Витамин - Спрепараты (аскарбинқышқылы)- Acidumascorbinicum. Бұл қырғұлаққа қарсы әсер ететін суда ерігіш витамин. Оның мал азығында немесе адам тамағында аз не жоқ болуы қырғұлақ ауруына ұшыратады. Витамин –С көк шөпте, пішенде, сүрленген шөпте, жемістамырлы өсімдіктерде, помидорда, итмұрында, қарақатта, қарағай және шырша қалқандарында, жас етте, капустада, т.б. болады. Бұл витамин тұрақсыз тамақты пісіргенде жоғалады.
Витамин Д препараттары (рахитке-мешелге қарсы витамин). Витамин Д (кальциферол)-майда ериді, суда ерімейді. Азықта оның жоқ болуы организмнің кальцийді және фосфорды сіңіруін бұзуға, сүйек тканьдарының қатаюына әкеп соғады: төлде жиі кездесетін рахитке ұқсас ауру болады. Витамин Д қандағы кальций мен фосфордың процентін көбейтеді және олардың ішек арқылы сіңіп, сүйекке жыйналуына көрсетеді. Ол эргостеролдың туындысы. Эргостеролды ультрофиолеттеу (өтекүлгін сәуле кварц шамымен) оны әсерлі, сіңгіш етеді. Витамин Д күнде кепкен пішінде, тресканың майында (балық майында), сүтте, капустада, т.б. болады.
Препараттары. Балық майы-OleumiecorisAselli. Витамин Д-ның басты препараты, треска балығының бауыр майынан алынады, онда витамин Д-дан басқа, жоғарыда көрсетілгендей витамин А-да бар. Бұл, сарғыштау, мөлдір, өзіне тән иісі бар май. Организмде балық майы тез сабынданып, сіңеді.
Витаминол- Vitaminolum. Вигантолдың бір түрі, Витамин Д-ның концентрацияланған ерітіндісі. Төл рахит болғанда ішке қолданылады.
Достарыңызбен бөлісу: |