Дәріс. 1: Әлеуметтік педагогика – білім саласы дәріс жоспары



бет22/44
Дата08.02.2022
өлшемі96,54 Kb.
#118671
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   44
Байланысты:
Дәрістер жиынтығы ӘП
Дәрістер жиынтығы ӘП, 1590813259367 (2), pdf 20230505 143044 0000
Дәріс жоспары:
1.Девиантты мінез-құлықты балалармен жүргізілетін әлеуметтік-педагогикалық қызметтің негізгі бағыттары
2. Девиантты мінез-құлықты балалармен жұмыс жүргізудің концептуалдық келістері
3. Девиантты мінез-құлықты балалармен жұмыс жүргізудегі профилактикалық жұмыстар
4. Девиантты мінез-құлықты балалармен жұмыс жүргізудегі әлеуметтік-педагогикалық реабилитациялау
Девиантты мінез-құлықты балалар санының артуы қоғам алдына әлеуметтік педагогтар даярлау мен әлеуметтік қызмет сапасын арттыру мәселелерін қойды. Сондықтан бүгінгі қоғамда девиантты мінез-құлықты жеткіншектермен жұмыс істеудің профилактикалық (алдын алу) және реабилитациялық технологияларын кеңінен насихаттау және жетілдіру – басты міндет.
Профилактика – жеткіншектердің мінез-құлқында әртүрлі әлеуметтік ауытқулардың сипаттарын қалыптастыратын себептер мен жағдайлардың алдын алуға бағытталған мемлекеттік, қоғамдық, әлеуметтік-медициналық және тәрбиелік-ұйымдастырушылық шаралардың жиынтығы. Әлеуметтік ауытқу әртүрлі себептер мен жағдайларға байланысты болғандықтан, профилактикалық шараларды бірнеше топқа бөлуге болады:
- бейтараптандырушылық;
- теңестірушілік;
- әлеуметтік ауытқушылыққа алып келетін жағдайлардың туындауын ескертушілік;
- келеңсіз жағдайларды жоюшылық;
- профилактикалық жұмыстар мен оның нәтижелерін бақылаушылық.
Профилактикалық шаралардың өтуі жоғары тиімділікті болуы үшін белгілі бір шарттарды ескеру маңызды. Ондай шарттарды ғалымдар мынадай құрамда көрсетеді:
- баланың әлеуметтік ортада, табиғатта өзін қолайсыз сезінуіне әсер етіп тұрған көздерді болдырмау. Сонымен қатар, өмірінде кездескен кедергілер мен қиыншылықтарды өздігінен шешуге қажетті тәжірибені меңгеруіне жағдай туғызу;
- баланың алдына қойған мақсаты мен денсаулығын сақтауға бағытталған жоспарына қол жеткізу үшін көмегі тиетін жаңа дағдыларды үйренуге оқыту;
- әлі пайда болмаған мәселелердің шешімін табуға үйрету және олардың пайда болуының алдын алу.
Әлеуметтік-профилактикалық тұрғыдан келудің негізгі мақсаты әртүрлі негативті құбылыстарды қалыптастыратын себептер мен жағдайларды айқындау, кейіннен жоюды қарастырады.
Әлеуметтік-педагогикалық келіс. Ол девиантты мінез-құлықты баланың тұлғалық қасиеттерін, әсіресе, тұлғаның адамгершіліктік және еріктік қасиеттерін коррекциялау және қайта қалпына келтірумен байланысты сипатталады.
Бірінші кезең - жекелеген еріктік сапалардың мәнін ашу, олардың мысалдарын көрнекілік тұрғысында дұрыс жеткізу;
Екінші кезең - жеткіншектердің еріктік сапалары туралы көзқарастарын қорыту, батырлық пен тәкаппарлық, бірбеткейлік пен қырсықтық, өз бетінше еңбектенуге қабілеттілік пен өзгелер пікіріне деген құрметтің төмендігі түсініктері арасындағы айырмашылықтарды айқындау.
Үшінші кезең - жоспарлы түрде өз кемшілігін іздеу, оны түзетудің жолдарын қарастыру және өзін-өзі тәрбиелеу кезеңі. Бұл кезеңде әлеуметтік педагог жеткіншектің қалыптасуында өзіне дұрыс баға бере білуіне, жеке кемшіліктеріне төзбеу сезімін оятуға көмектесуі тиіс.
Төртінші кезең - өзін-өзі тәрбиелеудің саналы түрдегі жүру процесі, өзін-өзі дәлелдеу мен өзін-өзі дамытуға деген қажеттілігін іске асыру кезеңі.
Девиантты мінез-құлықты балалармен жұмыс жүргізудің келесі түрі –қоғамдағы қалыпты мінез-құлыққа бейімделмеген балаларды әлеуметтік-педагогикалық реабилитациялау. Реабилитацияны кең ауқымды міндеттерді шешуге бағытталған, бала бойында қарапайым дағдыларды қалыптастырудан адамды қоғаммен толық интеграциялауға дейінгі шаралардың жүйесі ретінде қарастыруға болады.
Реабилитация дегеніміз - баланы қоғамдағы белсенді өмірге және қоғамдық пайдалы еңбекке қайтаруды мақсат еткен шаралардың жүйесі деуге болады. Реабилитацияның бірнеше түрлері анықталған. Олар: медициналық, психологиялық, педагогикалық, әлеуметтік-экономикалық, кәсіби және тұрмыстық.
Девиантты мінез-құлықты жеткіншектерді өмірге қайта бейімдеу реабилитациялық орталықтар деп аталатын мамандандырылған мекемелерде жүзеге асырылады. Мұндай мекемелердің негізгі міндеттері мыналар болып табылады:
- балалар мен жеткіншектердің қараусыз қалуының, қаңғыбас және әлеуметтік ортаға бейімделмеген болуының алдын алу;
- ата-аналарының кесірінен немесе экстремалдық жағдайлардың салдарынан қиын өмірлік жағдайларға тап болған (соның ішінде дене жағынан және психикалық тұрғыдан қысым көрген, қауіпті жағдайда өмір сүретіндер және т.б.) балаларға медициналық-психологиялық көмек көрсету;
- қоршаған адамдармен өзара қарым-қатынас жасау дағдысы мен жағымды мінез-құлықтың әлеуметтік тәжірибелерін қалыптастыру;
- ата-аналарының қамқорлығынсыз қалғандар мен өмір сүру жағдайы жоқ балаларға қамқорлық көрсету қызметін орындау;
- тұлғаны дағдарыстық жағдайынан шығаруға мүмкіндік беретін психологиялық және педагогикалық қолдау көрсету;
- отбасына қайта оралу үшін ықпал ету;
- білім алуға, қалыпты дамуға мүмкіндікті қамтамасыз ету;
- алдағы уақытта тұрмыстық және кәсіби орналасуға қамқорлық жасап тұру.
Диагностика кәмелетке толмаған баланың эмоционалдық-танымдық, тұлғалық қасиеттерінің қалыптасуын, әлеуметтік рөлдерінің, кәсіби қызығушылығының даму деңгейлерін анықтауға бағытталған әлеуметтік-педагогикалық зерттеуді көздейді.
Реабилитациялық бағдарлама әрбір бала үшін жеке жасалады, ол құрамында: мақсаты, міндеттері, әдістері, формалары, құралдары мен қызметтің кезеңдері секілді негізгі элементтерді қамтиды. Реабилитациялық бағдарламаның негізгі мақсаты баланың қоғамдағы коммуникативтік дағдыларын жинақтауына көмектесу және адамгершіліктік құндылықтарын коррекциялау мен қалыптастыру болып табылады.
Реабилитациялаудан кейінгі қорғаушылық баланың реабилитациялық орталықтан шыққаннан кейін туындаған кикілжіңдерді коррекциялау мен жүйелі бақылауға алу арқылы отбасымен, достарымен және мектеп ұжымымен үйлесімді қарым-қатынасын қайта қалпына келтіруге көмектесуді көздейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   44




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет