Дәріс №1. (1сағ) Кіріспе. Ветеринариялық гигиенаның пәні және әдістері


Ауадағы механикалық қоспалардың гигиеналық маңызы



бет18/52
Дата02.01.2022
өлшемі199,74 Kb.
#107799
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   52
Байланысты:
гигиена.сабакка керек

13.Ауадағы механикалық қоспалардың гигиеналық маңызы.

Ауада әркез шаң-тозаң, микроорганизмдер, су тамшылары тағы басқа ұсақ түйіршіктер болады да, оларды физикалық – химиялық көз қарастан алғанда аэрозолдар жүйесі деп атап, онда қатты немесе сұйық күйде қалқып жүрген өте ұсақ түйірлерді дисперсиялық фаза, ал оның ауасы – дисперсиялық орта болады.

Аэрозолдар ауада қалқып жүреді де, мөлшеріне байланысты ашық беттерге қонады, оны аэрогель деп айтады. Барлық тропосфера аэрозолдардан (шаң-тозаңдардан) тұрады, әсіресе олар оның ең төменгі (1 км-дей) қабатында көп жиналған.

Ауадағы қалқыған түйіршіктерге екі қарама-қарсы күш әсер етеді: бірі – тартылу күші, төменге қондыратын, екіншісі – үйкеліс күші, бөгет болатын. Неғұрлым тартылу күші бөгет болатын ортаның үйкеліс күшінен жоғары болса, солғұрлым аэрозолдар тез қонады. Сондықтан көптеген аэрозолдар ауаны уақытша ғана ластайды да, оларды шаң-тозаң дейді. Бірақ өте ұсақ түйіршіктер (0,1 мкм) қонақтамай, ылғи қалқып жүреді де ауаның ластану концентрациясын арттырады. Атмосферада шаң-тозаң көбінесе өндірістердің жұмыстарының нәтижесінде, қатты борандарда, торфтар мен ормандар жанғанда пайда болады.

Мал қораларының ауасында шаң-тозаңдар өндіріс жұмыстары кезінде, әсіресе азық тарату, көң шығару, төсеніштер ауыстыру, малдардың қозғалыстары кезінде (пысқыру, жөтелу т.б.) жиналады. Аэрозолдар шығу тегіне байланысты үш түрге бөлінеді – органикалық, минералдық және аралас болады. Минералды аэрозолдар атмосфералық ауада көп болады да, олардың шығу көзі болып топырақ түйірлері, әк, құм т.б. қиыршықтар жатады. Мал қораларының ауасында органикалық аэрозолдар көп кездеседі де, олардың шығу көзі болып өсімдік, азық, төсеніш, көң түйіршіктері, тері, тұяқ, жүн, қауырсын қалдықтары, микроорганизм, саңырауқұлақ, әртүрлі жәндіктердің дене түйіршіктері т.б. жатады. Аэрозолдар өлшемі бойыша ірі, орташа және ұсақ болып үш түрге бөлінеді. Өте ұсақ, қатты аэрозолдар (0,1-0,001 мкм) түтін, тозаң болады да, сұйығы тұман, бұлттар түзеді. Ал аэрозолдардың орта (01-10 мкм) және ірі (10 мкм үлкен) түрлерін шаң деп айтады.

Ауадағы шаң-тозаңның мөлшері көбінесе өндіріс орындарының өнім қалдықтарын өңдеуге, жер құрылымы, ауа райы, оның температурасы мен ылғалдылығы, жел бағыты мен күшіне, объектілердің орналасу тығыздығына т.б. байланысты болады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   52




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет