Дәрістер. 1 тақырып. Философия, оның пәні мен қоғамдық маңызы



бет46/175
Дата24.10.2023
өлшемі2,79 Mb.
#187769
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   175
Байланысты:
lektsii po filosofii

Номинализм (nomіnіs, - лат. сөзі, - заттың аты) схоластикадағы жалпы ұғымдардың болмыстық мағынасын мойындамайтын, олар тек қана ой-өрісте ғана деп санайтын ағым. Номиналистер шын өміріде тек қана заттар өмір сүреді, универсалиялар - жалпы ұғымдар тек қана заттардың аты, біздің ауызымыздан шығатын дыбыстар ғана,- деген пікірге келеді. Осы тұрғыдан олар Құдайдың үш тұлғалығын да қатты сынға алды.
Реализм бағытына келер болсақ (realіs, - лат. сөзі,- шынайы зат), олар номинализмге қарсы бағыталған, универсалиялар - жалпы ұғымдар - шынайы және адамдардың санасына тәуелсіз өмір сүреді,- деген пікірді ұстайды.
Концептуализм бағыты (conceptus, - лат. сөзі, - ұғым) жалпы ұғымдар бөлек өмір сүре алмай, болмыстық орны болмағанмен, бірақ олар тек қана заттарға қойылған ой емес, негізінде ақыл-оймен қорытылған заттардың жалпы қасиеттерін бейнелейді, - деген пікірге келеді.
Сонымен, концептуализм бір-біріне қарсы тұрған екі бағыттың сыңар жақтығын байқап универсалия мәселесін дұрыс шешу жолына шығады.
Схоластика философияның пісіп-жетілген кезінде өмір сүрген Орта ғасырдағы аса ұлы тұлғалалардың бірі Фома Аквинский (1221-1274 жж.) Италия елінде бай ақсүйектердің жан-ұясында дүниеге келген. Неаполь университетінде оқыған 1256-59 жж. Париж университетінің теология кафедрасын басқарған. Өмірінің соңында ел аралап Европа университеттерінде лекциялар оқиды. “1323ж. әулие докторұ атағы беріліп, шіркеудің бесінші ғұламасы болып есептелген.
Өмірінің және өзінің жазған еңбектерінің түкке тұрғысыздығы Фомаға өлерінің алдында ашылса да, соған қарамастан ол кітаптарын жазуды қоймады. Өзінің көмекшісінің “демалыңызшы² деген тілегіне “Жоқ, өйткені менің осы уақытқа дейін жазғанымның бәрі қазір менің көз алдыма келген аянмен салыстырғанда күл сияқты²,- деген аңыз қалған.
Фома Аквинскийдің негізгі еңбегі “ Теология жинағы², “Табиғаттың бастамалары²,“Мән мен өмір сүру жайлы² т.с.с.
Орта ғасырлық схоластикада Фома Аквинский ең көлемді жан-жақты Құдайдың болмысын дәлелдеулерін келтіреді. Олар - бесеу.
1.Қозғалыс арқылы дәлелдеу. Бұл Дүниеде бірдеңе қозғалатынына ешкім күмән келтірмес,- дейді ойшыл. Мысалы, оттың актуальдық жылуы ағаштың потенциалдық жылуының актуальдық жылуына өтуіне, яғни, оны өзгеріске, қозғалысқа әкеледі. Бірақ белгілі бір зат бір уақытта потенциалды және актуальды бір қатынаста бола алмайды. Актуальды ыстық зат потенциалды ыстық бола алмайды. Олай болса, бірдеңе бір уақытта, қозғалушы және қозғалтушы бола алмайды, яғни заттың өзі - өз қозғалысының қайнар көзі емес. Онда қайсыбір қозғалыс басқа қозғаушы күшті талап етеді, соңғы тағы да басқаны т.с.с. Бірақ оны шексіздікке кетіру мүмкін емес. Олай болса, біз бірінші өзі қозғалмайтын қозғаушы күшті, қажет етеміз. Ол - Құдай.
2. Тудырушы себеп арқылы дәлелдеу. Сезімдік заттарға назар аударсақ, біз тудырушы себептердің бірінің артынан бірі келіп отыратынын байқаймыз. Алайда бірде бір өзін-өзі тудырған затты ешкім көрген жоқ. Олай болатын болса, зат өзінің алдында өзі Дүниеге келер еді - ол мүмкін емес.
Алайда, тудырушы себептерді шексіз соза берсек, онда бірінші себеп болмас еді, ол жоқта салдарлар да жоқ болар еді. Ол ақыл-ойға сыймайды. Олай болса, алғашқы Дүниені тудырған себепті мойындау керек. Ол - Құдай.
3. Мүмкіндік пен қажеттілік арқылы дәлелдеу. Біз Дүниеде болулығы мүмкін және мүмкін емес заттарды күнбе-күн көреміз. Бүгін бар, ертең жоқ. Бірдеңе Дүниеге келіп, содан кейін кетеді. Мұндай заттардың мәңгілік болмысы жоқ. Бірдеңенің бейболмысқа өтуі мүмкін болса, ол ертелі-кеш оған өтеді. Олай болса Дүниедегінің бәрі де бір күні жоқ болуы мүмкін. Егер бұл тұжырым ақиқат болса, онда қазір ештеңе жоқ, өйткені бейбарлық болмысқа барлық арқылы келеді.
Сонымен, ешқандай барлық болмаса, онда ештеңе болмысқа өтпес еді, дүниеде ештеңе болмас еді - ол жалған. Олай болса, барлықтың бәрі де кездейсоқ емес, Дүниеде қажетті бірдеңе болуы керек. Сондықтан біз өзінің тудырушы себебі жоқ қажеттіктің болуын мойындауымыз керек. Ол қажеттілік - Құдай.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   175




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет