Дәріс №14 тақырыбы: Асқорыту жүйесінің бөліктері. Асқорыту түтігінің құрылысы. Тістің құрылысы. Сүт тістер және тұрақты тістер. Тілдің қызметі мен құрылысы. Пирогов-Вальдейер лимфоидты сақинасы Ішкі ағзалар



бет45/88
Дата22.01.2023
өлшемі152,77 Kb.
#166093
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   88
Байланысты:
Д ріс №14 та ырыбы Ас орыту ж йесіні б ліктері. Ас орыту т тіг
f5fe56d99b49fa0
Қолдың терең веналары- әр аттас артериялардың қасында екіден қосарлана жүреді, сонда екуден иық, шынтақ, кәрі жілік, сүйек аралық веналар болады. Екі иық венасы үлкен кеуде бұлшық етінің төменгі жиегінде бір-бірімен қосылып, қолтық венасын түзеді. Ол қолтық шұңқырында қолтық артериясын жауып жатады. Ол бұғананың астынан өтіп, одан әрі бұғана асты венасына жалғасады.
Сыңар және жартылай сыңар веналар
Сыңар вена,v.azygos және жартылай сыңар вена,v.hemiazygos- іш қуысында бел веналарынан байланыстыратын өрлеме бел веналарынан түзіледі. Олар көкет аяқшалары бұлшық ет шоғырлары арасында кеуде қуысына өтеді.Сыңар вена кеуде қуысында өңештің артқы қабырғасына тығыз жанасып, омыртқа бағанасының оң бүйір жағымен жоғары көтеріледі, ол 4-ші немесе 5-ші омыртқа деңгейінде омыртқа бағанасынан ажырап оң жақ өкпе түбірінен асып, жоғарғы қуыс венаға құяды. Сыңар венаға 9 оң жақ қабырғааралық вена және омыртқалық өрімдердің веналары құяды.
Тұлға қабырғаларының веналары
Артқы қабырғааралық веналар. Қабырға аралықтарында әр аттас артерияға екі вена қосарлана жүреді . Қабырғааралық веналар сыңар және жартылай сыңар веналарға құяды.
Кеуденің ішкі венасы –аттас артерияға қосарлана жүріп,өз жағындағы иық- бас сабауына құяды.
Төменгі қуыс вена, v.cava inferior-денедегі ең ірі сабау, іш қуысында қолқамен қатар оның оң жағында жатады. Ол IV-ші бел омыртқа тұсында оң және сол жақ мықын веналарының қосылуынан пайда болады, жоғарылаған сайын ол қолқадан алыстай береді. Төмегі қуыс вена 12-елі ішектің, ұйқы безі басының артынан жоғары көтеріліп, шарбы түбінде бауырдың аттас жүлгесінде орналасады,осы жерде оған бауыр веналары құяды, кейін жоғары көтеріліп көкеттің аттас тесігі арқылы кеуде қуысына өтіп, бірден оң жүрекшеге құяды. Тікелей төменгі қуыс венаға құятын салалар қолқаның жұп тармақтарына сәйкес келеді(бауыр веналарынан басқалары). Олар 2 топқа бөлінеді: 1) Қабырғақасылық веналар;2) Ішкі ағзалар веналары.
1.Қабырғақасылық:1) Оң және сол жақ бел веналары-әр жағынан 4-ден, аттас артерияларға сәйкес келеді, олар қанды омыртқа жотасынан, арқа терісі мен бұлшық еттерінен жинайды;2) Төменгі көкет веналары- қанды көкеттің төменгі бетінен жинайды.
2.Ішкі ағзалар веналары:1) Атабез веналары- ерлерде атабезде басталып, аттас артерияларды өрім түрінде шырмап алады. Оң жағы тікелей төменгі қуыс венаға, сол жағы сол жақ буйрек веналарына құяды.2) Бүйрек веналары- аттас артериялардың алдында оларды түгел жауып алады.3)Оң жақ бүйрек үсті безінің венасы-қанды бүйрек үсті безінен жинайды.4) Бауыр веналары –бауырдың артқы бетімен өтетін жерде төменгі қуыс венаға құяды. Бауыр веналары қанды бауырдан әкетеді,ал бауырға қанды қақпа веналары мен бауыр артериялары әкеледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   88




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет