Дәріс №1 Тақырыбы: Жұқпалы аурулар туралы жалпы түсінік. Инфекциялық қызмет құрылымы. Жұқпалы аурулардың диагностикасы және емі, алдын алу принциптері. Жұқпалы ауруханасының құрылымы, жұмыс тәртібі, науқастарды ауруханаға жатқызу тәртібі


Емханадағы жұқпалы аурулар кабинетінің жұмысы



бет8/61
Дата04.10.2023
өлшемі152,04 Kb.
#183681
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   61
Байланысты:
дәріс кешені (аудитория)ЛД,жұқпалы аурулар,20212022ж
ПРАКТИКА, Силл Геология 2020-2021, ОШ СОР Информатика ЕМН 11 класс каз, 2 дәріс, жуқпалы аурулар туралы жалпы түсінік
Емханадағы жұқпалы аурулар кабинетінің жұмысы.
Жұқпалы аурулар кабинеті (ЖАК) емхананың бөлімі болып табылады. Оның негізгі міндеті- жұқпалы ауруларды ерте анықтау, емдеу бойынша мамандырылған кеңестік жұмысты қамтамассыз ету, ұйымдастыру-әдістемелік жұмыс.
Негізгі мақсаттары:

  • Науқастарға емханада және үйде кеңес беру,оларды емдеу және эпидемияға қарсы шараларды ұйымдастыру

  • Жұқпалы ауруларды амбулаториялық жағдайда зерттеу және емдеу, қажет болған жағдайда ауруханаға жолдау

  • Жұқпалы ауру реконвалесценттердің емін жалғастыру бойынша жалпы тәжірибелік дәрігерлеріне кеңестік көмек көрсету

  • Реконвалесценттерге және бактериятасымалдаушыларға бақылау

  • Ауруханадан шыққан науқастарға реабилитация шараларын жүргізу

  • Жұқпалы ауруларды алдын алу бойынша ағарту жұмысы

ЖАК мейірбикесі дәрігерге мамандырылған медициналық көмекті көрметуге атсалысады. Зертханалық зерттеуге иатериал жинайды. Емдік тағайындыларды орындайды. Науқастың туыстарын күту және эпидемияға қарсы шаралар өткізу ережелерін үйретеді. Ошақта ағымды дезинфекция өткізеді. ЖАК мейірбикесі дәрігер-инфекционист басқаруымен жұмыс істейді.
Диспансеризация.
Аурулардың дамуын және таралуын алдын алуға, адамның енбекке жарамдылығын қалыптастыруға және оның белсенді өмірлік кезеңін ұзартуға бағытталған шаралар комплексі. Диспансеризациның негізгі мақсаты- халықтың денсаулығын жақсарту, өмірін ұзатру, енбекке жарамдылыған сақтау. Бұл мақсатқа ауруларды ерте анықтау және емдеу, аурудың пайда болу және таралу себептерін анықтау және жою, санитарлы-гигиеналық, профилактикалық әлеуметтік шараларды өткізу жолымен жетеді.
Жұқпалы аурулар реконвалесценттерінің диспансерлік бақылауы бекітілген нормативті құжаттарға сәйкес жүзеге асырылады, ЖАК дәрігерінің және жалпы тәжірибелік дәрігерлерінің бақалауында болады. Науқасқа диспансерлік бақылау мерзімі, дәрігердің тексеру жиілігі, лабораториялық және басқа тексерулер, қажет болған жағдайда басқа мамандардың кеңесі белгіленеді. Сонымен қатар, емдік- сауғу, реабилитациялық шаралар, қосымша патологияны анықтау, емдеу жүргізіледі. Науқас өмірінің сапасын жақсартуға бағытталған диета бойынша ұсыныстар береді, физиотерапия , емдік дене шынықтығу және санаторлы-курорттық ем туралы сұрақтарды шешеді. Науқастың енбек және демалыс тәртібі туралы, уақытша енбекке жарамсыздық сараптамасы туралы сұрақтарды шешеді. Тағам өндірісінде жұмыс істеітін адамдарда бактериятасымалдаушылық анықталған жағдайда эпидемиологпен бірге олардың басқа жұмысқа ауыстырылуы туралы мәселені шешеді.
Реабилитация.
Науқастың ауру әсерінен бұзылған денсаулығын және енбекке жарамсыздылығын тез және толық қалыптастыруға бағытталған медициналық және әлеуметтік-экономикалық шаралар жүйесі.
Жұқпалы аурулармен ауырған науқастардың реабилитациясы ең алдымен организм тіршілігін демеуге және науқастың жаңа жағдайларға , қоршаған ортаға, сонымен қатар әлеуметтік факторларға үйренуін жақсартуға бағытталған. Бұл шараларды аурудың өршу кезеңінде немесе ерте реконвалесценсия кезеңінде бастау керек. Ауруханадан шыққан соң науқастар реабилитациялық орталыққа, санаторияларға, емханалардағы ЖАК-ке жолданады. Реабилитация комплексті түрде жүреді. Негізгі емдік- қалыптастыру шаралары – тәртіп, емдік диета, емдік дене шынықтыру, физиоем, психотерапия. Дәрілік заттар- ноотропты препараттар, адаптогендер, поливитаминдер. Тағайындалу аурудың нозологиялық түріне сәйкес жүргізіледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   61




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет