Бөлшектер;
Жинақтық бірліктер;
Кешендер;
Жинақтар.
Бөлшектер – жинақтық операцияларды қолданусыз, таңбалауы және атауы бойынша біртектес материалдардан дайындалған бұйым. Мысалы, бұрандама, төлке, білікше.
Жинақтық бірлік – құрамдық бөліктері дайындаушы – кәсіпорында жинақтық операциямен (жинақтау, бұрап шығару, тойтару, желімдеу, тігу) өзара біріктірілген бұйым. Мысалы, автокөлік, білдек, компьютер, шарикті қаламсап.
Кешен – дайындаушы – кәсіпорында жинақтау операциясымен біріктірілмеген, бірақ өзара байланысқан қолдану қызметін орындауға арналған екі немесе одан да көп аранйы бұйым. Мысалы, цех жабдықтары, ұщақтың ұшуын басқару кешені және т.б., яғни оларды біріктіруді қодану орындарында жүргізеді.
Жинақ – дайындаушы – кәсіпорындарда жинақтау операциясымен біріктірілмеген және бұйымдар жинағын көсететін, көмекші сипаттағы жалпы пайдалану белгілеуін көрсетеді. Мысалы, автокөлікке арналған құрал-саймандар бөлшек қорларының жинағы, өлшегіш аппаратураның жинағы.
Бөлшек арнайы емес бұйымдар болып табылады, яғни құрамдық бөлігі жоқ бұйымдар.
Жинақтық бірліктер, кешендер және жинақтар арнайы бұйымдар болып табылады, яғни екі немесе одан да көп блөшектерден тұрады. Бұл бұйымдардың құрамы сипаттізім деп аталатын құрамдық құжатпен анықталады.
Үш түрлі критерийлер бойынша классификация өнімдері ірі классификациялық топтамаларға бөлімшелейді. Топтамалау классификациясы үшін жалпы, санына қамтамасыз ету әдістерін құратыру, нормативтік құжатқа, сапа көрсеткішінің номенклатурасын анықтау және сапаға қойылатын талаптарды енгізу сияқты, және оның сапасын қамтамасыз ету бойынша кейбір тәжірибелік мәсәлелерді шешу кезінде өнімдердің мұндай бөлінуі мәнге ие. Осылай, мысалы, «шикзат және табиғи отын »және «материалдар мен өнімдер» классификациясының топтамаларға өнімдер үшін сапаның эргономикалық көрсеткіштеріне сипаттас емес, шектелген қолдану эстетикалық көрсеткіштерге ие болуы мүмкін. Бірақ, егер материалдар немесе өнімдер орамада шығарылып «шығындық бұйымдар» тобына жататын болса, онда мұндай көрсеткіштер өнімнің бәсекеге қабілеттілігіне әсер етіп, аса маңызды болады. Іске асыру аумағы бойынша өнімді бөлу, сәйкестендіріп (салыстырып) бағалау кезіндегі сапа көрсеткішінің маңыздылығын бағалауда әсерін тигізді. әлуметтік белгілеудегі және халықтық тұтыну өнімдері үшін эстетикалық және эргономикалық көрсеткіштер, өндірістік-техникалық белгілеудегі өнімдерге қарағанда әлдеқайда маңыздырақ болады. өнімдерді, олардың қасиеттерін іске асыру сипаты бойынша бірінші немесе екінші классқа жатқызылуы қолданылатын терминологияға : бірінші кластың өнімін қолдану кезінде «тұтыну» термині, екінші кластың өнімін қолдану кезінде «пайдалану» термині қолданылады, әсерін тигізеді.
Өнімді егжей-тегжейлі классификациялау үшін арнайы классификаторлар қолданылады.
Классификаторлар көмегімен келесі мәселелердің шешілуі қамтамасыз етіледі.
өнімге құжаттауды тіркеу;
міндетті сертификаттауға келетін бірқатар өнімдерді жасап шығару;
міндетті түрде сертификатталатын шет елден әкелінетін өнімді жасап шығару;
өтпелі кілттер көмегімен қайта ходтау құралдары арқылы, шет ел нарығына жіберілетін отандық өнімдер туралы ақпараттық мәліметтерді жасау;
ішкі және халықаралық ақпараттық жүйелерде қатысу, салық салынуы, мемлекеттік статистика бойынша жұмыс шеңберінде есеп жүргізу қызметтерінің іске асырылуы.
Коммуникациялық техника мен есептеуіш құралдарының кең қолданылуы және осының арқасында ақпаратты өңдеу және жіберудің қағазсыз технологияға өту қызмет және өнімдер туралы ақпараттық өңдеу, есепке алу, сақтау және жіберіп көрсету үшін классификаторларды қолдану қажеттілігін азайтады (немесе қиындатады).
Еліміздегі әреке т етуші классификаторлар тауарларды сипаттау және коддтаудың үйлесімді жүйесімен (үж) - өндірістік, көіліктік және сыртқы сауда статистикасы арасындағы тығыз байланысты және сыртқы сауда туралы әр түрлі мемелекеттердің статистикалық мәліметтерінің салыстырылуын қамтамасыз ету мақсатында және коммерциялық әрекеттің, статистикалық қызметтің, кеден органдарының мәселелерін шешу үшін арналған халықаралық тауарлық номенклатурасымен келісілген.
ҮЖ-нің классификациялық белгілері болып тауарлардың шығуы (өнеркәсіптік, өсімдік, жануарлар т.с.с.), өңдеу дәрежесі (шикізат, жартылай фабрикаттар, дайын бұйым), тауарды дайындау үшін қолданылған материал, тауардың белгіленуі және әлемдік саудадағы оның маңызы саналады.
Тауарлар классификациясы (классификациялық топтамалар – жайғасымдарға бөлінеді). Үйлесімді жүйесінде, ҮЖ классификациясының түрлі сатыларының жайғасымы түсініктемелермен ескертулермен жабдықталған, сондай-ақ, түсініктемелері бар негізгі класссификациялық ережелерге сәйкес жүзеге асырылады.
Халықаралық тәжірибеде түрлі классификаторлар арасындағы сәйкестік, әдетте, әртүрлі бөлшектену дәрежесімен құрастырылған, өтпелі кілттерді (сәйкестік кестесі) құру жолымен пішімделеді.
ӨӘЖК біріңғай код кеңістігінде классификация үш объектілер бойынша біріктірілген:
Экономикалық әрекет түрлерінің классификациясы;
Өнімдер классификациясы;
Қызмет классификациясы;
ӨӘЖК-да қабылданан жеті разрядты код (төрт разряд- экономикалық әркет түрлерін классификациялау үшін жоғары классификациялық топтамалар, және үш төменгі разряд- өнім мен қызметті классификациялау үшін) қызметтің, өнімдердің және экономикалық әрекеттің барлық белгілі түрлерін кодтауға және сипаттауға мүмкіндік береді.
Достарыңызбен бөлісу: |