Сабындар майға күйдіргіш сілтілермен – натрийдық және калийлі сілтілермен әсер ету арқылы (қыздыра отырып) жасалады. Майлар глицерин мен май қышқылдарына бөлінеді, соңғылар май қышқылының тұздарына, яғни сабындарға айналады. Осыған сәйкес натрийдық (қатты) және калийлі (сұйық) сабындар болады. Бұдан басқа, бейтарап, сілтілі және майлы сабындар болады.
Мал дәрігерлігінде көбінесе сұйық, калийлі сабын қолданылады. Сабын неғұрлым жақсы езілетін болса, соғұрлым оның жуу қабілеті күшті келеді.
Официналды сабындар: медициналық сабын – Sapo medicatus және көк сабын - Sapo viridis.
Медициналық сабын - Sapo medicatus. Сарғыш не ақ түсті ұнтақ, иісі жоқтың қасында. Су мен спиртке ериді, мұнда мөлдір не соған жуық, көпірген ертінді құралады. Фармакопеяның 8-басылуына сәйкес, медициналық сабынның химиялық құрамы мынадай: 130 бөлегі күйдіргіш натрийдің ертіндісі, әрбір 50 бөлектен тазартылған шошқа майы мен күнбағыс майы, 12 бөлегі спирт, 40 бөлегі натрий хлориды, 5 бөлегі натрий карбонаты, 250 бөлегі су.
Көк сабын - Sapo viridis. Бұл өсімдік – майларын калийлі сілтімен өңдегенде шығады. Түсі қоспа заттарға байланысты жасыл, қара немесе сұр болады, консистенциясы жұмсақ келеді. Спирттің 4 бөлегіне, суық судың 4 бөлегіне, ыссы судың 2 бөлегіне ериді. Көк сабын майларды сабындайды және тканьнің эпидермиясін жұмсартады.
Калий пермаганаты (марганец қышқылды калий). Kaliumhypermanganicum. Қаракүлгін немесе қырмызы қара түсті, аздап металша жылтырап тұратын, дәмі тұтқыр кристалдар, суға 6-7% мөлшерінде ериді, ертінділерінің қышқылдығы әртүрлі кұлгін немесе қырмызы болып келеді.
Әлсіз ертінділері – бактерицидтік, орташалары, бұдан басқа тұтқырлық және күшті ертінділері – тітіркендіргіш, күйдіргіш, қан тоқтатқыш әсер етеді.
Калий пермаганаты әсерінің қандайы болса да тканьде органикалық заттар аз болған жағдайда күштірек келеді, органикалық заттар болса, оның күші бәсеңдейді, мұның мәнісі – бөлініп шыққан бос оттегі осы заттардың тотығуына жұмсалады.
Жалбыздың жапырақтары - FoliaSalviae. Бұл шала бұта Salvia өсімдігінің жапырақтары, құрамында таннин, эфирлі май және бір ащы зат кездеседі. Олар тұндырма формасында стоматит (ауыз кілегей қабығының қабынуы), форингит (жұтқыншақтық қабынуы), тышқақ ауруларына қарсы тұтқыр ретінде және булау формасында сыртқа қолданылады.
Аңыздың көгентамыры – RhizomaBistortae. Құрамында 15-20 % таннин, крахмал, глюкоза кездеседі. тұтқыр ретінде сыртқа 1:5 – 1: 10 қайнатынды формасында, ішке –қайнатынды, спирт тұнбасы (TincturaBistortae), сұйық сығынды (ExtractumBistortaefluidum) формасында тышқақа тигенде, ауыздың кілегей қабығы қабынғанда т.б. жағдайларда қолданылады.
15 МЕТОДИКАЛЫҚ НҰСҚАУ.
Достарыңызбен бөлісу: |