Дәрістер. 1 тақырып. Философия, оның пәні мен қоғамдық маңызы


тақырып. ХХ ғасырдағы философия



бет94/175
Дата24.10.2023
өлшемі2,79 Mb.
#187769
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   175
Байланысты:
lektsii po filosofii

11 тақырып. ХХ ғасырдағы философия
1.ХХ ғасыр философиясы тарихына шолу
2. ХХ ғасырдағы философиялық бағытар
Жаңа ғана көз алдымыздан өткен ХХ ғасыр тарихтың қойнауына кiрiп тыныштыққа ие болып жатыр. Болашақта оның адамзат тарихына тигiзген ықпалы терең түрде талданып анықталады. Дегенмен, бүгiнгi таңның өзiнде бiз оған көз жiберiп, оның адамзат тарихына тигiзген орасан-зор ықпалын, терең де ұшкiр қайшылықтарын, жетiстiктерi мен кемшiлiктерiн т.с.с. талдауымызға әбден болады. Сонда ғана бiз осы ғасыр тудырған философиялық ой-пiкiрлердi жете түсiне аламыз.
ХХ ғасыр адамзаттың дүниетану мүмкiншiлiгi мен соның негiзiнде оны қайта өзгертудiң тамаша жетiстiктерiн көрсете бiлдi. Изиданың жапқышының үстiндегi “ Мен - Солмын, болғам, болып жатырмын және болашақта болам да, өтпелi пәнде менiң жапқышымның етегiн ешқашанда көтере алмайды²,- деп жазған сөздердi адамзаты ХХ ғасырда терiске шығарған сияқты. Осы ғасырда табиғаттың ең терең құпиялары ашылып, адам игiлiгiне жұмсала басталды. Мысалы, бұгiнгi Францияда қоғамға қажет электр қуатының 68 пайызын атомдық электростанциялар бередi! Бұгiнгi адам ми далада жұрiп, ұялы телефонмен ғарыш арқылы мыңдаған шақырым алыстықта өмiр сүрiп жатқан жолдасымен, я болмаса әрiптесiмен сөйлесе алады, компьютер арқылы неше-түрлi ақпаратты қабылдап, өзiнiң бiлiмiн өсiрiп, өмiрде пайдаланады. Лондонның “Хитроу² аэропортынан “Конкорд² деген дыбыстан да жұйрiк ұшаққа мiнiп, бiрнеше сағаттан кейiн жердiң ана жақ бетiндегi “Кеннеди² атындағы аэропортқа қонып, АҚШ-тан бiрақ шығуға болады ! Бұгiнгi таңда Ғарыштағы жасанды серiктер мұхиттағы балықтардың жиналған жерiн анықтап, сол жерге кемелердi жiбередi, қай жерде қандай табиғи байлықтар барын болжай алады, ауа-райы жөнiнде мәлiмет берiп, т.с.с. ақпараттар жеткiзедi. ХХ ғасырда жасалып бұгiнгi миллиардтаған адамдардың өмiрiне кеңiнен кiрген заттардың iшiнен машиналар мен ұшақтарды, неше-түрлi байланыс жүйелерiн, радио мен телевидениенi, компьютерлердi, жасанды материалдарды т.с.с. атап өтуге болар едi. Бұлардың бәрi де тек ХХ ғасырда пайда болып өмiрдi күрт өзгерттi ! ХХ ғасырда пайда болған өндiргiш күштердiң қуаты бүкiл адамзат цивилизациясының бұрынғы 4-5 мың жылдардағы жасағанынан анағұрлым асып тұседi ! Бұл айтылған деректердiң бәрi де болашаққа деген оптимистiк өмiрсезiмiн тудырып, табиғаттың барлық стихиялық күштерi ертелi-кеш игерiледi деген сциентистiк көзқарастарды тудырды.
Бiрақ, бiз бұл жерде “шыңға қарай өрлеу - құлдырауды тереңдете тұседi²,- деген нақыл сөздi естен шығармағанымыз жөн. Атомдық электростанциялармен бiрге өмiрде атомдық бомбалар пайда болып Хиросима мен Нагасакидiң трагедиясына, Семей полигоны сияқты радиациямен уланған жерлердiң көбейуiне, ол жердегi өмiр сүрiп жатқан адамдардың геноцидке ұшырауына әкелiп соқты. Чернобыль атомдық станциясындағы жарылыс адамзаттың ғылыми тәкәппарлығын су сепкендей басып: “Тоқта, сен Құдай емессiң, аяғыңды байқап бас²,- деген сияқты болды.
ХХ ғасырдағы қоғамдық өзгерiстерге келер болсақ - олар да қайшылықтарға толы. Бiр жағынан адамзаттың мыңдаған жылдар армандаған “жерұйығын² - коммунизмдi дұниеге еңгiзуге бағытталған орасан-зор батыл да қайғылы әлеуметтiк тәжiрибе ХХ ғ 70 жылдан артық уақытын алды. Ақырында, ол тарихи тұйықтыққа әкелiп тiредi. Дұниенiң байлығын қайта бөлу әрекетi екi бұрынғы-соңды болмаған Дүниежүзiлiк соғыстарға әкелiп, миллиондаған қыршын жастардың өмiрiн алып кеттi. Гитлер мен Сталиннiң жасаған залымдықтарымен салыстырсақ, Калигула мен Неронның, Атилла мен Шыңғысханның, Иван-Грозный мен Наполеонның жасағандары баланың ойыншығы сияқты ! Мұндай жағдай философиядағы адам өмiрiне деген терең тебiренiстердi тудырып “өмiр философиясын», әсiресе, экзистенциализм бағытын күшейтiп, оның “дiни² және “атеистiк² бағыттарын дүниеге әкелдi.
ХХ ғ екiншi жартысында дамыған капиталистiк елдер “постиндустриалдық цивилизацияның² шеңберiне кiрiп өздерiнiң халықтарына жеңiл де бай өмiр салтын ұсынды. Демократия бiршама жетiстiктерге жетiп, “адам құқтарының² сақталуына көп көңiл бөлiне бастады.
Бiрақ байлықтың өсуi адамзаттың рухани-адамгершiлiк жолындағы өрлеуiн тездеткен жоқ, тiптi, керiсiнше, оны тоқыратып тастағандай болды. Бiр жағынан, жер бетiнде өмiрдiң қызығына тоймай, күнбе-күнгi өмiрден ләззат iздеген дамыған елдердегi “алтын миллиард, екiншi жағынан, күнбе-күн аштықтың зардабын көрген тағы да “миллиард², ал ол екеуiнiң ортасында аласапыран қиындықтарды басынан өткiзiп, жақсы өмiрге ұмтылып жатқан кедей елдердегi адамзаттың қалған 4 миллиарды! Бұгiнгi таңда ХХ ғ орта кезеңiнде пайда болған адамзаттың жарқын болашағы жөнiндегi идеялар бiршама сөнiп, ғасырдың аяғына қарай пессимистiк антисциентистiк дүниесезiм бой алып келе жатқан секiлдi.
Ал ендi ХХ ғасырдың рухани мәдениетiне тоқталсақ, ол да неше-түрлi шытырман қайшылықтарға толы. Бiр жағынан, орасан-зор ғылыми жетiстiктер, мәдениет құндылықтарын миллиондаған данамен басып халыққа тарату мүмкiншiлiктерiнiң өсуi т.с.с., екiншi жағынан, адамның техника, өлi байлық, дене ләззатының құлына айналуы. Бiр жағынан, ХХ ғ бүкiл адамзат тарихының беттерiнде сирек кездесетiн ұлы гуманистер - Тереза-ана, А.Сахаров, А.Швейцер, Махатма Ганди т.с.с. өмiр сұрсе, екiншi жағынан, бұл ғасыр Гитлер, Сталин, Муссолини, Пол-Пот т.с.с. залымдарды дүниеге әкелдi.
Бүгiнгi адамзатына керектi нәрсе - жер бетiндегi Ғарыштың әсем гүлi - өмiрдi сақтап қалу, ғылымның жетiстiктерiн адамгершiлiкпен ұштастырып, жаңа жағдайда “мәңгi сұрақ²- адамның өмiрiнiң мән-мағнасы мен не ұшiн жаратылғанына - жаңа шешiм iздеу, осы жолда бақталастық емес, халықтардың бiр-бiрiн толықтыруы, өзара бiр-бiрiн ақтауы, көмектесуi қажет сияқты.
Әрине, мұндай талдауларды әрi қарай жалғастыра беруге болар едi.
Бiрақ, жоғарыда көрсетiлген сиппатамалар ХХ ғ пайда болған философияның ағымдарын жете түсiнуге мүмкiншiлiк бередi деген ойдамыз. Олай болса, өткен ғасырда пайда болған көп философиялық ағымдардың негiзгiлерiн талдауға көшейiк.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   175




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет