісіп-қызару процесстерінің нәтижесінде терінің негізгі қызметі-жылу алмасу, сұйық бөлу бұзылып, сезгіштігі әлсіреп, рефлекторлық реакциясы төмендейді.

Тері бетіне қонған шаң, май тері бездерінің жүретін жолдарын бітеп, тері құрғап, серпінділігін жоғалтып, механикалық әсерлерге төзе алмай жарылып екінші инфекцияға жол ашылады.

Көбінесе бітелген май мен тері бездерінің жолдарына шаңмен бірге микробтар түсіп, іріңдетіп,терінің фолликулы ауруы – фолликулярлы дерматитке ұшырайды.

Ұсақ малдардың жүндерінің арасына шаң кіріп сапасын төмендетеді.

Екіншіден, ауадағы шаң-тозаң көздің кілегей қабатына қонып, конъюнктивит ауруына ұшыратады. Көбінесе мұндай көз аурулары малдарды шаңды жолдармен қуғындап айдағанда және жайылымда орнатылған демалыс қорғандарда ұстағанда кездеседі.

Ауаның аэрозолдары, әсіресе органикалық түрлері - өсімдіктердің түйірлері, гүлдеген кездегі ұрығы малдардың көздеріне түсіп, көбінесе аллергиялы аурулар шығарады. Мысалы, Өзбекстанда ірі қара малдарын мақта өсірген жерлерге, олардың гүлденген кезінде жайғаннан жаппай конъюнктивит ауруымен ауырып, көздері жасаурап, жергілікті температурасы жоғарылап, көз айналасы ісіп, қан тамырлары ұлғайып, көз іші қызарып, кейде көз қиығынан кепкен сұйық байқалады.

Басқа көз ауруларынан ажырату үшін көз терісінің ішіне арнайы мақта гүл ұрығының ертіндісінен жасалған аллерген егу арқылы анықтаған.

Үшіншіден ауадағы аэрозолдар тыныс органдарын, сонымен қоса жалпы мал организмін ауруға ұшыратады.

Өте қауіпті болып бағалы және түсті металдарды өндіріп, өңдейтін ірі комбинаттардың жанындағы ауа құрамында кездесетін қорғасынның, марганецтің, цинктің тағы басқа зиянды заттардың шаң-тозаң түйіршіктері саналады, олар организмді сүзелең улану ауруына ұшыратады.

Аэрозолдардың тыныс органдарына зиянды әсері малдарды қолда ұстаған мезгілде, яғни малдардың ұзақ уақыт жабық қорада тұрғандарында кездеседі.

Аэрозолдардың ең ұсақ түрлері (5 мкм кіші) өкпеге өтіп қабындырса, орташа өлшемдегі (5-10 мкм) 80 пайыздан артығы, 100 пайызға дейін ірі түрлері тыныс жолдарында (кеңірдек, бронхы) қалқан (мерцателді) клеткаларымен ұсталып, малдың жөтелген, түшкіріп, пысқырған кездерінде шығарылып тасталады.

Мал организмі шаң-тозаңның әсеріне, оның 0,6-6 мг бір куб.м. ауада болса рефлекторлы дем алуы жоғарылап, жиілеп, өкпенің ауа сиымдылығы 7-10 пайызға азайып, оттегін пайдалану – 8,8 % төмендейді. Аэрозолдардың өте ұсақ бөлшектері, әсіресе 0,2 – 5 мкм қауіпті болады. Өйткені олар өкпенің альвеоларына өтіп, онда 80-100 % дейін қонып қалады.

Өкпенің шаң-тозаңнан ауруының себебі, көбінесе альвеоларда сұйықтардың біресе пайда болып, біресе тарап, олардың қабырғалары қалыңдап, қызарып ауруға шалдығады (альвеолит), кейде бронхы қабынады.

Аэрозолдар тыныс жолына түскенде фагоцитозға ұшырайды да шаң-тозаңмен бірге лимфатамырларының ішінде жиналып, қатып, содан дәнекер ұлпалар өсіп, өкпе қабынады да пневмокониоз деген ауруға шалдығады.

Өкпеге түсетін шаң-тозаңның түріне байланысты пневмокониоздардың бірнеше түрі болады. Мысалы, силикоз (silicosis) – кварц тозаңынан, антракоз (anthrocosis) – көмірден, сидероз (siderosis) – темір, асбестоз (asbestosis) – асбесттің ұнтағынан пайда болған өкпе аурулары.

Малдар арасында, әсіресе ірі қара, қой, шошқаларда жиі силикоз кездеседі. Оның патологоанатомиялық (өлгеннен соңғы) белгісі өкпе ұлпаларының аралығы фибрин талшықтарына алмасуында болды. Малдың тынысы тарылып, демігіп, әлсіреп, өнімі төмендейді. Мұнымен қоса органикалық шаң-тозаңдар деммен өкпеге түсіп, аллергиялық аурулар тудырады. Мысалы, жылқы малдары өсімдіктердің гүлденген кезінде, жайылымда, жоғарғы тыныс жолдары қабынып «шөп талаурауы» (сенный катар) ауыруна ұшырайды.

Ірі қара малдарының арасында саңырауқұлақтардың өршитін тұқымы (спор) шаң – тозаңдармен түсіп өкпенің қабыну ауруы туады. Мұндай өкпе ауруы (микотикалық) азықтардың ылғалды жерлерде сақталғанда шіріп, көгеріп, аспергелиум саңырауқұлақтарымен (Aspergillus gumigatus және As. niger) зақымдалған шөп, саламдарды қораның ішінде сілкіп ауаны ластағанда өкпеге түсіп, өсіп, өкпеде паразиттер түйіндері пайда болады. Шаң – тозаңдар жоғарғы тыныс жолдарында жиналып, одан ішке, қарынға түсіп, онда еріген соң қанға қосылып оның құрамын өзгертіп, жалпы организмге зиянды әсерін тигізеді.

Ауадағы шаң – тозаңдардың жанама әсері, олардың су буының тамшыға (конденсат) айналып, тұман түзіп, ауа температурасы төмендеп, жауын-шашынды күндер көбейеді. Ірі өндірісті қалалардың табиғи жарық климатын бұзып, жарық сәулесін 40-50 пайызға кемітеді және ондағы биологиялық активті ультракүлгін сәулелердің өтімін тежеп, мал денесіне тигізетін пайдасын жояды. Шаң – тозаңдар әсіресе терезе әйнектерін басып, қора ішінің жарықтануын төмендетеді. Сол сияқты қора ауасындағы пайдалы, жеңіл, теріс зарядты иондардың санын кемітеді.

Мал қоралардың әр куб. метр ауасында 0,5-5 мг дейін шаң-тозаң рұқсат етіледі. Аэрозолдардың дисперсиялық фазасы (түйірлері) микроорганизмдерден (бактериялар, вирустар, саңырауқұлақ, өнгіш ұрықтары, гельминттер т.б) тұрса - биологиялық аэрозолдар немесе аэропланктон деп атайды.

Аэрозолдардың арасында ауру тудыратын микроорганизмдер болса инфекциялық аэрозолдар дейді. Ауадағы микроорганизмдер көбінесе жеке жүрмейді, олар шаң – тозаңның үстінде (қатты аэрозолдар), немесе тамшының ішінде (сұйық аэрозолдар) болады да, солармен бірге басқа жерге таралады. Сондықтан ауаның шаң – тозаңмен ластануы және ондағы микроорганизмдердің саны арасында тікелей қатынас бар.

Сондықтан ауаның көп микроорганизмдермен ластануы өте шаң – тозаңды ауада кездеседі, әсірісе ірі өндірісті қалалардың орталық аймақтарында.

Ауадағы микроорганизмдердің саны тікелей метеорологиялық факторларға байланысты болады. Желді күндері микробтардың саны көбейсе, жауынды кезде ауа тазаланады. Жылдың суық мезгілдерінде ауада микробтар аз болады. Сол сияқты жер бетінен жоғарылаған сайын микроорганизмдердің саны азая береді. Мысалы, жер үстінде әр куб метр ауада 6000 таяу микроорганизмдер болса, 500 метрде – 1300, 2000 м – 240, 4000 м. -79, ал 6000 м – 24 болған.

Ауаның микроорганизмдермен ластануының негізгі көзі топырақ, су, мал, адам т.б. қалдықтары болып саналады. Ауадағы микробтардың ішінде спорогенді, пигментті түрлері, санырауқұлақтардың өнгіш ұрықтары және сапрофиттер (организмге зиянсыз) көп кездеседі.

Жабық мал қораларының ауасында атмосфераға қарағанда микроорганизмдер тек санымен ғана емес түрімен де ерекше болады. Себебі мал қоралардың ауасында микробтардың өсіп - өнуіне және сақталуына, әсіресе санитарлық – гигиеналық талаптар сақталмаған жағдайда қолайлы жағдай туады.

Қораның ауасында, малдарды антисанитарлық жағдайда ұстағанда және әртүрлі жұқпалы аурулардан таза болмаса, өте көп мөлшерде іріңдеткіш микроорганизмдерді, туберкулез таяқшасын, сібір жарасының, бруцеллез, қарасан, тілме т.б. аурулардың қоздырғыштарын кездестіруге болады. Олардың негізгі көзі - бойында аурудың қоздырғыштары бар және оны ортаға тарататын, яғни белгісіз аурумен ауырып жүрген малдар болып саналады. Осымен қоса малды күтуші адамдар да белгілі рөл атқарады, әсірісе олардың киген киімдері, ұстаған саймандары арқылы ауру қоздырғыштары тарауы мүмкін.

Ауада патогенді микробтардың болуы өте қауіпті болады. Себебі дем алғанмен, түкірікпен, қақырықпен, шаң – тозаңмен микробтар денеге түсіп, аэрогенді (ауа) инфекциясын (ауруын) тудырады.

Туу жолына қарап аэрогенді инфекция шаңды және тамшылы болып екіге бөлінеді.

Шаңды инфекция дегеніміз патогенді микробтардың ластанған ауамен бірге тыныс органдары арқылы денеге түсіп, ауру туғызуы. Ауаға малдардың кепкен қиымен түскен микробтар, аэрозолдардың таралуына және ауа қозғалысына байланысты, 5-6 сағат сақталады. Одан кейін шаң басқа заттардың және едендердің үстіне жабысып, әртүрлі механикалық әсерлердің салдарынан қайта ауаға көтеріліп, демімен бірге мал организміне кіреді. Бірақ, кейбір төзімді микроорганизмдер болмаса, ауада күн көзінің, температураның әсерлерінен кеуіп, көбі ұзақ өмір сүре алмайды.

Тамшы инфекциясы – қауіпті, өйткені ауадағы өте ұсақ сілекей, қақырық тағы басқа сұйықтардың тамшыларының арасындағы микробтар дем алған ауамен ішке түсіп, ауру туғызады.

Ауаға микробы бар тамшылар малдар жөтелгенде, мөңірегенде, кісінегенде, пысқырғанда т.б. түседі. Олардың сақталынуы тамшылардың өлшеміне байланысты болады. Ірі тамшылар тез қонады да, ұсақ тамшылар ауада ұзақ қалқып жүріп, оларда микробтар көбірек (5-6 сағат) сақталады. Жылы, жарық, құрғақ және жақсы желдетілетін қоралардың ауасындағы тамшылар арасындағы патогенді микробтар тез өледі. Мысалы, құс қорасының ауасы құрғақ кезінде себілген пастереллез ауруының қоздырғышы, дымқыл ауадағыға қарағанда төзімсіз (40-60%) болған. Туберкулездің таяқшасы су тамшысының арасында жарық барда 3 тәулік, ал қараңғыда 18 тәулікке төзеді.

Микробтардың тамшы арқылы тарауы респираторлық инфекция (микробтардың тарауы және жұғуы ауаның конвекциялық қозғалысы арқылы) кезінде жиі кездеседі, яғни жылқылардың маңқа, сақау, шошқаның туберкулезі, ірі қара малының мәлік, аусыл, шешек, оба т.б. аурулары.

Малдардың түрі және жасына байланысты микробтардың клеткаларының ең жоғарғы рұқсат етілетін шегі әр куб. метр ауаға шаққанда 20-100 мың болады.

Ауаның микроорганизмдермен және шаң-тозаңмен ластануынан сақтандыру жолдары ұқсас болады.

Малдардың қораларының ауасын, фермалар маңындағы және жалпы атмосфера ауасын механикалық және бактериялық ластанудан қорғау – тазалаудан, залалсыздандыру және ауаны дезодорациялау сияқты жұмыстардан тұрады. Бұл жұмыстардың бірінші тобына малдарды ұстау және азықтандырудың ветеринариялық – санитарлық және зоогигиеналық нормалары мен ережелерін ауытқысыз сақтап, дер кезінде орындап отыру, сол сияқты қалыпты микроклиматты қамтамасыз ететін жүйелердің дұрыс жұмыс жасауын, мезгілді уақытында қоқыс – көңдерден тазалап, дезинфекция жасау және малдарға құрғақ – ұнтақты азықтарды беру ережелерін дұрыс пайдалану т.б. жатады.

Сонымен қатар мал қораларының ауасын желдету кезінде ауаны жасанды иондау әдісін пайдаланса, ондағы шаң-тозаңның мөлшері 3-4 есе, ал микроорганизмдер 4-5 есе азаятындығы дәлелденген.

Сол сияқты мал фермаларының маңайындағы ауа кеңістігін ластанудан қорғау үшін қоралардың бір басын желдің өтіне (бағытына) қаратып, объектілердің ветеринариялық-санитарлық ара қашықтарын қадағалап орналастыру қажет. Қорада орналасқан малдарға норматив сақталып, сиымдылығына сәйкес, тығыз болмауы керек.

Ауаны бактериалық ластанудан сақтандыру шарасының негізгі бір бағыты-ауру малдарды дер кезінде анықтап, жұқпалы ауруы барларды уақытында бөліп алу, қора ішін тазалап, дезинфекциялау болып саналады.

Ауаның шаң-тозаңдармен және микроорганизмдермен ластану шамасын төмендетудің бір жолы болып-ауыл маңын көгалдандыруды жүргізу. Ағаштарды қоралар арасына екі қатардан орналастырып, көп жылдық шөптер егіп, аймақты жасылдандырған жөн. Қорадан шығарылатын ауаларды тазалап және залалсыздандыру қажет. Ол үшін арнайы, әртүрлі сүзгіштер (электрлі, майлы, дәкелі) қолданылады
Дәріс №6-7.(2 сағ) Топыраққа қойылатын ветеринариялық гигиеналық талаптары және оның санитарлық маңызы



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   52




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет