Дәріс Омыртқалылар тип тармағының сипаттамасы. Дөңгелекауыздылар класы, құрылысы, қызметі


Миногалар - барлық суларда тіршілік ететін космополиттер. Теңіз миногасының



бет5/6
Дата10.02.2023
өлшемі59,37 Kb.
#168212
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Лекция 2. Зоология
3.5. Талдағыштар. Соматосенсорлық, 3.5. Талдағыштар. Соматосенсорлық, письмо, письмо, письмо, Лекция 2. Зоология, Лекция 2. Зоология, Лекция 2. Зоология
Миногалар - барлық суларда тіршілік ететін космополиттер.
Теңіз миногасының ұзындығы 50— 100 сантиметрдей. Бұлар Атлант мүхитының теңіздерінде түрлі тереңдіктерде тіршілік етеді, кейде оларды 500 метр терендіктен де кездестіруге болады. ал уылдырық шашу үшін өзенге шығады. Негізінен балықтармен және су түбіндегі омыртқасыздармен қоректенеді. Теңіз миногалары уылдырығын көктемде шашады. Уылдырықтарын су түбін қазып, шұңқыр жасап салады. Кәсіптік маңызы аз.
Каспий миногасы - Каспий теңізінде тіршілік етеді де, уылдырық шашу үшін қыркүйек айынан бастап желтоқсан айына дейін Еділ, Жайық, Кура, Терек өзендеріне шығады. Теңізден өзенге шығу кезінде үйір-үйір болып, өзен ағысына қарсы жоғары қарай бірнеше жүз километр өрістеп көтеріледі. Уылдырық шашуы наурыз айында басталып, маусым айында аяқталады. Уылдырықтарын су түбіндегі топырақтан жасалған арнаулы шұңқырларға салады. Уылдырық шашуға шыққан миногалар қоректенбейді, ал уылдырық шашып болған соң олардың барлығы тіршілігін тоқтатады. Каспий миногасының кәсіптік маңызы үлкен.
Өзен миногасының денесінің ұзындығы 40 сантиметрдей болады. Бұлар Еуропа мен Азияның солтүстігінде және Солтүстік Америка теңіздерінде кездеседі. Уылдырығын өзенге барып шашады. Олардың уылдырық шашу кезіндегі пайда болған тобы мамыр айында теңізден шығып, Нева өзеніне маусым айына дейін келіп жетеді, маусым айының аяғында уылдырық шашады. Уылдырық шашуға келе жатқан миногалар қоректенбейді, сондықтан олардың ішектері шөжіп кетеді. Көктемгі уылдырық шашу процесінен басқа, күзде де уылдырық шашу процесі байқалады. Бұл жағдайда миногалар өзенде қыстап шығады да, келесі жазда уылдырығын шашады. Өзен миногаларыньщ Каспий миногасына карағанда кәсіптік маңызы аз.
Бұлақ миногасының ұзындығы 30 сантиметрге жуық, Еуропа өзендерін мекендейтін, ешуақытта теңізде кездеспейтін жануар. Уылдырығын мамыр айында шашады, уылдырығын шашып болғасын тіршілігін тоқтатады. Кәсіптік маңызы жоқ.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет