Дәрістер. 1 тақырып. Философия, оның пәні мен қоғамдық маңызы


Гельвеций (1715-1771ж.ж.)



бет82/175
Дата24.10.2023
өлшемі2,79 Mb.
#187769
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   175
Байланысты:
lektsii po filosofii

Гельвеций (1715-1771ж.ж.) де осы көрсетiлген тұрғыдан мораль мәселелерiн қарап, адамның қайсыбiр ләззат алу формаларының негiзiнде сезiм толқыны жатыр, ал кейбiр адамдардың өзiмшiлдiгiне келер болсақ, оны тәрбиенiң негiзiнде түзеуге болады деген пiкiр айтады.
Гольбах (1723-1789ж.ж.) өзiнiң “Табиғат жүйесi² деген көлемдi еңбегiнде “өзiмен-өзi өмiр сүрiп жатқан табиғат дүниедеге барлық құбылыстардың себебiн құрайды²,- деген батыл да терең пiкiрге келедi. Табиғат дегенiмiз - орасан зор шеберхана. Материяның негiзгi өмiр сүру тәсiлi - қозғалыс. Ал тарту мен инерция - материаның ең терең табиғи қасиеттерi.
Өзiнiң әлеуметтiк философиясында ғалым адамдарды азаматтылыққа, заңға көнуге, елдi қорғауға, қайсыбiр саясаттағы озбырлыққа қарсы күресуге, ағарған басқару жүйесiн орнатуға шақырады.
Мораль саласындағы негiзгi құндылықтарға ол iзгiлiк, ақиқат, зерденi жатқызып - тек соларға ғана табынуға болады,- деген пiкiрге келедi. Ол қайсыбiр дiни көзқарастарды қабылдамай, дiни надандықтан арылуға шақырады.
Дидро (1713-1784) - аса ұлы француз ағартушыларының бiрi. Оның басшылығы мен ұйымдастыру қабiлетiнiң арқасында ХУIII ғ “Француз энциклопедиясы² басылып шыға бастады (салыстырыңыз - Қазақ совет энциклопедиясы ХХғ 70-шi жылдарында жарық көре бастады). Онда сол кезге дейiн жыйналған ғылыми деректердiң негiзiнде дүниеге жаңа көзқарас, жаңа саяси, құқтық, гуманистiк идеялар дүниеге келiп кеңiнен қоғамда тарала бастайды. Ол француз халқының рухани жаңаруына өзiнiң өшпес iзiн қалдырды.
Негiзгi еңбектерi “Табиғатты түсiнудегi ойлар жөнiнде², “Д'Аламбердiң Дидромен сұхбаты², “Материя мен қозғалыстың философиялық принциптерi² т.с.с.
Егер француз ағартушыларының көпшiлiгi деистiк көзқараста болса, Дидро өзiнiң философиялық көзқарастарында таза материалистiк бағытқа көшедi.
Дүниедегi субстанция бiреу ғана - ол материя, ал оның себебi өзiнiң iшiнде, сондықтан, оны түсiнiп тану үшiн ешқандай Құдай идеясы керек емес. Материяны ешкiм жаратқан жоқ, ол өзiнiң даму заңдылықтарының негiзiнде мәңгiлiк өмiр сүрiп жатыр. Дидро материяның өмiр сүру тәсiлiн қозғалыстан көредi, сондықтан, оларды бiр-бiрiнен ажырата алмаймыз. Бүкiл табиғат мәңгi қозғалыста, бiр нәрселер жойылып, екiншiлерi оның орнына келiп жатыр. Дидроның ең тамаша ойы - ол материяның өзiндiк iшкi күштерiн мойындап және оның қайнар көзiн iшкi қайшылықтардан iздейдi.
Адам мәселесiне келер болсақ, Дидро оны басқа тiршiлiктер сияқты өзiнiң қалыптасу, жетiлу тарихынан өттi деген пiкiрге келедi. Адамның санасы - ол Құдайдың оған берген сыйы емес, ол материяның даму жолында пайда болған құбылыс. Ол тiршiлiктiң күрделену жолында пайда болады.
“Қоғамдық шарт² теориясына сүйене отырып, Дидро корольдiң билiгiнiң Құдай берген билiгi жөнiндегi сол кездегi кең тараған пiкiрге қарсы шығып, оны әшкерлейдi. Ол конституциямен шектелген монархияны жақтап, ағарған билiктiң қажет екенiн көрсету жолында талай ойларды қозғайды.
Адамның өзiмшiлдiгiн мойындағанмен, Дидро оны ақыл-оймен тежеп, басқалардың да мүдделерiн түсiнiп, адам өзiн-өзi тежей, шеңберлей алатын дәрежеге көтерiлуi керек деген гуманистiк ойларды келтiредi.
Қорыта келе, бiз француз ағартушыларының философия тарихындағы алатын ерекше орнын тағы да атап өткiмiз келедi. Олардың айтып кеткен көп ойлары осы күнге дейiн өзiнiң өзектiгiмен бiздi таңғалдырып, iшкi дүниемiзде шабыт оятып, жаңа ой-пiкiрлердi тудырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   175




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет