Дәріс Жоғары кәсіптік білім берудің заңдамалық негіздері Дәрістің мақсаты


-тақырып. Педагогикалық шығармашылықтың психологиялық-педагогикалық негіздері



бет13/15
Дата12.12.2023
өлшемі149,5 Kb.
#196481
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15
Байланысты:
Введение пед.лекция
педагогикалық мамандыққа кіріспе Оқу құралы, құzirettilik-turaly, Пробное задание Химия
9-тақырып. Педагогикалық шығармашылықтың психологиялық-педагогикалық негіздері.
Шығармашылықты көптеген ғылымдар қарастырады. Соңғы оншақты жыл ішінде арнайы шығармашылықты зерттейтін ғылым туралы сұрақтар пайда бола бастады, яғни – эвристика («эврика»-мен таптым), Архимедтің гидростатиканың негізгі заңын ашқан мезетте айтқан сөзі. «Эврика» - сәтті ой, идея пайда болғанда және «нұрлану» (озарение) кезінде айтылатын қуанышты білдіретін сөз. Эвристика ғылымына келер болсақ, оның зерттеу ауқымы өте кең: шығармашылықтың ерекшеліктері, құрлымы, шығармашылық процесінің кезеңдері, типтері, ғылыми шығармашылық пен көркем шығармашылықтың қатынасы, болжаулар мен кездейсоқтықтың ролі туралы, таланттылық туралы, шығармашылықтағы мотивация мен жеке факторлардың ролі, шығармашылық процесіне әлеуметтік жағдайдың әсері, шығармашылық белсенділігі жоғары болатын адамның жасы, ғылым мен шығармашылықтағы ойлау стилі, эвристикалық әдістер мен ойлаудың ролі және тағы басқалары.
Философия шығармашылықтың дүниетанымдық, яғни гуманистік, әлеуметтік-аксиологиялық, мәдени-тәрбиелік, ақпараттық және танымдық, әдістемелік мәселелерін зерттейді. Шығармашылық бір текті емес: шығармашылық көріністерінің көп түрлілігі оларды негіздері бойынша классификациялауға мүмкіндік береді. Шығармашылықтың бірнеше түрлері бар: өндірістік-техникалық, ғылыми, саяси, ұйымдастырушылық, философиялық, көркемдік, мифологиялық, діни, күнделікті-тұрмыстық және тағы басқалары.

Шығармашылық – жаңа рухани және материалдық құндылықтарды жасау жолындағы адам әрекетінің нәтижесі, жемісі. Шығармашылық тек адамға ғана тән құбылыс.


Шығармашылық іс-әрекеттің негізгі белгілері адамның жемісті тіршілігін қамтамасыз ете отырып, оның қабілеттіліктеріне негізделеді. Тұлғаның белгілі-бір әрекетке қабілеттілігі қаншалықты жоғары болса, соншалықты оның бойында сол іс-әрекетке қызығушылығы көп артады.
Оқушының шығармашылық әрекетінің негізгі сипатамаларын және оларға сәйкес қалыптасатын қабілеттіліктерін Ю.Г.Юдина мына түрде қарастырады:
1. Оқушының шығармашылық іс-әрекетінің міндетті түрде талап етілуі: оқушылардың ғылыми-практикалық конференциясы жыл соңындағы шығармашылық емтихан, жылдық мектептік көрмеге қорытынды жұмыс тапсыру, т.б.
2. Оқушының шығармашылық іс-әрекетінің пайда болуының жан-жақтылығы: жаңа ситуацияға байланысты білім, икемділіктерін қолдана білу, таныс объектілердің жаңа функцияларын көре білу, шешімдердің баламасын таба білу, мәселенің белгілі шешіміне қоса шешімнің жаңа, тың әдістерін таба білу.
3. Сыныптағы ерекше эмоционалдық шығармашылық атмосфера және оқушының қызығушылығы, белгілі эмоция, сезімдердің барлығы оқушылардың шығармашылық әрекетінің шарты ретінде эмоциялық шығармашылық атмосферасы болып есептеледі. Кейбір оқушылар үшін эмоциялық қызығушылық белгілі-бір пәнді меңгеруге деген негіз болып табылады. Ал, кейбір оқушылар үшін эмоциялық көңіл-күй олардың болашақ шығармашылық жұмыстарына бағыт береді.
4. Оқушылардың жаңа бір нәрсені ашуы: оқушы өзін белгілі-бір жаңалықтардың авторы ретінде сезінеді, бұл оған сол пән төңірегіндегі қызығушылығын жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Шығармашылық әрекет оқушыны өзіне тарта, баули түседі.
Маслоу өзінің қажеттілік пирамидасында шығармашылық қажеттілігін пирамиданың ең жоғарысына орналастырды:
Рухани қажеттіліктер
(адамның өзін өзі қалыптастыруы
және бекітуі, шығармашылық арқылы
өзін өзі дамыту, руханилығын жетілдіру)
Мәртебелі қажеттіліктер (өзін сыйлау және
өзгелерге сыйлату, статус, қолдау табу және т.б.)
Әлеуметтік қажеттіліктер (ұйым құрамында болу,
қарым-қатынас, рухани жақындық, махаббат және т.б.)
Экзистенциалды қажеттіліктер (қауіпсіздік, қорғалғандық
сезімі, еркіндік және иемденушілік сезімі, тіршілік етудің бір қалыпты жағдайы, қоршаған адамдар түсінігі, хабардар болу)
Физиологиялық қажеттіліктер (аштық, шөл, жыныстық қатынас,
демалыс және тағы сол сияқтылар).
Сонда шығармашылықты былайша сипаттауға болады: шығармашылық – адам үшін витаминдер ролін атқарады, олар организмге өте көп мөлшерде керек емес, бірақ олар жоқ болса, адам түрлі ауруларға сөзсіз шалдығады.
Шығармашылықтағы мотивацияның негізгі екі түрі төмендегідей:

  • Ішкі, яғни шығармашылық қабілетінен, еркін ойдан ләззат алу, өмір сүру образы, өзіңді сынау, рухани қажеттілік, өзіңді таныту және т.б.

  • Сыртқы, яғни тіршілік үшін күрес, практикалық пайда, өзгелердің алдында беделін жоғарылату, ерекшелену, көзге түсу және де өзгелері.

Сыртқы қажеттіліктердің өзі шығармашылыққа стимул болуы мүмкін, бірақ одан бұрын сыртқы қажеттіліктер ішкі қажеттіліктерге айналу керек.

Әдебиеттер:


1. Золя Эмиль.Творчество.-М.: Художественная литература,1981.
2. Алексеев Ю.И. О свободе творчества: Популярная библиотека по эстетике.-М.: Политиздат, 1963.
3. Сильченко М.С., Смирнова Н.С. Творческий путь М.Әуезова.-А.,1957.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет