Витамин - В ның препараттары. Витамин – В деп бір витаминді ғана емес, бүтін комплексті түсіну керек, оның құрамына онбір компонент кіреді, оларды В1 В2 т.с. әріптермен белгілейді, бұлардың бәріде суда ериді және өсімдік азықта, негізінен астық тұқымдас азықтың дән қабығында (бидайдың, күріштің, арпаның, сұлының т.б) ашытқыда, баданада, капустада, картопта, помидорда жеткілікті мөлшерде болады.
Витамин В1яғни тиамин, көмір сутегі белок және май алмасу үшін, жүректің бірқалыпты жұмыс істеуі үшін, нерв системасын қоздыру процесы үшін, сүт бірқалыпты шығу ішін қажет.
Витамин В2 (рибофлабин) Ribovlavinum. Сарғыштау келген ұнтақ кристалл, жарықтың және сілтінің әсерінен бұзылады.
Витамин В6 (пиридоксин) Piridoxynum. Кристалл дәрі. Жоғарғы температураға және оттегіне берік келеді, өте күлгін сәуледен тез бұзылады.
Пиридоксин дәнді ұрықта, бауырда және ашытқыда көп болады.
Никотин қышқылы (пеллагреге қарсы РР факторы)-Acidumnicotinicum. Ақ кристалл ұнтақ, суық суда 1:70 бөлікте, ыстық суда 1:15 бөлікте ериді, спирт пен эфирде жақсы ериды.
Натрий никотины-Natriumnicotinicum. Никотин қышқылы сыяқты қолданылады жанама әсері жоқ. Натрий никотинының 1% ерітіндісін дайындау үшін 0,86 никотин қышқылын алып белгі салынған ыдыстың (100 мл дейінгі) түбіне себеді, аз мөлшерде су қосып ерітеді, содан кейін сол жерде 0,53 натрий карбонатын қосып, белгіленген жерге дейін су құйады.
Достарыңызбен бөлісу: |