Микробтар ашылған соң олардың кейбіреулерінің екінші бір микробтардың өсіп көбеюіне кедергі жасайтыны анықталды (anti – қарсы, bios – өмір). Мечников, Пастер, Гамалея өткен ғасырдың аяғында-ақ мұндай қарсылықты (антонизмді) ауру тудырғыш микробтармен күресу ісінде пайдалануға болатындығын көрсеткен болатын.
Бұдан кейін де осындай мәліметтерді біз А.Г. Полотебновтың, П.В. Лебединскийдің, М.Г. Тартаковскийдің айтқандарынан да көреміз. 1898 жылы тағы біздің отандасымыз Буковский дүние жүзінде тұңғыш рет көпіріңкі таяқшадан (бацилладан) дарымды зат шығарып алды, оны Буковский пиоцианза деп атады, бұдан бір жыл кейін (1899) Эммерих пен Лев Буковскийдің ашқанын қуаттап берді.
Алайда, бұл жұмыстарға қарамастан, таза пенициллин бізде, ССРО-да да, шетелде де үстіміздегі ғасырдың қырқыншы жылдарында ғана шығарылды. Атап айтқанда ССРО-да 1942 жылы пенициллинді Ермольева шығарды.
Пенициллин – Penicillinum. Бұл - Penicillinum crustosum (орыс пенициллині – крустозин) және Penicillinum notatum (ағылшын пенициллині) дейтін көкшірік грибоктің тіршілік әрекетінің өнімі.
Пенициллиннің сұйығы және құрғағы болады; сұйығының тазартылмағаны және тарзартылғаны болуы мүмкін, ал құрғағы – тазартылған препарат. Пенициллин не ампулаға немесе арнаулы шишаға құйылып шығарылады.
Грамицидин – Gramicidinum. Bas. brevis дейін топырақ микробының тіршілік әрекетінен шығатын өнім. Біздің отандық препарат грамицидин С деп аталады, ол ақ кристалды белоктік зат, оны жасап шығарған Гаузе мен Бражникова (1942).
Грамицидин С грам-оң және грам-теріс микробтардың: стрептококкілердің, стафиоакоккілердің, анаэробты инфекция қоздырғыштарының т.б. өсіп, көбеюін тоқтатады.
Стрептомицин – Streptomycinum. Топырақтың жұлдызы грибогінің [Actinomyces (Streptomyces) grisrus] екі штаммысымен құрылады. Мұны тұңғыш рет шығарған Красильников (1934). Стрептомицинді грибок қоректі ортаға негіз түрінде шығарады.