Дәріс №1. (1сағ) Кіріспе. Ветеринариялық гигиенаның пәні және әдістері


Атмосфералық қысымның гигиеналық маңызы



бет14/52
Дата02.01.2022
өлшемі199,74 Kb.
#107799
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   52
Байланысты:
гигиена.сабакка керек

11.Атмосфералық қысымның гигиеналық маңызы

Атмосферадағы (кеңістіктегі) ауа жер үстіне және оның бетіндегі тірі және өлі заттарға айтарлықтай салмақ түсіріп, қысым көрсетеді (әр см² бетке 1,033 кг). Ол қысымның мөлшері жер бедері мен ауа температурасына тікелей байланысты болады. Мысалы, теңіз деңгейімен алғанда ауаның қысымы нөл градус температурада 760 мм сынап бағанасына, немесе 1,033 кт. әр шаршы см. бетке түседі де, бұл шаманы қалыпты (нормалы) меже деп санайды.

Атмосфераның қысымын бар өлшемімен де өлшейді.Онда 1 бар (б) 750 мм. сынап бағанасына, ал 1 мл бар (мб) 0,75 мм. с. бағанасына тең болады. Кейінгі кезде қысымды гектопаскал (г Па) өлшемімен өлшейді. Онда 1000 гПа 750 мм.с. б., ал 760 мм. с. б. 1013 гПа, немесе 1013 м.б. пара пар болады.

Қысымды өлшеу негізіне биіктік шама алынады. 1 мм. сынап бағанасы 10,5 м биіктікке сәйкес келеді. Егер 1 мм. сынап бағанасы 1,3332 мл барға тең болса , онда 1 км. биіктіктегі барометрлік қысым 890 мл. бар болады. Атмосфера қысымының ауытқуы ауа райының өзгеруімен тығыз байланысады. Жоғарғы атмосфера қысымы ашық ауа райына сәйкес келсе, төменгі қысым жауын-шашынды, желді, тұманды күндердің белгісін көрсетеді.

Ауа қысымының шамалы (25 мм. сынап бағанасына дейінгі) өзгеруі мал денсаулығына айтарлықтай әсер тигізбейді. Бірақ ауа қысымының тосыннан жоғарғы мөлшерде ауытқуы өнімі жоғары сиырлардың сүтінің азаюына, ал жылқылардың ішегінің түйілуіне апарып соғады. Жер бетінен жоғарылаған сайын атмосфералық қысым төмендейді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   52




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет