Дәріс Дәрістің тақырыбы: Кіріспе


Шартты рефлекстердің түзілуі



бет10/48
Дата23.09.2022
өлшемі250,7 Kb.
#150471
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   48
Байланысты:
ОФД,Лекция жинағы, 2022ж.
Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Педагогикалық Университеті 11-2, Оспанова Арайлым Питон, 572221.pptx, анар биохим, 15 дәріс, 027-1, 1590487531j7xn7
Шартты рефлекстердің түзілуі. Олардың түзілуі үшін мынадай жағдайлар қажет: 1) индифферентті (келешектегі шартты) тітіркендіргіш шартсыз тітіркендіргіштен бұрын әсер етуі тиіс (қорғану қимыл рефлексі үшін ең аз уақыт айырмашылығы 0,1 секундқа тең). Бұдан өзгеше реттілікте рефлекс қалыптаспайды немесе өте әлсіз болады да, тез сөнеді; 2) шартты тітіркендіргіштің әсер етуі белгілі бір уақыт бойы шартсыз тітіркендіргіштің әсер етуімен ұштасуы тиіс, яғни шартты тітіркендіргіш шарттсыз тітіркендіргішпен бекітіледі. Тітіркендіргіштердің осылайша ұштаса әсер етуін әлденеше рет қайталау керек.
Сонымен қатар үлкен ми сыңарлары қыртысының қалыпты функциясы организмде ауру процестері мен бөгде тітіркендіргіштердің болмауы шартты рефлекс қалыптастырудағы міндетті шарт болып табылады. Олай болмаған жағдайда, қалыптастырылатын және бекітіле түсетін рефлекстен басқа, бағдарлау немесе ішкі мүшелер (ішек, қуық және т.б.) рефлексі де пайда болады.
Шартты рефлекс түзілу механизмі. Әсер етуші шартты тітіркендіргіш әрқашан ми қыртысының тиісті аймағында әлсіз қозу ошағын туғызады. Бұған қосымша (1 – 5 секундтан соң) әсер ететін шартсыз тітіркендіргіш тиісті қыртыс асты ядроларында және үлкен ми сыңарлары қыртысының учаскесінде едәуір күшті қозу ошағын туғызады, бұл ошақ алғашқы едәуір әлсіз (шартты) тітіркендіргіштің импульстерін өзіне тартады. Осының нәтижесінде үлкен ми сыңарлары қыртысындағы екі қозу ошағының арасында уақытша байланыс орнайды. Әрбір қайталанған, яғни бекітілген сайын бұл байланыс берік бола түседі. Шартты тітіркендіргіш шартты рефлекс сигналына айналады.
Балаларда намесе ересектерде шартты рефлекс қалыптастыру үшін сөзбен бекітілетін секторлық, жыпылықтау немесе қимыл методикасын, жануарларда тамақпен бекітілетін секреторлық және қимыл методикасын пайдаланады. Мысалы, итте сілекей бөліну методикасы бойынша рефлекс қалыптастыру, яғни шартсыз тітіркендіргіш тамақпен бекітілетін жарық тітіркендіргішіне сілекей бөлу керек. Алдымен шам жанады, ит оған басын, құлағын бұрып, бағдарлау әсерін білдіріп, жауап береді. И.П.Павлов мұндай әсерді «бұл не?» рефлексі деп атады. Осыдан кейін тамақ беріледі – шартсыз тітіркендіргіш (бекіту). Осылайша бірнеше рет қайталайды. Бұл жағдайда бағдарлау әсері барған сайын сиреп, соңынан мүлде жойылады. Екі қозу ошағынан (бірі – көру аймағында, екіншісі – тағам орталығында) ми қыртысында келетін импульстерге жауап ретінде бұл ошақтар арасындағы уақытша байланыс нығая түседі. Осының нәтижесінде итте бекітілмесе де, жарық тітіркендіргішіне сілекей бөлінеді. Бұл ми қыртысында әлсіз импульстің күшті импульс жағына қарай орын ауыстыруынан болады. Ми қыртысы төменгі орталықтардан өзгеше, бұрынғы тітіркенулерді барынша жинақтап, олардың ізін жандандыра алады. Екі ошақ та біртұтас жүйе ретінде қызмет атқара бастайды. Жаңадан қалыптасқан рефлекс (оның доғасы) өткен қозуды жаңғырта алады, яғни оның шартты рефлексті жүзеге асыру қабілеті болады.
Түзілген уақытша байланыс импульстердің көру аймағынан тамақ орталығына, ал одан эфферентті талшықтар арқылы сілекей бөліну орталығы мен сілекей бездеріне өтуіне мүмкіндік туғызады да сілекей бөле бастайды. Бұл қолданылған тітіркендіргіш арқылы қалыптасқан қолда бар шартты рефлекс.
Алайда қолда бар тітіркендіргіш импульстері қалдырған із де шартты рефлекс үшін сигнал бола алады. Мысалы, егер сол шартты тітіркендіргішпен 10 секунд әсер етіп, ол тоқтатылғаннан 1 минуттан кейін тамақ берсе, онда жарықтың өзі сілекейдің шартты рефлекторлы жолмен бөлінуін туғызбайды, бірақ ол тоқтағаннан бірнеше секундтан соң шартты рефлекс пайда болады. Мұндай рефлексті із рефлексі деп атайды.
Шартты рефлекстерді классификациялау (жіктеу). Қандай методика бойынша қалыптастырылатынына қарай шартты рефлекстер секреторлық, қимыл қан-тамыр рефлекстері, ішкі мүшелердегі өзгеріс рефлекстері және т.с.с. болып бөлінеді.
Шартты тітіркендіргішті шартсыз тітіркендіргішпен бекіту арқылы қалыптастырылған рефлексті бірінші қатардың шартты рефлексі деп атайды. Оның негізінде жаңа рефлекс қалыптастыруға болады. Мысалы, жарық сигналын азықтандырумен үштастыру арқылы итте берік сілекей бөліну шартты рефлексі қалыптастырылған. Егер жарық жарық сигналынан бұрын қонырау соғылса, мұндай ұштастыруды бірнеше рет қайталаудан кейін итте дыбыс сигналына сілекей бөліне бастайды.
Бұл шартсыз тітіркендіргішпен емес, бірінші қатардың шартты рефлексімен бекітілетін екінші қатардың рефлексі немесе екінші рефлекс болып табылады.
Екінші қатардың шартты тағам рефлексінің негізінде итте басқа қатардың шартты рефлекстерін қалыптастыруға болмайтынын практика көрсетті. Бірінші қатардың шартты рефлексі қорғану рефлексінің негізінде түзілген жағдайда ғана үшінші қатардың рефлексі түзілуі мүмкін, мысалы, терінің немесе кілегейлі қабықшаның тітіркенуі. Бірақ бұл жағдайда да үшінші қатардың рефлексін ғана қалыптастыруға болады, ал төртінші қатардың рефлексін әзірге қалыптастыру мүмкіндігі жоқ. Балаларда алтыншы қатардың шартты рефлексін қалыптастыру сәті түсті.
Жоғары қатардың шартты рефлекстерін қалыптастыру үшін жаңа индифферентті тітіркендіргіш бұған дейін қалыптастырылған рефлекстің шартты тітіркендіргіші әсер ете бастаудан 10-15 с. бұрын әсер етуі қажет. Егер тітіркендіргіш едәуір жақын аралықта немесе бірге әсер етсе, жаңа рефлекс пайда болмайды, ал бұрын қалыптасқан рефлекс сөнеді, өйткені ми қыртысында тежелу болады.
Бірге әсер ететін тітіркендіргіштерді әлденше рет қайталап қолдану немесе бір тітіркнедіргіштерді әлденеше рет қайталап қолдану немесе бір тітіркендіргіштің екіншісіне әсер ету уақытын едәуір ұзарту комплекстік тітіркендіргішке рефлекс пайда болуына мүмкіндік береді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   48




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет