Дәріс №1. (1сағ) Кіріспе. Ветеринариялық гигиенаның пәні және әдістері


Ауаның газдық құрамының гигиеналық маңызы



бет15/52
Дата02.01.2022
өлшемі199,74 Kb.
#107799
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   52
Байланысты:
гигиена.сабакка керек

12.Ауаның газдық құрамының гигиеналық маңызы.

Атмосфералық ауа – азот, оттегі, көмірқышқыл газы, аргон тағы басқа инертті газдардың қоспасы болып саналады. Ауаның төменгі атмосфера қабатында газдың құрамы тұрақты болып келіп, белгілі бір көлемдік және салмақтық мөлшерде болады.

Жоғарылаған сайын ауаның сиректігі артуына байланысты, ондағы әр газдардың бір көлемге шаққанда құрамы мен парциалдық қысымы төмендейді.

Мысалы, теңіз денгейінен санағанда оттегінің концентрациясы 1 куб.м 299 грамм болса, 15 шақырым биіктікте 15 грамм, ал парциалдық қысымы теңіз деңгейінде 160 мм.с.б және 15 км биіктікте 8,0 мм.с.б. немесе 21,3 және 2,5 гПа болады.

Бұл газдардан басқа атмосфералық ауада су буы, әртүрлі табиғи қоспалар, өндіріс қалдықтарының түйіршіктері, микроорганизм, құрт – құмырсқа, шыбын – шіркей, жәндіктердің денелері кездеседі. Әсіресе, ірі ауыл маңдары мен өндіріс орталықтарына таяу аймақтардың ауасы аса ластанған болып келеді. Сондай улы қоспалардың қатарына күкіртті сутегі, иіс газы, хлор, азот қышқылының тотықтары т.б. жатқызуға болады. Ауаның ластануының негізгі көзі болып ауыр өндірістердің қалдықтары, автокөліктердің түтінді газдары, органикалық қосындылардың шіруінен шыққан улы газдар – аммиак, метан, күкіртті сутегі т.б. саналады. Кейбір газдардың ауадағы концентрациясы шамалы болғанымен малдардың, адамдардың денсаулықтарына зиянды әсерін тигізіп, рефлекторлы түрде, көбінесе тыныс жолдарында ауру тудырады. Соңғы жылдары ерекше елеңдететін проблемалы мәселе болып, атмосфера ауасының әртүрлі сынақтардың нәтижесінде туған радиактивті заттармен ластануы саналады. Атом, сутегі қаруларын өндіріп, сынақ жолдарында атмосфераға өте көп мөлшерде радиоактивті заттардың изотоптарымен араласқан шаң - тозаңдар түседі. Оның ішінде аса қауіптілері стронций 90, цезий 137 өсімдіктердің бойына сіңіп, одан мал, адамдар организмдеріне түсіп, сүйектерде жинақталып уландырады.

Бұл атмосфералық ауаға қарағанда жабық қорлардың ауасының кұрамы ерекше бөлектенеді. Жабық қоралардың ауасының құрамының өзгешелігі олардың санитарлық – гигиеналық жағдайларына, әсіресе ауа алмастыру, көң тазалау жүйелерінің жұмысына, малдарды ұстау тәсілдеріне, орналасу тығыздығына, азықтандыру және суару әдістеріне т.б. тікелей байланысты болады. Мал қораларының ауасында көбінесе азоттың және оттегінің концентрациясы көп өзгеріссіз болады. Бірақ ауа құрамына мал нәжістерінен, шіріген органикалық заттардан және малдардың демімен бөлінген су буы, газдар қосылғанда азот пен оттегінің үлесі азаяды.



Оттегі О2 -иіссіз, түссіз, таза өзі улы газ. Организмнің өмір сүруі тікелей оттегінің қатысына байланысты болады. Себебі, ол барлық зат алмасу процесстерінің жүруіне, тотығуына, мүшелердің клетка аралық тыныс алуына қатысады. Сондықтан әр орган оттегі жеткілікті болса ғана қалыпты жұмыс жасайды. Деммен түскен организмге оттегі қанның эритроциттерінің гемоглобинімен қосылып, барлық денеге ұлпалар мен клеткаларға жеткізіліп, денедегі тотығу процесстерінің қалыпты жүруін қамтамасыз етіп тұрады. Сондықтан оттегінің денеде жетіспеушілігі ауыр патологиялық өзгерістерге ұшыратып, әсіресе гипоксияға өте сезімтал орталық нерв жүйесінің қызметін бұзады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   52




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет