Неоплатонизм (жаңа платонизм) ілімі.
Осы кезде пайда болған жаңа ілім - неоплатонизм- платонизмнің іліміне жаңа тыныс беріп “идеялар әлемі² мен “жердегі әлемді², “Эманация² ұғымы арқылы қосты (emanatіo, лат. сөзі- тасу, ағу, тарау). ілімнің негізін қалаған Плотин. Сатылы болмыстың ең биігінде - Бір-игілік ұғымы жатыр, оны ақыл-ой елегінен өткізуге болмайды, оған тек құдіретті экстаз жолымен ғана жетуге болады (extasіs,-грек сөзі,- ерекше буырқану сатысына жетіп ақыл-ой елігінен тыс тікелей аңғару).
Бір-игілік соншалықты жетілгендігінен арнасынан шығып, шалқып-тасып, эманациялайды (ағады). Сол себептен Дүниеге таза болмыс- ақыл (нус) әлемі келеді Ол да шеңберінен шығып - жан-дүние (псюхе) әлемін тудырады.
Плотиннің жүйесінде дүниежүзілік ақыл-ой Платонның “идеялар әлеміне² тең келеді.
Жанға келер болсақ, Дүниежүзілік ақыл-ой соншалықты жетілген әлем болғаннан кейін басқаны тудырмай қоймайды- ол жан әлемін дүниеге әкеледі.
Ал жанның өзі барлық тіршілікті Дүниеге әкеледі, жердегі, судағы, аспандағы ма - бәрі дүниежүзілік жанның туындылары. Аспан пен күнді де тудырған сол жан. Сонымен жан-дүние материяны жарып өтіп, оған мән-мағна, құндық, әсемдік береді. Жан-дүниесіз материя - күнгірт тұңғұйық, өлі, мүлде бейболмыс, одан Құдайлардың өзі-ақ қорқады,- дейді Плотин.
Қорыта келе, біз неоплатонизм ағымының философиялық ой-елігінен гөрі діни шеңберіне қарай жылжып бара жатқанын байқаймыз. Эманация жөніндегі ой-пікір - осы дінге қарай қозғалыстың айғағы.
Патристикалық философия. Киелі Августиннің ілімі.
Патристикалық философия (patrіs - лат. сөзі - әке).
Патристикалық философияның негізгі мақсаты - христиан дінінің қағидаларын белгілі бір жүйеге келтіріп, оған философиялық тірек жасауда болды. Ертедегі Грек философиясындағы ерікті ой-елегі патристикада аян идеясына келіп тіреледі. Яғни, философияның мақсаты – Библияның негізгі қағидаларын терең түсіндіру мәселелеріне келіп тіреледі.
Патристикадағы онтологиялық (болмыс) мәселелері Құдайдың төнірегінде қаралады. Патристика монотеизмді (бірқұдайлықты) қорғайды, көне замандағы көпқұдайлыққа қарсы шығады.
Құдай идеясы патристикада бір жағынан толық игілік, әділеттілік, құдіреттілік тұрғысынан қаралса, екінші жағынан, ол абсолютті болғаннан кейін, оның ешқандай қасиетін сипаттауға болмайды, ешқандай анықтама берілмейді, өйткені, Құдай бұл болмыстың аржағында. Бұл Дүние – жаратылған, сондықтан Жаратышудан анағұрлым төменде; материя – жаратылған нәрсе болғаннан кейін оның шырмауынан құтылуға болады.
Сонымен қатар, бұл Дүниені Құдай мақсатқа лайықты әсем, игі қылып жаратты.
Патристикалық философияның терең түп-тамыры мистикаға кетеді. Мысалы, христиан дінінің “дүниені жоқтан жарату², троица (үштік) қағидасы қарапайым сананың да, теоретикалық ойлаудың да шеңберінен шыққан түсініксіз мистикалық нәрсе. Сондықтан, Тертуллианның “credo, quіa absurdum est² (сенемін, өйткені ақыл-ойға сыймайды),- деген нақыл сөзі сол кездегі философиялық ақуалды шынайы бейнелейді. Енді патристиканың көп өкілдерінің ішіндегі аса ірі тұлғасы киелі Августинге тоқтап, оның философиялық көзқарастарын талдайық.
Бүкіл Христиан философиясының ірі тұлғаларының бірі - киелі Августин. Ол 354ж. Тагаст қаласында (Африка) Дүниеге келеді.
Августиннің негізгі философиялық еңбектері “Құдай қаласы жөнінде², “Сыр шегу, “Академиктерге қарсы², “Жанның өлместігі² т.с.с.
Августиннің шығармашылық жолында оның христиан дініне өтуі және оны бүкіл жүрегімен, жан-тәнімен қабылдауы үлкен із қалдырды.
Егер жас кезінде ол ақыл-оймен дүниені тану - ең биік жетістік, ал диалектика - ойлаудың ең негізгі құралы деп есептесе, Христиан дініне өтіп оны іштей қабылдағаннан кейін, оның философиясында негізгі орынды Құдайға сену алады. Сенімнің арқасында пайда болатын “ішкі сәуле² анағұрлым биік санала бастайды.
Бірақ, Августиннің ойынша, сенім ақыл-оймен қайшылыққа келмеуі керек. 2 ғасырда өмір сүрген Тертуллианның “Сенемін, өйткені абсурдты² (credo guіa absurdum), яғни ақыл-ойға симайды, қарсы келеді,- деген пікірін Августин қабылдамайды. Керісінше, ой елігінен өткізілмеген сенім, сенім болмайды. Ақыл-ой арқылы адам өзінің Құдайға деген сенімін әрі-қарай нығайтуы керек. Соныменен сенім мен ақыл-ой, зерде бірін-бірі толықтырады. “Сенемін түсіну үшін², “түсінемін сену үшін² деген көзқарасқа жол ашылады.
Августин “Сені шақырамын, Құдай-ақиқат, сенде, сенен, сенің арқаңда барлық ақиқат - ақиқат. Құдай- дана, сонымен, содан, сол арқылы даналыққа жететіндер жетеді. Құдай- зерделі сәуле, сонымен, содан, сол арқылы қайсы бір зерделі сәуле жарқырайды,- деп толғанып айтады.
Достарыңызбен бөлісу: |