Р.Декарттың этикалық көзқарастары Р.Декарттың этикалық көзқарастары адамның құмарту сезiмдерiмен байланысты түрде қаралады. Олардың бәрiн негiзгi алты сезiмге әкелiп теңеуге болады. Олар - таңғалу,сүю, жек көру, тiлеу, қуану мен қайғыру. Олардың көбi адамның сезiмдiк заттарға деген iңкәрiнен туады да адамның жан-дүниесiн зардапқа толтырады. Ақыл-ой арқылы оларды жою мүмкiн емес. Олай болса, олардың бәрiн адамның жан-дүниесiне сәйкес келетiн бiр құмартумен алмастыру керек. Ол қандай құмарту сезiмi болуы керек деген сұраққа ойшыл өзiнше жауап бередi. Оның ойынша, ол дүниетануға деген жанның құмартуы, адамның дуниедегi құбылыстарға қызығушылықпен қарауы.
Қорыта келе, Р.Декарттың философиясының болашақ дүниеге деген көзқарастардың дамуына зор әсерiн тигiзгенiн атап өтемiз. Сонымен қатар, философияда әр-түрлi қайшылықтар етек алып, әр-түрлi бағыттардың арасындағы курестер күшейе түседi. Солардың iшiнде Ф.Бэконның философиясын әрi қарай дамытып, сонымен қатар Р.Декарттың философиясын сынға алған ойшылдардың iшiнде, әсiресе, Т.Гоббсты атап өтуге болады.
Т.Гоббстың философиялық көзқарастары Томас Гоббс (1588-1679ж.ж.) - ағылшын философы, Оксфорд университетiнде оқып бiлiм алған. Негiзгi еңбектерi “Азамат жөнiнде², “Левиафан, я Материя, шiркеу мен азаматтық мемлекеттiң билiгi мен бiтiмi²т. с.с. Жаңа дәуiрдегi алғашқы философтармен салыстырғанда Т.Гоббс философия пәнiн ақыл-ой арқылы дүние танумен теңеп, оның шеңберiнен үзiлдi-кесiлдi теологияны шығарып тастады. Сонымен қатар, ол дiндi, Құдайға сенудi қарапайым халыққа керек нәрсе деп есептедi, әсiресе, ол оның моральдық жетiлуiнiң тiрегiн құрайды.
Т.Гоббстың онтологиялық көзқарастарына келер болсақ, ол Дүниенi бүкiл өмiрде болып жатқан барлық денелердiң жиынтығы ретiнде қарайды. Олардан басқа ешнәрсе жоқ. Гоббстың ойынша, нақтылы өмiр сүрiп жатқан дененiң өзi сол субстанция. Ал дененiң созылуы мен бiтiмi оның негiзгi қасиеттерiне (акциденцияларына) жатады. Қозғалыс пен тұрақтылықты алар болсақ, олар, әрине, көп денелердiң қасиеттерi, бiрақ, қозғалмайтын денелер де болуы мүмкiн. Ал заттардың иiсi,түсi,дыбысын алар болсақ, бұл қасиеттер пайда болып келесi сәтте-ақ жоғалып жатады. Олар көбiне заттардан гөрi соларды қабылдайтын адамдардың түйсiгiне байланысты.
Т.Гоббстың ойынша, қайсыбiр субстанция нақтылы болғаннан кейiн, абстракталық субстанцияны мойындауға болмайды,- ол нәтижесiз. Материя деген ұғым - ол тек қана бүкiл дүниедегi заттарға қойылған ат қана.
Т.Гоббс дене жоқ жерде кеңiстiк те жоқ деген пiкiрге келедi. Кеңiстiк - әрқашанда нақтылы заттың, дененiң көлемi.
Уақыт та қозғалып жатқан нақтылы заттардың өлшемi ғана. Ал Дүниеде болып жатқан таза ұзақтылықты ойшыл үзiлдi-кесiлдi терiске шығарады.
Дүниедегi себептiлiкке тоқталатын болсақ, Т.Гоббс “соңғы себеп², “формальды себеп² деген сияқты ұғымдарды терiске шығарып, тек қана материалдық және қозғаушы себептердi мойындайды. Бiрақ, осы жолда ол үлкен қиындықтарға кез болады. Дүниедегi саны шексiз заттардың қозғалысының қайнар көзi қайдан шығады? Тек ХУIII ғ материалистерi оны материаның iшкi қасиетi деп мойындады. Ал Т.Гоббсқа келер болсақ, ол Декарт сияқты Құдайды мойындауға мәжбүр болды, өйткенi, Ол - алғашқы Дүниенi қозғаушы күш, ал содан кейiн Дүние өз заңдылықтарының негiзiнде өмiр сүре бастайды.