Тақырыбы: « Сульфаниламид препараттары ». Сабақтың мақсаты:Студенттерді тітіркендіргіш, жансыздаргыш анестезия, жұмсартқыш, шырышты, адсорбтағыш заттарға жататын препараттарды мал шаруашылық тәжірибе қолдану және ерекше әсерлерін талкылау.
Керекті құрал-жабдықтар: препараттар- 0,5%- 0,25% новокаин, танин, белок, сут, ативты көмір т.б. Термометр, шыны, шприц, мақта, фонендоскоп, вазелин.
Жануарлар: уй қоян.
Тітіркендіргіш заттар әсер етуіне қарай: тек қана қызартатын (rubefacientia) және қолданғаннан кейін қабынуды күшейтетін, кейде күлбірететін және тіпті іріндететін заттар болып бөлінеді.
Сабақтың мазмұны.
Сульфаниламидтер
Сульфаниламидтер – сульфамил қышқылының шыққан заттар. Микробты қоршаған ортадан оның тіршілігіне қажетті заттарды (белоктерді, витаминдерді т.с.) ығыстырып шығаруының арқасында ол бактериостатикалық әсер етеді. Сөйтіп сульфаниламидтер микробтардың ашығуына соқтырады; мұнымен олар микробтардың өсіп көбеюін тоқтады, организмге инфекциямен күресуге көмектеседі.
Бірақ бұл микробтар өздеріне қолайлы ортаға түссе, яғни сульфаниламидтер жоқ болса, қайтадан өсіп көбейе алады. Сондықтан сульфанилаидті препаратты қанда ұзақ уақыт болатындай етіп беру қажет. Олардың қанда, орта есеппен, 3-4 сағаттай болатыны анықталған. Тіпті аурудың клиникалық белгілері тоқтаған күннің өзінде де оларды бірнеше күн бойы 3-4 сағат сайын беріп отыру қажет. Бұл – организм нығайып алып, кейін ауру қоздырғышын өзі жеңіп шығуы үшін қажет.
Новокаин, ортоформ, пептон, парааминобензой қышқылы және оның туындылары қосылса, сульфаниламидтің дарымдылығы кемиді немесе мүлде тоқтап қалады. Мұның өте-мөте зор маңызы бар; мысалы сульфаниламидтерді новокаинмен, ортоформмен бірге қолдануға болмайды, ал оларды жараға қолданғанда, жара іріңнен мұқият тазартылған болуы керек.
Сульфаниламидті препараттар қанға тез сіңеді, бірақ қанға көп тұрақтамайды. Олар негізінде бүйрек арқылы, аздап сілекей және тер бездері арқылы, бронх бездерінің сөлімен, өтпен, сүтпен сыртқа шығарылады. Ішкізгеннен кейін 30 минутта-ақ олар несептен табылады. Олай болса, сульфаниламидті препараттарды несеп жолдарын дезинфекциялау үшін пайдалануға болады.
Бұлардың кейбіреулерінің (көбінесе сульфидиннің) ацетилденуі мүмкін болғандықтан, бүйректе ацетилді тастары, сіркесу қышқылының тұздары мен бүйрек құмы пайда болуы мүмкін. Сондықтан сульфаниламидті препараттар берілгенде жануарға суды көбірек ішкізген жөн.
Қызыл стрептоцид – Streptocidum rubrum. Мұның екі түрі болады: суға ерімейтін (суға ең көп дегенде ¼ процентке дейін ериді) стрептоцид- Streptocidum rubrum (кірпіш түссті қызыл ұнтақ) және 25 процентке дейін еритін стрептоцид - Streptocidum rubrum solubite (қызыл-қоңыр ұнтақ).
Олар күшті бактериостатикалық, көбіне стрептококкілерге әсер етеді. Біріншісі ішке де, сыртқа да қолданылады, ал екіншісі көбінесе әртүрлі стрептококілі ауруларда (тілме, туудан кейінгі сепсис, пиэлит, фарингит, трахейт, ангина, жылқының сақауы) шаншып жіберіу үшін қолданылады.
Организмде қызыл стрептоцидтің біразы ақ стрептоцидке айналады, біразы сол күйінде қалады; сыртқа негізінде несеппен бірге шығарылады.
Ақ стрептоцид – Streptocidum album. Қызыл стрпетоцидтің құрамына кіретін зат. Ол – ұсақ кристалды ұнтақ, иісі болмайды, суға 0,8 процентке дейін ериді. Ол әртүрлі коккілерге: стрептококкіге, стафилококкіге, гонококкіге, менингоккокіге, пневмококкіге таңдап, бактериостатикалық әсер етеді.
Стрептоцид сырттан ұнтақ және сүртпемай түрінде, ішке – ұнтақ, болюс, түрінде, венаға – ертінді түрінде қолданылады.
Дисульфан - Disulfanum. Ол химиялық құрылысы жағынан сульфанил-сульфаниламид болады. Ақ немесе сары, ұсақ кристалды ұнтақ. Суға ерімейді.
Дисульфан стрептококкілердің, стафиоакоккілердің, энтерококкілердің, гонококкілердің және әсіресе дизентерия бактерияларының өсіп көбеюін тоқтады. Дисульфанның қолданылып жүрген дозалары қосалқы және улы әсер етпейді дерлік. Дисульфанның дозасы- жануарлардың тірілей салмағының 1 килограмына 0,05 –0,1.
Сульфадиазин – Sulfadiazinum. Сульфаниламид пен пирамидиннің қосылысы. Ол –ақ ұнтақ, жарық түскенде сарғайып кетеді. Спиртке, сілтілер мен сұйытылған минерал қышқылдарының ертінділеріне ериді.
Сульфадиазиннің басқа сульфаниламидті препараттардан айырмашылығы – тканьдерде ұзақ тұрақтайды. Сондықтан ол ұзақ резорбивті әсер ету мақсатымен қолданылады.
Сульфатиазол, яғни норсульфазол – Sulfathiazolum s. Norsulfazolum. Ақ кристалды ұнтақ, қышқылдар мен сілтілерге жақсы ериді; суға өте нашар (1: 2000) ериді. Сульфатиозолдың еритін және ерімейтін түрлері болады. Еритін препараты – натрий тұзы. Сульфатиозолды организм тканьдері ұзақ уақыт ұстап тұрады (4 сағаттан 12 сағатқа дейін), сондықтан ол күніне 2 рет беріледі.
Сульфатиазол пневмония мен ішек ауруларында, сондай-ақ менингоккілер, стафилакоккілер, стрепкоккілер туғызатын аурулардың барлығында қолданылады.
№ 13 МЕТОДИКАЛЫҚ НҰСҚАУ.
Достарыңызбен бөлісу: |