Дәріс №1. (1сағ) Кіріспе. Ветеринариялық гигиенаның пәні және әдістері



бет24/52
Дата02.01.2022
өлшемі199,74 Kb.
#107799
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   52
Байланысты:
гигиена.сабакка керек

5.Топыраққа санитарлық баға беру.

Топырақтың санитарлық жағдайы физикалық, химиялық және биологиялық қасиеттерің жиынтығы мен сипатталып, оның қауіпсіздігін эпидемиологиялық, эпизотологиялық және гигиеналық тұрғыдан көрсетіп береді. Осы мақсатпен химиялық, бактериологиялық және гельминтологиялық ізденістер жүргізіледі.

Топырақтың санитарлық жағдайына химиялық көрсеткіші есебінде – санитарлық сан қоладанылады. Топыраққа, белокты заттардың құрамына кіретін, белгілі бір мөлшердегі азоттың болуы шарт. Топыраққа лас заттар түскенде, онда органикалық азоттың мөлшері көбейді де, оның яғни органикалық азоттың топырақтағы белокты азоттары мен қатынасы өзгереді. Неғұрлым топырақтың белокты азоты органикалық азоттан көп болса, соғұрлым топырақ таза болады. Сонымен топырақтың санитарлық саны (с.с) – деп 100 гр. абсолютті құрғақ топырақтағы миллиграммен алғандағы белокты азоттың (гумусты) мөлшерін органикалық азоттың шамасында бөлгендегі қатынас санды айтады (кесте № 19).

Топырақтың бактериалдық ластануының көрсеткіші есебінде ішек таяқшасының (E. Coli) титрі және бір анаэроб бактериясының титрі (B. Perfingens) пайдаланылады. Бұл бактериялар топыраққа нәжіс пен түседі. Анаэробты бактериялар, ішек таяқшасымен салыстырғанда, спор түзгіш қасиеті болғандықтан, топырақта ұзақ сақталады. Егер топырақта ішек таяқшасы болмай, тек анаэробты бактериялар ғана болса, ол топырақтың нәжіспен ластанғанына ұзақ уақыт өткендігін көрсетеді.

Топырақтың санитарлық – гельминтологиялық көрсеткіші болып, 1 кг топырақтағы гельминттердің жұмыртқаларының саны саналады. Ал санитарлық энтомологиялық көрсеткіші есебінде сынама алынған жер бетінің әр 0,25 шаршы метріне шаққанда анықталған шыбындардың личинкалары мен құрт сандарын алады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   52




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет