1-дәріс Кіріспе. Квалиметрияның пайда болу тарихы. Квалиметрияның практикалық есептері. Басқа пәндермен өзара байланысы Қарастырылатын сұрақтар


Азық-түлік тауарларының сапа көрсеткіштерінің типтік номенклатурасы



бет6/39
Дата24.08.2020
өлшемі433,48 Kb.
#76722
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   39
Байланысты:
stud.kz-80931


Азық-түлік тауарларының сапа көрсеткіштерінің типтік номенклатурасы


Топтық көрсеткіш

Бірлік көрсеткіштер

Әлеуметтік тағайындалу

Тауар өндірудің қоғамдық маңыздылығы; тауарлардың әлеуметтік мекен жайы мен тұтынушылық классы; тауарлардың оңтайлы ассортиментке сәйкес келуі; моральды тозу және сәйкес әлеуметтік эффект

Функционалды

Негізгі функцияны орындау жетістігі, қолдану әмбебаптығы; Қосымша функцияны орындау жетістігі

Сенімділік

Сақталғыштық

Эргономикалық

Гигиеналық; антропометриялық; физио­логиялық және психофизиологиялық; пси­хологиялық

Эстетикалық

Ақпараттық көрнектілігі; пішінінің рационалдылығы; композиция бүтіндігі; өндірістік орындау жетістігі және тауарлық түрінің тұрақтылығы

Экологиялық

Қоршаған ортаға тасталатын зиянды заттар мөлшері; қоршаған ортадағы қайтымсыз процестер және т.б.

Қауіпсіз тұтыну

Қорғау қондырғылары әрекетінің тиімділігі және т.б.

1.Тағайындалу көрсеткіші. Қолдану аймағын орындау үшін негізгі функцияларды анықтайтын өнім қасиеттерін сипаттайды. Тамақ өнімдерінің тағайындалу көрсеткіші өнімдердің энергетикалық құндылығы, өнім құрамы мен құрылымы (белоктық, витаминдік, минералдық, ароматтық және т.б.) болып табылады. Өнім құрылымын сипаттайтын тағайындалу көрсеткіші ішінен құрылымын қалыптастыратын әртүрлі тағамдық заттарды атап кетуге болады (ұйытындылар, көбік түзгіштер, эмульгаторлар, тұрақтандырғыштар, қопсытқыштар, су байланыстырғыш қосымшалар және т.б.).

Өнім құрамы (белок, май, көмірсулар және т.б.) ең алдымен өнімнің тағамдық құндылығын сипаттайды, оның энергетикалық және биологиялық құндылығын көрсетеді.

Құрылымын сипаттайтын көрсеткіштер ішінен өнімнің органолептикалық көрсеткіші – консистенция (қатты, нәзік, жұмсақ, мазь тәріздес және т.б.) кең қолданылады.

Тағайындалу – бұл физиологиялық және әлеуметтік қажеттіліктерді қанағаттандыру қабілеті. Ол төмендегідей бөлінеді:


  • функционалды тағайындалу – тағайындалуына сәйкес (материалды және рухани) өз функцияларын тауарлармен қамтамасыз етуді орындау;

  • әлеуметтік тағайындалу - жеке немесе қоғамдық әлеуметтік қажеттілікті тауарлармен қанағаттандыру қабілеті;

  • жіктеулік тағайындалу – бірқатар көрсеткіштер мен қасиеттердің жіктелуі қасиеттері ретінде шығу қабілеті (майлылығы,%);

  • әмбебап тағайындалуы – адамға пайдалы қосымша функциялары көрсетілген тағайындалуу бойынша нақты тауарларды қолданудың мүмкіншілігін және жағдайын қамтамасыз ету диапазоны.

Өнімдердің әлеуметтік тағайындалу көрсеткіші

Бұл көрсеткіштер тұтынушылардың әртүрлі топтарына қоғамдық мәніне және қоғамдық қажеттілігіне өнімдердің сәйкестігін сипаттайды. Оларға: шығарылатын тауарлардың қоғамдық бүтін көрсеткіші, әлеуметтік мекен жайы, тауарларды тұтыну классы, тауар ассортименті, әлеуметтік эффект жатады.

Шығарылатын тауардың қоғамдық көрсеткіші – тауардың берілген тобына қанағаттанарлық емес сұраныстың көлемін көрсетеді.

Әлеуметтік мекен жайдың және тауардың тұтыну классының көрсеткіші тауарлардың тұтынушылар қажеттілігіне және қажеттілік ерекшеліктеріне сәйкестігін сипаттайды. Тұтынушылардың анықталған тобына тұтыну классын (типаж) орнатады. Азық-түлік тауарларына, мысалы, емдік өнімдер, диабетпен ауыратын адамдар үшін тағайындалған өнімдер, бүйрек ауруларына арналған өнімдер, балаларға арналған өнімдер, космонавтарға, туристерге арналған және т.б. өнімдер.

Анықталған тұтыну классының тауарлары сорты, түрі бойынша ажыратылады.

Оптималдық ассортиментіне қарай тауарлардың сәйкестендіру көрсеткіші. Берілген өнім түрінің негізгі немесе жобаланатын жүйесін қолданудағы тиімділігін сипаттайды, сонымен қатар оның басқа өнімдермен байланысын да қатар сипаттайды.

2. Сенімділік көрсеткіші. Сенімділікпен техникалық қызметте, сақтауда және тасымалдауда, берілген мерзімде талап етілетін функциялардың орындау қабілетін сипаттайтын уақытымен орнатылған барлық параметрлерді сақтайтын объектінің қасиетімен түсіндіріледі. Өнімнің сенімділік көрсеткіші нормативтік-техникалық құжатта бекітілген қатаң анықталған температуралық және ылғалдылық мерзімдердің анықталған уақыт бойы дайындалуымен кепілденетін сақтағыштығы болып табылады, ал стандартталмаған өнім үшін сапаның сақталу қасиеті ҚР денсаулық сақтау Министрлігімен бекітілген санитарлық нормалармен ережелерге сәйкес орнатылады. Сенімділік көрсеткіштеріне мыналар жатады:

- ұзақтығы – техникалық қызметтің және жөндеудің орнатылған уақыты немесе шектелген жағдайы пайда болғанға дейін тауарлардың жұмыс қабілетін сақтай алу қабілеті;

Ұзақтық көрсеткіштері:


  • өткізу мерзімі – тауардың белгілі уақытта өзінің негізгі функцияларын орындауы;

  • ресурс – НҚ белгіленген тауардың өткізуінің шектелген мүмкіншілігі.

  • қарсылық көрсетпеу – тұтынуда пайда болатын қауіпті және зиянды факторлардың әсерінен адамды және қоршаған табиғи ортаны қорғау деңгейін сипаттайды;

- жөндеуге жарамдылығы – анықталған мерзімде ешқандай шығынсыз тауарлардың өзіндік сапалық және сандық сипаттамаларын сақтау қабілеті;

- сақталғыштығы – анықталған мерзімде шығынсыз тауарлардың өзіндік сапалық және сандық сипаттамаларды сақтау қабілеті.

3.Технологиялық көрсеткіші өнімнің сапа көрсеткіштеріне, шығару көлеміне, орындау жұмысының жағдайына берілген мәндерді тоқтату, сақтау, өндіруде минималдық шығындарға жетуге қабілеттенуінде анықтайтын өнім құрылымы мен құрамының қасиеттерін сипаттайды.

Технологиялық көрсеткішке дайындауға байланысты өнімнің энергосиымдылығы, материал сиымдылығы, еңбек сиымдылығы жатады. Жалпы тамақтануда өнім өндірісінің технологиялылығы шикізаттың құрамы мен құрылымына байланыста болып отыр.

4. Тасымалдағыштық көрсеткіштері.

5. Қауіпсіздік көрсеткіштері – жіберілетін деңгеймен (мышьяк, сынап, кадмий, қорғасын, цинк, темір) зиян қаупінің шектелген жағдайы. Тұтыну тауарларының қауіпсіздігі төмендегідей бөлінеді:



  • химиялық – токсинді элементтер (цинк тұзы, ауыр металдар)

- микотоксиндер

- антибиотиктер

- гормоналды препараттар және т.б.

- радиациондық – радионуклидтер

- радиоизотоптар

- механикалық - ұрындар

- үйкелу

- тесу


- деформация және т.б.

- электромагниттік және электрлі сәулелер - сызық

- электрлік

- магниттік

- электрлі-магниттік

6. Унификация және стандарттау көрсеткіштері өнімдердегі стандартты және унифицирленген өнімдердің, компоненттердің, жеке элементтердің пайдалану деңгейін сипаттайды. Унификацияның соңғы мақсаты стандарттау болып табылады. Құрамы мен құрылым стандарттауы өнімдердің берілген және туынды қасиеттерін, сонымен қатар дайын өніммен жартылай фабрикаттардың сапасына өнімдердің аспаздық өңдеу өндірісінің технологиялық параметрлердің әсерін қарастыру үшін модельдік жүйені алуға мүмкіндік береді.

7. Эстетикалық көрсеткіштер өнімдердің тауарлық түрінің тұрақтылығын, рационалды қалпын, композиция бүтіндігін, оригиналдылығын, сыртқы түрін сипаттайды. Рецептура жиынтығында және қоғамдық тамақтанудағы өнімдердің жеке түрлерін сыртқы түріне, қалпына, түсіне, мөлдірлігіне қойылатын талаптар нормативті-техникалық құжатта айтылған. Бұдан басқа өнім сапасын көрсететін қалыптастыру ережелерінде сипаттама берілген.

Өнім сапасының эстетикалық көрсеткіштері ақпараттылығы, рационалды қалпын, композиция бүтіндігін, өндірістік орындауды, тауарлық түрдің тұрақтылығын сипаттайды.

Ақпараттық хабарлау өнімнің қоғамдағы құрастырылған эстетикалық көрсеткіштерді сипаттайды. Ол суреттік әлеуметтік ақпараттарда туындалады.

Рационалдық қалпы өнімнің тұтыну және дайындаудың объективті жағдайларының формаларына, өнімнің функционалды- құрылымдық негізіне сәйкес сипаттайды. Ол өнімнің сәйкестендіру формасын тағайындалу, конструктивтік шешімі, материалдар мен жартылай фабрикаттардың дайындау технологиясының ерекшелігі бойынша белгіленеді.

Композиция бүтіндігі өнім формасының элементтерінің органикалық байланысын, бүтіндігін, бөліктердің бірлігін сипаттайды. Ол толық құнды композиционды шешімді жасау үшін профессионалдық-суреттік құралдарды қолдану тиімділігін анықтайды. Композиция бүтіндігі форманың кеңістігін құруда, масштабтық, пропорционалдық, ритмикалық ұйымдарда (көлемдік-кеңістік құрылымының ұйымшылдығы), материалдар мен конструкцияның нақты жұмыстарын суреттеуде, модельдеуде, материалдарды декоративтік қасиеттерін пайдалануда байқалады. Мысалы, литографияланған металдық банкілердің бетінде немесе затбелгісінде қойылған суреттер мен жазбалар консерві құрамын көрсете білу керек.

Өндірістік орындау және тауарлық түрдің тұрақтылығы өнімнің формасының эстетикалық қабылдау ерекшелігіне әсер етеді. Ол контурлардың орындау тазалығына, көрсетулер мен белгілердің нақты орындалуына, ақпараттық материалдардың, жеткізу құжаты, зақымданудан, өшіруден, өзгертуден сақтайтын қалыппен беткі элементтерге жетеді. Тауарлық түрмен өндірістік орындауға мысал ретінде фирмалық пряниктерді, фигуралық және мерекелік торттарды келтіруге болады.

8. Эргонометриялық көрсеткіштер «адам-өнім»жүйесін көрсетеді және антропометриялық, гигиеналық, физиологиялық, психологиялық болып бөлінеді. Гигиеналық қатынаста өнім зиянсыз болу керек, мұнда ауыр металдар, микотоксиндер, канцерогендер (консервілерде, фритюр майларында, кепкен өнімдерде), сонымен қатар адамға қауіпті микроорганизмдер (ішек таяқшасының тобы, стафилококкалар, протея текті бактерия, сальмонелла) болуы мүмкін.

Мына көрсеткіштер кіреді:

Гигиеналығы – тауарларды пайдалануға адамдық ағзаны функционирлеу үшін қолайлы жағдайларды қамтамасыз етуі;

Антропометриялығы – тауарлардың адам денесі мен оның жеке бөліктеріне кеткен формасына, өлшеміне сәйкестігін сипаттайды.

Психологиялығы – тауардың адам ойлауына, қабылдау есіне, біліміне, әдеттеріне сәйкестігін сипаттайды.

Психофизиологиялығы – тауардың адамның сезу мүшелерінің сәйкестігін қамтамасыз етеді.

9. Патенттік-құқықтық көрсеткіштер. өнімдерді тек ел ішінде ғана емес, шет елдерде сату мүмкіншілігі бар. Табиғи тамақ өнімдері патенттелмейді.

10. Экологиялық көрсеткіштер – тауарлардың қоршаған ортаға зиянды әсерін көрсету қасиеті.

Экологиялық көрсеткіштер тауарларды тұтынуда туындалатын қоршаған табиғи ортаға зияндылықтарының әсер ету деңгейін сипаттайды. Бұл көрсеткіштерге қоршаған ортаға тасталатын (мысалы, буға айналатын алколоид никотин бар темекі) зиянды қоспалардың құрамы, газдың зиянды бөлшектері, тауарларды сақтағанда, өткізуде пайда болатын сәулелер жатады.

Қауіпсіздік көрсеткіштері

Қауіпсіздік көрсеткіштері адамның тұтыну процесінде қауіпсіздігі мен зияндығын қамтамасыз ететін өнім ерекшеліктерін сипаттайды.

Бұл көрсеткіштер адамды, оның денсаулығын зиянды және қауіпті заттардың, мысалы афлатоксиндер, пестицидтер, ауыр металлдардың тұздарының әсерінен қорғауды қамтамасыз етуді орындайтын талаптарды есептейді.

Тауарларды, оның қауіпсіздік көрсеткіштерімен сапасын бағалағанда еңбек қауіпсіздігі, техникалық қауіпсіздік ерекшеліктеріне, нормалары бойынша мемлекеттік стандарттар жүйесі, халықаралық ұйымдар, НТҚ анықталатын талаптар ескеріледі.

11. Шикізатты, материалдарды, отын, энергия, еңбек ресурстарын үнемді пайдалану көрсеткіші. Экономикалық көрсеткіш өнімнің өңделуіне, дайындалуына, сақталуына, өткізуіне кеткен шығындарды көрсетеді. Экономикалық көрсеткіштер көмегімен технологиялық өнімдер, оның унификация деңгейі бағаланады. Экономикалық көрсеткіштер цехтарда орын алады және өнім сапасын басқару жүйесінде үлкен роль атқарады.

12. Функционалдық көрсеткіштер. Тауарлардың сапасының функционалдық көрсеткіштері заттың оның тағайындалуына, қажеттілікті қанағаттандыру қабілетіне, қанағаттандыру құрамына қызмет етуіне сәйкестігін сипаттайды. Бұл көрсеткіштер былай бөлінеді: негізгі функцияларды орындау, әмбебап, қосымша операцияларды орындау.

Негізгі функцияларды орындау көрсеткіші тұтыну тиімділігінің пайдасын, тұтынушымен өнімдерді пайдалануда нақты қажеттілікті қанағаттандыруды сипаттайды. Мысалы, тамақ өнімдерді тұтынумен алынатын пайдалы тиімділігі тамақ өнімдерінің құрамында бар белоктардың, көмірсулардың, майлардың тотығуында түзілетін энергия мөлшерімен (кДж немесе ккал), сонымен қатар жеке заттардың сіңімділік коэффициентін есептей отырып тамақ өнімдері және оның құрамының химиялық құрамының сапалылығымен өлшенеді.

Кейбір азық-түлік тауарлары үшін негізгі функция эргономикалыққа, сипаттамаға сәйкес келеді. Мысалы, дәмдік тауарлардың негізгі функциясы – тамақпен бірге бір уақытта қабылданып, толық сіңу қабілеті.

Әмбебап көрсеткіші- тұтынушыға пайдалы берілген тамақ өнімдерінің қосымша функцияларының болуын тағайындалу бойынша қолдану мүмкіншілігі мен жағдайларының кең диапазонын сипаттайды. Мысалы, қанттың сіңімділігі жақсы, тағамдық құндылығы жоғары (100 г өнімде 1650 кДж калориялығы бар), дәмі тәтті. Тағамға қантты қолданудан басқа кондитерлік, тәтті нан өнімдеріне, әртүрлі сусындарға, жеміс-жидекті, сүтті консервілеріне басқа да тағамдық өнімдер өндіруде қолданылады.

Қосымша операцияларды орындау көрсеткіші тасымалдау, сақтау, жою және т.б. негізгі және қосымша функцияларды орындаумен қатар жүретін адам-өнім-орта жүйесіндегі этаптардағы өнімнің функционалды ерекшеліктерін көрсетеді.

Қосымша операцияларды орындау негізгі функцияларды атқаруға әсер етеді және тұтынушының туынды емес уақыт шығындарын анықтайды. Мысалы, тұз тамаққа консервіленетін дәм беретін зат ретінде, сонымен қатар тамақ емес өнеркәсіпте химиялық, тоқу және т.б. салада кең қолданылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   39




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет