1-дәріс Кіріспе. Квалиметрияның пайда болу тарихы. Квалиметрияның практикалық есептері. Басқа пәндермен өзара байланысы Қарастырылатын сұрақтар



бет1/39
Дата24.08.2020
өлшемі433,48 Kb.
#76722
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   39
Байланысты:
stud.kz-80931
stud.kz-19533

1-дәріс.. Кіріспе. Квалиметрияның пайда болу тарихы. Квалиметрияның практикалық есептері. Басқа пәндермен өзара байланысы
Қарастырылатын сұрақтар:

  1. Квалиметрияның тарихы.

  2. Квалиметрия негізгі бөлімдері.

  3. Сапа ұғымына анықтама беріңіз.


Квалиметрия ( quails латын сөзінен- сапасы бойынша қандай және . . . метрия, өлшеу) – түрлі объекттер сапасын сан жағынан бағалау әдістерін біріктіретін ғылыми сала. Квалиметрияның негізгі мәселелері: өнім сапасын және қызметін сипаттайтын көрсеткіштер номенклатурасын негіздеу, жобалау кезіндегі объект сапасының көрсеткіштерін анықтау әдістерін құрастыру, объект сапасының деңгейін тиімділеу, бұйымдардың параметрлік қатары мен типтес өлшемдерді тиімділеу, сапаның жалпылама көрсеткіштерін тұрғызу принциптерін құрастыру және сапаны басқару мен стандарттау мәселелерінде оларды қолдану шартын негіздеу.

«Сапа» түсінігі қолданылатын кез келген объектілер квалиметрия объектілері болуы мүмкін. Нақты құралда мұндай объектілер шеңбері қызмет көрсету мен өнімді өндірумен байланысты объектілермен шектелген. Мұнда кез-келген өніммен емес тек өнеркәсіппен, бірақ, ескерген жөн, өнеркәсіптік өнім объектілеріне қатысы бойынша қолданылатын көптеген жағдайлар мен әдістер ауылшаруашылық өнім объектілеріне, «табиғи» өнім деп аталатындарға да, яғни, саңырауқұлақ, жидек, жабайы өсетін жемістер, дәрілік шөптер, болықтар, құстар және т.с.с.- табиғат өндіретін өнімдерге қолданылуы мүмкін.

Квалиметрияның пайда болуы және даму тарихы ондаған жылдардан тұрады, мұнда оның дамуы өз атауын алмай тұрған кезде басталған. Бұл бірінші кезекте кез келген іс-әрекет нәтижесі талап етілетін қасиеттер тұтастығына ие болуымен және осының нәтижесінде, бұл қасиеттердің көрсеткіңштерінің тұтастығымен оларға қойылатын талаптардың сәйкес құжатттарда міндеттті түрде бекітілуімен шартталады. Бұл жағдайдың нәтидесі, құжатқа кіргізілетін өнімге, жұмыс немесе қызмет көрсетуге оларды әрі қарай бақылау мақсатында сапа көрсеткіштерінің номенклатурасын анықтау – квалиметрияның түйінді мәселесін шешу қажеттілігі болып табылады. Квалиметрияның бұл қыры (аспекті) сапа көрсеткішін нормалау тәжірибесінің пайда болуымен қатар туындады деп есептеуге болады, және біздің елімізде оның пайда болу мезетін, 1923 жылмен, еліміздегі ең бірінші стандарттау бойынша – «Эталон және стандарттар Комитетінің Бюллетені» периодты басылымының шығуымен ұштастыруға болады. Салмақ және өлшем Басты палатасы кезінде, 1922 жылы бұл комитет құрылған.

Квалиметрияның басқа негізгі қыры – сапасы апрриорлы бағалау – техниканың күрделілігінің және оның орындайтын қызметтерінің жауапкершілігінің өсуіне байланысты белсенді дамуға ие болды. Жаңа өнімді дайындауда тиімді шешімді іздеуде оның өмірлік кезеңінің ерте сатысынан бастау керек екені айқын. Ал бұл үшін сәйкес есептік әдістерге ие болу қажет. Еліміздің басқару органдарымен қабылданған 1965 жылғы өнім сапасын мемлекеттік аттестатауды жүргізуді қарастыратын «жоспарлау мен өнеркәсіптік өндірісті экономикалық ынталандыруды күшейтуді жетілдіру туралы» қаулыны қабылдаумен байланысты сапаны есептік бағалау әдістеріне ерекше көңіл бөліне бастады. Аттестаттауды жүргізу кезінде бағаланатын өнімді отандық және аналогтармен сәйкестендіруді жүзеге асыруды талап етеді, ол үшін сәйкес әдістерге ие болу қажет.

Елуінші жылдардың басында техникалық құрылғылардың сенімділігін қамтамасыз ету мәселесі өзіне елеулі көңіл аударуды қажет етті. Ол сенімділікті бағалау әдістерінің жедел дамуын тудырады. Бұл қасиет, оны бағалау үшін жалғыз ғана ықтималдылықтар теориясының математикалық аппаратты ғана қолданылуы мүмкін болды, ол объектілер үшін ғана маңызды емес, олардың істен шығуы күйреу нәтижесін тудырмау үшін, сондай-ақ, адам және адам іс-әрекетінің қоршаған ортасына аса қауіпті емес объектілер үшін қолданылуы мүмкін.

Қазіргі кезде техникалық құрылғылар мен жабдықтардың осы заманға сай өнеркәсіптің даму этапының сипаттамалық ерекшелігі күрделі өсу болып табылады, олар қызмет көрсетеді және жұмыстар орындайды, бір автоматтандырылған кешенге біріктірілген жабдықтармен күрделі машина жүйелерін құрады және оларда ақпараттық-телекоммуникациялық технологиялар кең қолданылады.

Техникалық прогресс бұйымдар номенклатурасының үздіксіз кеңеюіне әкеліп соғады, мұнда бұйым сапасы қойылатын қажеттіліктер жоғарылайды, ол өз кезегінде халықшаруашылығын әртүрлі аумақтарында қолданылатын жабдықтардың номенклатурасының өсуімен, қолданылатын материалдар мен заттардың номенклатурасының өсуін шарттандырады, ол бір жағынан соңғы өнімге қойылатын талаптардың жоғарлауына, екінші жағынан жаңа материалдарды алуда өнеркәсіп пен ғылым жетістіктерін қамтамасыз ететін және жүйелендірілген білімге негізделетін жаңа технологиялық әдістерді құрастырумен байланысты.

Көптеген өнеркәсіп салаларының өнімдері көпбөлшектілікпен және күрделілікпен сипатталады. Ғылыми сыйымды техникалық күрделі бұйым түрлерін, олар машина жасау бұйымдары, аэроғарыштық жабдықтар, ғылыми аспаптар, электрожабдықтарды шығаратын өнеркәсіп саласының дамуы ғылым мен техника аумағының түрлі ауқымды

санынан ең кіршіксіз жаңа білімдерді қолдануды талап етеді. Қазіргі заманғы машиналар, технологиялық жабдықтар, коммуникация құралдары, бірнеше жүздеген бөлшектерден тұрады. Жабдықтарды, машиналар мен механизмдерді жеке түйіндер мен бөлшектерге мүшелендіру мүмкіндігі, технологиялық үрдістерді механизациялау шарттарында оларды жаппай өндіру бойынша мамандандырылған кәсіпорындарды ұйымдастыру үшін жағдай жасайды. Мұның нәтижесінде құрастыру мен өндіру процесіндегі байланыстар күрделенеді, ол өндірістің мамандандырылуымен шарттандырылған, соңғы өнімді өндіруде әртүрлі министрліктермен ведомстволардың жүздеген кәсіпорындары қатысады.

Мұндай шарттарда сапа мәселесін тек қана ғылыми негізде шешу мүмкін, ал ұйымдастырылуы—ғылыми-техникалық іс-әрекет пен өнеркәсіптегі басқарулардың барлық деңгейлерінде. Ғылыми негізін, сапасы оларды қамтамасыз ету және олардың орындалуын бақылау бойынша қойылатын талаптардың әдістерін негіздеу туралы білімдер құрайды.

«Сапаны басқару», қызмет көрсетуде, өнімді құрастыру мен дайындау кезіндегі сапаны басқарудың отандық және шетелдік тәжірибесі жалпыланады. Кәсіпорындағы сапа жүйесі функционалды болып табылғаны, ол осы аумақтың принципиалды жағдайларының бірі болып табылады. Ол, кәсіпорынның ұйымдастырылушылық құрылымының ішкі бөлімшелері арасындағы өнім сапасын басқару бойынша көпжылдық тәжірибені жалпылау негізінде анықталған арнайы функцияларды тарату жолымен қалыптасады. Мұнда, ол белсені түрде ұйымдастырылушылық құрылымға әсер етуі мүмкін, оның өзгерістерін шарттандырады. Мұндай жағдай сапа жүйесінің дамуын талдау негізінде жүзеге асырылады, ол қазірігі уақытта халықаралық құжаттарда – (ИСО) стандарттау бойынша халықаралық ұйымдардың стандарттарында, олардың үшінші версиясы 2000 жылы шығарылған стандарттарда көрініс тапқан сапа жүйесіне қойылатын талаптарды құрастырумен аяқталады.

«Сертификаттау» бөлімі, еліміздегі сертификаттау жүйесін сипаттауға арналған, ол экономиканы қайта құру шарттарында әрекет ете бастады және осы уақытқа заңгерлік және жүйені ұйымдастырушылық пішіні құрылған, оның нормативтік базасы әрекет етуші халықаралық құжаттаумен үйлесімделген. Бөлімде техникалық реттеу жүйесінің ұйымдастырушылық және әдістемелік сауалдары айқындалады, олардың негізгі құралдары-стандарттау саласындағы құжаттар, техникалық регламенттер, сәйкес келуін растайтын процедуралар, аккредиттеу, мемлекеттік бақылау мен қадағалау болып табылады.

Әдебиет:


1. Фомин В.М. Квалиметрия. Управление качеством. Сертификация. Курс лекций. – М.: ЭКМОС, 2000 – 320 с.

2. Кириллов В.И. Квалиметрия и системный анализ: учебник/В.И. Кириллов.-М. : ИНФРА, 2012,-440с.

3. Федюкин З.К., Дурнев В.Д., Лебедев В.Г. Методы оценки и управление качеством промышленной продукции: Учебник. – М.: Филинъ, 2000. – 328 с.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   39




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет