Сабақтың мақсаты:Студенттерді есірткі емес анальгетиктердың және нейролептиктердың, транквилизатор ларға жататын препараттарды мал шаруашылық тәжірибе қолдану және ерекше әсерлерін талкылау.
Керекті құрал-жабдықтар: препараттар- ацитилсалицил қышқылы, парацитамол, аналгин, т.б. аминазин. Термометр, шыны, шприц, мақта, фонендоскоп, вазелин.
Жануарлар: уй қоян.
Сабақтың мазмұны. Дене температурасын орта мыйда орналасқан жолақ дене жылу орталығы басқарады.Бул орталық нерв тармақтары арқылы басқа да мый орталықтармен және шеттегі нервтермен байланысқан. Дене қабынған кезде жылжу орталыға қозады да, әдеттегі қан температурасына оның сезімі азаяды; орталықтан шыққан импульстер симпатикалық невр жүйесініның орталықтарына келіп түсіп нерв талшықтарды қоздырады. Мұның нәтижесінде зат алмасуы ұлғайып, тотығу процестері күшейіп, бұлшық еттері дірілдеп, организмге қор болып сақталады. Осымен бірге жылылық шығару азаяды, терінің қантармырлары тарылып тер шығу азаяды.
Жылылық өндіретін негізгі органдар: скелет бұлшық еттері, бауыр және басқа органдар болып саналады.
Дене қабынып ыстақ көтерілу- организмінің өзінше зыянды әрекеттерге, еңалдымен микробтарға қарсы тұратын қорғагу реакциясы деп санайды. Ыстық көтерілген әрбір жағдайда ыстық басқыш заттарға сүйену міндетті емес. Әдетте оларды организм ұзақ уақыт немесе қалыптан тыс қызғанда ғана тағайындау керек.
Есірткі емес анальгетиктер (ыстақ басқыш) заттар салицил қышқылы , пиразолон, анилин тобына бөлінеді.
Есірткі емес анальгетиктер ыстақ басқыш, ревматизимға қарсы, , аналгезиялық (ауырсынуды бәсендетеді), антисептикалық және паразиттарға қарсы, аздап несеп, өт айдағыш, қантоқтатқыштық, қан сұйытқыш дәрі ретінде әсер етеді.
Салицил қышқыл тұйыңдылыры:
Салицил қышқылың қолданылуы: 1. ыстық басқыш, 2. буын және ревматизмде, 3. жара, оюлы жара, экземаларда, 4. антисептикалық, 5. қанды сұйытқыш, және қан тамырларды кенею ретінде.
Препарттары: Натрий салицилат, салипирин, салицил қышқылы, метилсалицилат, салициламид, ацетилсалицил қышқылы, фенилсалицилат.
Пиразолон тұйындылары.
Пиразолон тұйындылары: ыстық басқыш, аналгезиялық әлсіз антисептикалық, ревматизимға, өт айдағыш және қантоқтатқыштық әсері болады.
Препараттары: антипирин, ацетанилид, амидопирин, анальгин, бутадион,
Анилин тұйындылары.
Анилин тұйындылары: ыстық басқыш, аналгезиялық, қабынуға қарсы әсері болады.
Препараттары: антифебрин, фенацетин, парацетамол.
Орталық нерв жүйесінін тыныштатқыш заттар.
Бұл топқа орталық нерв жүйесіна ұйықтатқыштар мен тыныштатқыш заттар жатады.
1. Бромидтар (бром иондары) аса қозған мыйдың қабығын қалпына келтіреді, сөйтіп олар қозу және тежелу процестерін тендестіреді.
Бромидтарды мына жағдайларда қолданылады: 1) орталық нерв жүйесінін қозған жағдайда 2) эпилепсия, эклапсия, столбняк болғанда 3) жыныстық қозу күшті болған жағдайда. 4) ішек, қан тамырларың бұлшық еттерің жиырлуың төмендетеді 5) рефлекс қозуың төмендетеді.
Препараттары: калий бромид, натрий бромид, бромкамфора, валериана тамырлары, валокормид.
2. Нейролептиктер
Нейролептиктер тыныштатқыш заттарға жатады. Нейролептиктер орталық нерв жүйесін жабықтырады, ең алдымен мыйға келетін рефлекстік сезім әлсіретеді, бұлшық еттері босайды.
Нейролептиктер мына жағдайларда қолданылады: оперицияға пациенты дайындағанда, вагонға және машинаға айдағанда, алыс жолға дайындағанда.
Препараттары: аминазин, пропазин, этаперазин, трифтазин, метазин, ромпун.
3. Транквилизаторлар
Транквилизаторлар және атарактиктер- тыныштатқыш заттар жатады.
Транквилизаторлар мына жағдайларда қолданылады: оперицияға пациенты дайындағанда, вагонға және машинаға айдағанда, алыс жолға дайындағанда.
Препараттары: мепротан, амизил.