Дәріс №1. (1сағ) Кіріспе. Ветеринариялық гигиенаның пәні және әдістері


Топырақтың өзідігінен тазалануы және оны санитарлық қорғау



бет25/52
Дата02.01.2022
өлшемі199,74 Kb.
#107799
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   52
Байланысты:
гигиена.сабакка керек

6.Топырақтың өзідігінен тазалануы және оны санитарлық қорғау.

Топырақтың ластануына мыналар себепші болады: қатты және сұйық қоқыс қалдықтары, малдардың нәжістері және олардың өлекселері, өсімдіктердің қалдықтары, тұрмыстық – шаруашылық және өндірістердің кір сулары. Топырақтың органикалық ластауымен қоса оған көптеген микроорганизмдер түседі, оның ішінде адам мен малдарға қауіпті патогенді микробтар мен бірге гельминттер де болады.

Топырақта үнемі органикалық заттардың ыдырап және минералдану процесстері (шіру, өну, нитрификациялану, клечаткалар мен мочевиналардың ыдырауы т.б.) сонымен қоса көптеген патогенді микроорганизмдер мен гельминттердің құрттары мен жұмыртқалары өліп жатады, яғни топырақ өздігінен тазарып тұрады. Топырақтың өздігінен тазарудың басты рөлі ондағы микробтарға байланысты болады.

Топыраққа түскен органикалық күрделі қоспалардың ыдырап, жай заттарға айналуы ондағы микроорганизмін қатысуы мен жүреді. Қоңыздар, жауын құрттары, құмырысқалар т.б. топырақты қопсытып, оның аэрациясын, сіңіргіштік, және жұтқыштық қасиеттерін арттырады, кейбір омыртқасыз жәндіктердің (құрттар) ішінен өтіп, басқа микробтардың ары қарай ыдырауына жеңілдетіледі. Топырақтағы түрлі-түсті микроорганизмдер оған түскен лас органикалық заттарды минералды (жай) заттарға айналдырудың нәтижесінде топырақтың тазалығы артады. Екінші жағынан алып қарағанда, микроорганизмдер өсімдіктерге жарамсыз органикалық күрделі заттарды, көрек болатын минералды заттарға айналдырып, топырақтың құнарлылығын арттырады, топырақтағы минералдану процесстері екі жағдайда өтуі мүмкін: аэробты (оттегілі) және анаэробты (оттегісіз). Аэробты жағдайда заттардың ыдырауы жылу бөлінумен қатар, ақырғы жай тотыққан заттар (көмірқышқыл газы, су, азот және фосфор қышқылдары) бөлінсе, анаэробты кезде (шіру) – тотықпаған (аммиак, күкіртті сутегі) қалдықтар шығады да жағымсыз иісі болады.


Дәріс №8. (1сағ) Ішетін суға санитарлы-гигиеналық талаптар



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   52




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет