10-тақырып. Педагогикалық қарым-қатынас шығармашылық процесс ретінде.
Еліміз егемендігін алғаннан бері бұрыннан қалыптасқан білім беру жүйесі терең өзгерістерге ұшырауда. Педагогикалық үрдістің сапалы болуына көңіл бөлініп отыр. Солардың бірі – педагогикалық үрдістегі мұғалім мен оқушының қарым-қатынасы.
Қарым-қатынас – мұғалім, тәрбиеші, тренер, студия жетекшілерінің бөлінбейтін элементі, негізі. Сабақ, үйірмелердегі, спорт залдарындағы, шеберханалардағы сабақтар, мейрамдар, саяхат, емтихандар, ата-аналар жиналысы, педагогикалық кеңестер – мұның бәрі қарым-қатынас, оқушылармен, әріптестерімен, әкімшілктермен, ата-аналармен қарым-қатынас.
Негізгі көңіл аударатын мәселе – педагог пен тәрбиеленуші арасындағы кәсіби қарым-қатынас.
Педагогикалық қатынасқа ерекше көңіл бөлген В.А.Кан-Калик, А.В.Мудрик, А.А.Леонтьев, А.Б.Ынтықбаева және т.б. ғылыми еңбектері бар.
Ұстаз өзінің қызметінде қарым-қатынастың барлық міндеттерін атқаруы тиіс, ол мағлұмат беруше де, оқушыны немесе сынып оқушыларын танып білуші де және ұжымдық қатынас пен өзара қатынастарды ұйымдастырушы да болады.
Педагогикалық қарым-қатынас – қарым-қатынастың ерекше түрі, «кәсіби категориясы» болып табылады. Ол әрқашан оқытушы, дамытушы және тәрбиелеуші қызмет атқарады. Педагогикалық іс-әрекет – динамикалық іс-әрекет: тәрбиеленушілердің жасына қарай әрі педагогтың, әрі балалардың қарым-қатынас көзқарасы, позициясы өзгеріп отырады.
Педагогикалық қарым-қатынас – біріккен іс-әрекет қажеттілігін туғызатын, білімгерлер арасындағы байланыстың дамуын орнататын көп жоспарлы үрдіс. Педагогикалық қарым-қатынас-қарым-қатынастың ерекше түрі, «кәсіби категориясы»болып табылады. Ол әрқашан білім беруші, дамытушы және тәрбиелеуші қызмет атқарады. Педагогикалық іс-әрекет-динамикалық іс-әрекет: тәрбиеленушілердің жасына қарай әрі педагогтың, әрі тұлғаның қарым-қатынас көзқарасы, позициясы өзгеріп отырады.
Қарым-қатынастың дәстүрлі өзара байланысқан үш функциясын бөліп көрсетуге болады:
Достарыңызбен бөлісу: |