Дәріс Жоғары кәсіптік білім берудің заңдамалық негіздері Дәрістің мақсаты


-тақырып. Зерттеушілік іс-әрекет – педагогикалық іс-әрекеттің компоненті



бет12/15
Дата12.12.2023
өлшемі149,5 Kb.
#196481
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15
Байланысты:
Введение пед.лекция
педагогикалық мамандыққа кіріспе Оқу құралы, құzirettilik-turaly, Пробное задание Химия
8-тақырып. Зерттеушілік іс-әрекет – педагогикалық іс-әрекеттің компоненті.

Әрекет – ол оқушының іс-әрекеті талдауының бір бөлігі. Мұғалім әрекетті тек атап қана қоймай. Сонымен бірге оның құрылымын, атқаратын ролін, негізгі бөліктерін, оларды қалыптастырудың сатылары мен заңдылықтарын білуі тиіс. Сондықтан да әрекет – бұл өзара байланысқан элементтердің біртұтас жүйесі. Әрекеттер орындалу немесе іске асу барысында негізгі үш қызметті: бағдарлау, орындау, бақылау – түзету қызметтерін атқырады. П.Я.Гальпериннің ақыл-ой әрекетін сатылап қалыптастыру теориясы бойынша әрекеттерді меңгерту үш негізгі сатыға негізделген: бағдарлау, орындау, бақылау.


Жаңа білім алуға бағытталған оқу-зерттеушілік қызмет нәтижесі зерттелуші объекті болмаса зерттелуші аралық объектілер жайлы, болмаса зерттеудің нақты немесе арнайы тәсілдері туралы жаңа білім. Жаңа білімдерден:
а) ғылыми зерттеушілік қызметті сипаттайтын объективті (принципті жаңа) білімді;
ә) оқу-зерттеушілік қызметті сипаттайтын субъективті жаңа білімді (белгілі бір субъект үшін жаңа білім) ажырата білу қажет.
Ғылыми зерттеушілік қызметте тек қана нақты объектілерді ғана емес, сонымен қатар белгілі бір нәтиже алуға пайдаланылатын нақты танымдық іс-әрекеттерді және оларды орындау ретін алшақтату қажет. Танымдық іс-әрекет неғұрлым күрделі болған сайын интуитивті болжанған операцияларды нақты іс-әрекет ережелерімен алмастыру қажеттілігі туындайды. Осылайша бүрын алынған нәтижелерді бірнеше рет қайта алу мүмкін болады.
Зерттеушілік қызмет логикалық құрылымы жағынан және әсіресе психикалық үрдістер ерекшеліктерімен, ғылыми зерттеушілік қызметтен онша ерекшеленбейді.
Зерттеушілік үрдіс барысында оқушылар белгілі бір фактілер мен құбылыстарға түсініктемелер мен дәлелдеулер өз бетінше іздестіріп, түсінуіне тура келеді. Ғылыми ізденістен айырмашылығы: оқушы мұндай «жаңалықты» субъективті түрде өзі үшін жасайды.
Психикалық үрдістің ерекшеліктеріне қарай ғылыми және оқу-зерттеушілік қызметтер бірдей емес екендігін атап өту қажет. Олардың арасында (мотивациялық аспектіде) елеулі айырмашылықтар бар. Ғылыми зерттеуге қарастырылып отырған мәселенің қаншалықты қиын екендігі белгісіз және де зерттеуші қандай да бір жаңа нәтиже алу мүмкіндігі туралы сенімді болмауы мүмкін (оның бар екендігі жайлы білмеуі де мүмкін). Ал оқу-зерттеушілік қызметте оқушылар тапсырманың орындалатынын, оған алған білімдерінің жететіндігін алдын ала біледі.
Зерттеушілік қызмет бір себептермен біріктірілген және зерттеу мақсатына жетуін қамтамасыз ететін іс-әрекеттер жүйесінен тұрады. Ой әрекеті-белгілі бір ретпен орындалатын ойлау операциялардың жиынтығы Операциялардың қандай ретпен орындалуы – іс-ірекеттің орындалу үрдісі құрайды.
Осындай әрекеттердің әр қайсысын зерттеушілік қызмет элементі деп атайтын боламыз. Мысалы, зерттелуші мәселенің маңызды жағын бөліп қарай, жеке пайымдаудан жалпыға көшу, сырттай түрліше жүйелердің құрылымдық ұқастығын анықтау, бастапқы берілген тапсырмаларды дара тапсырмаларға бөлу және т.б. әрекеттер оқу-зерттеушілік қызмет элементтері болып табылады.


Әдебиет:
1. Мижериков В.А., Ермоленко М.Н., Введение в педагогическую деятельность. – М., 2002 г.
2. Никитина Н.Н., Кислинская Н.В., М.Н., Введение в педагогическую деятельность. – М., 2004 г.
3. Рувинский Л.И., Мамандыққа кіріспе. – А., 1991 ж.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет