Дәрістер. 1 тақырып. Философия, оның пәні мен қоғамдық маңызы


Серен Кьеркогер (1813 - 1855 ж.ж.)-



бет93/175
Дата24.10.2023
өлшемі2,79 Mb.
#187769
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   ...   175
Байланысты:
lektsii po filosofii

Серен Кьеркогер (1813 - 1855 ж.ж.)- өз заманында бағаланбаған, жалғыздықтың зардабын толығынан басынан өткiзген, бүкiл өмiрiн жеке тұлғаның iшкi рухани өмiрiнiң қайталанбас жақтарын, оның Құдаймен тiкелей байланысын көрсеткiсi келген Дания елiнен шыққан дiни философ. Оның философиялық көзқарасы мен жалпы дүниесезiмiнiң қалыптасуына әкесiнiң дiни дүниесезiмi мен “бiздiң жан-ұямызға Құдай қарғысын атты² деген жалған пiкiрi үлкен әсерiн тигiздi. Жас Кьеркогер әлсiз болып, неше-түрлi аурулардан шықпай өстi, бұл жағдай да оның дүниесезiмiне өз әсерiн тигiзсе керек. Ең соңында, ол 1841 ж. белгiсiз себептерге байланысты өзiнiң терең махаббаты Регина Ольсен деген қыздан үйленерiнiң алдында бас тартады. Осыдан кейiн ол толығынан дiни сезiмге берiлiп әкесiнен қалған үлкен үйде жазушылық iсiмен айналысып, қалада жүрттың көзiне өте сирек кездеседi. Әкесiнен қалған барлық қаражатты өзiнiң жазған көп шығармаларын жарыққа шығаруға жұмсайды. Негiзгi еңбектерi: “Әлде- әлде², “Үрей мен қалтырау. Диалектикалық лирика². “Ажалға бастайтын ауру. Қайта туу мен оянуға бағытталған христиандық-психологиялық тебiренiстер² т.с.с.
Жалпы алғанда өзiнiң қысқа өмiрiнiң шеңберiнде бұл кiсi 28 томдық еңбектердi тудырған, соның iшiнде 14 томы - оның күнделiктерi. өз заманында атағы шықпаған философ ХХ ғ үлкен құрметке бөленедi, оның шығармашылығына арналған мыңдаған зерттеулер жарық көредi. 1948 ж. берi Копенгаген қаласында “Кьеркогериана² деген осы ойшылдың көзқарасын зерттеуге арналған журнал шығады.
Өзiнiң шығармашылық жолының басында Кьеркогер қайсыбiр философиялық жүйенi жасаудан бас тартып, соңғының ең биiк шыңы - Гегельдiң философиясын қатты сынға алады. Өйткенi, оның философиясында рационализм өзiнiң шегiне жетiп панлогистiк дәрежеге көтерiлдi ( pan,- грек сөзi,- бәрi де, logos,- ақыл-ой). Гегельдiң ойынша, болмыс - ойлаумен тең, ақыл-ойдың шеңберiнен шығаттынның бәрi де ақиқатты емес, Ғарышта өжеттi танымның аша алмайтын ешқандай сиқыры болмақ емес.
Кьеркогер мұндай көзқарасқа үзiлдi-кесiлдi қарсы шығады, өйткенi, болмысты жүйелеу мүмкiн емес. Қайсыбiр жүйе - аяқталғандықпен тең, ал болмыс үне-бойы өзгерiсте. Екiншi жағынан, Гегель тұлғаны объективтi нақтылы-тарихи шеңбердiң iшiне қойып түсiнедi, яғни жеке тұлғаның өзiндiк қайталанбайтын тек соған ғана тән өмiрi, оның еркi тарихтың қадамының астында көмiледi. Сондықтан, ол Гегельдiң объективтiк диалектикасына өзiнiң субъективтi, жеке тұлғаның өмiр сүру (экзистенциалдық) диалектикасын қарсы қояды. Оның ойынша, қайсыбiр дүние жөнiндегi жаратылыстануға негiзделген ғылыми көзқарас - залымдықтың нышаны. Жаратылыстану ең соңында адамзаттың құруына әкелуi мүмкiн,- дейдi Кьеркогер. Ойшылдың бұл пiкiрiн үстiрт қарамай терең ойласақ, расында да, бүгiнгi таңда ғылым адамға көп жақсылық әкелгенiн бәрiмiз де бiлемiз, сонымен қатар, ядролық соғыс пен экологиялық апаттың мүмкiндiгiн адамзат жоя алмай отырғаны да - бүгiнгi таңдағы ақиқат.
Кьеркогердiң ызасын келтiретiн нәрсе - ол адамды объект ретiнде қарап зерттеу, өйткенi, адам - рухтың басшылығымен өмiр сүрiп жатқан жан мен дененiң бiрлiгi, жеме-жемге келгенде ол - рух. Ойшыл рух - ойлаумен тең емес, олай болса, ол - қисынның заңдарына тәуелдi емес деген пiкiрге келедi. Сондықтан, философияның негiзгi мәселесiне нақтылы адамның өмiр сүруi, оның өзiндiк санасы, iшкi рухани өмiрi жатуы керек. Егер Сократ дүниенi түсiну үшiн ең алдымен “өзiңдi тани бiл² деген болса, Кьеркогер тек қана адамның iшкi өмiрiн танумен қанағаттанып, сыртқы дүниенi, болмысты танудан үзiлдi-кесiлдi бас тартады. “Шындық, сыртқы өмiр бар ма?“,- деген сұраққа ол терiс жауап бередi. “Шындық - ол iшкi дүние (innerlichkeit), Меннiң өз Менiне деген қатынасы². Адамның iшкi өмiрi объект болмағаннан кейiн танылмайды, оны тек қана тебiренуге ғана болады. Сондықтан Кьеркогер адамның iшкi өмiрiн бейнелейтiн жаңа категорияларды философияға еңгiзедi. Олар: өмiр сүру, үрей, сәт, өту, секiру, шешiм, шектелген мен шексiздiк, мүмкiндiк пен шындық, зардап шегу, қайталау, түңiлу, өкiну, кiнә мен күнә, қайта туу т.с.с. Кьеркогердiң ойынша, бұл ұғымдар арқылы жеке адамның қайталанбас тебiренiстерiн беруге болады.
Өмiр сүру дегенiмiз -ол тебiрену, зардап шегiп, соның шеңберiнен шығуға бағытталған адамның iңкәрi. Өмiр сүру - адамның алдындағы мүмкiндiктердiң бiреуiн ерiктi түрде таңдап алып өзiнiң қайталанбайтын ерекше болмысын iске асыру, тобырға ұқсамау, одан бөлiну. Өмiр сүру дегенiмiз - iшкi шектелген мен шексiздiктiң арасындағы таңдау, соған байланысты үрей, шешiм және секiрiс. Кьеркогердiң ойынша, шешiм ешнәрсеге байланысты емес, ол тұлғаның ерiктi таңдауымен байланысты. Ал секiрiстiң өзi Гегельдiң айтып кеткен ұғымынан өзгеше - ол ешқандай дәнекерлiктi талап етпейдi, ол зерденiң шеңберiнен шығып кететiн рухтың iс-әрекетi.
Жоғарыда байқағанымыздай, Кьеркогердiң өмiр сұру диалектикасы философиядағы жалпы ұғымдардың өзара байланысы мен бiр-бiрiне өтуiнен анағұрлым алшақ жатыр. Мұнда бiз тек адамның iшкi жан-дұниесiнiң тебiренiсiн көрсететiн “сезiмдiк ұғымдарды² байқаймыз.
Адам өмiрiндегi негiзгi сұрақтар: қалай өмiр сұру, не болу керек, не нәрсеге ұмтылу қажет? Осы сұрақтарға жауап беру ретiнде Кьеркогердiң экзистенциалдық диалектикасы адам өмiрiнiң ұш сатысын суреттейдi. Олар - эстетикалық, этикалық және дiни сатылар.
Адам өмiрiнiң бiрiншi эстетикалық сатысында тiкелей сезiмдiк өмiр салты қалыптасады. Эстетикалықты Кьеркогер кең тұрде Канттың тұсiнiгiне сәйкес ақыл-ойдан бөлек сезiмдiк қабылдау мен ләззәт алу ретiнде көрсетедi. Қоғамдағы көпшiлiк осы сатының шеңберiнде өмiр сұредi. Ол дене әсемдiгiне құмарту (эротика), парықсыздық, бiр көргендегi сезiмдiк әсердiң негiзiнде кездейсоқты байланыстарға түсу, қоғамдағы үлгiге (модаға) айналған нәрселерге ынтық болу, әрбiр күн мен сағаттан, әрбiр сәттен ләззәт алуға тырысу. Бұл сатының ұраны: carpe diem, carpe horam! ( әрбiр кұн мен сағаттан ләззәт ал! ). Бұл өмiр салты адамды өзiнiң сезiмдерi мен құмартуы, ындынының құрсауынан шығармайды.
Эстетикалық сатыдағы адам уақыттың өзiн ерекше түрде бағалайды. Ол ләззәт алатын әрбiр сәтке бәрiн беруге дайын, бiрақ, келесi сезiмдiк ләззәт бұрынғыдан басқаша, нәзiк те өткiр болуы керек. Өмiрдегi бiркелкiлiк, қайталанушылық - эстетикалық өмiр салтының қас жауы. Егер Дон-Жуан мейлiнше көп сұлу әйелдерден эротикалық жыныстық жеңiске жетуге тырысса, Иоан - нәпсiқұмар әр-тұрлi нәзiк те өткiр ләззат алуға ұмтылады. Бiрақ күндер мен жылдар өткен сайын эстетикалық өмiр салты сарқыла бастайды - қайталанбайтын қайталанады, өткiр сезiм мұқалып, өңi кетедi, ләззат қуудың жалғандығы айқын көрiне бастайды, жалғыздық сезiм, өмiрге көңiлдiң толмаушылығы дүниеге келiп, тiптi одан күдер ұзуге әкеледi. Ақырында дағдарыстағы тұлғаның алдында екi таңдау жолы пайда болады: бiрiншiсi - сол бұрынғы сатыда қалып өмiрден түңiлу; екiншiсi - одан аттап өтiп келесi сатыға көтерiлу.
Келесi өмiр сатысы - этикалық. Егер эстетикалық өмiр салты ләззат алуға бағытталған болса, этикалық сатыда адам iзгiлiк жолына тұсiп, қоғам алдындағы парызды орындау соның кепiлiне айналады. Эстетикалық өмiр салтында адам өз-өзiн қанағаттандырса, этикалық сатыда жалпылықты iске асыруға тырысады. Осы арада ұлкен қайшылықтар пайда болады - адамның iшкi өзiндiк сезiмдерi оны бiржаққа жетелесе, қоғамдағы этикалық нормалардың талаптары оны екiншi жаққа сiлтейдi. Парыз талаптарына сай келуге тырысып, адам бiржақты, сезiмi сарқылған, машинаға ұқсас пәндеге айналады. Бұл бағыт барған сайын тереңдей тұсiп, қайғылы қайшылықтарға әкеледi, өйткенi, уақыттан тәуелсiз моральдық сана өтпелi адамның сезiмдiк iңкәрiнен өзiнiң iргетасын, тұрақтылығын таба алмайды. Адам моральдық жағынан алып қарағанда өз-өзiне жеткiлiктi пәнде бола алмады. Кьеркогер оның себебiн, Августин сияқты, адамның туа кұнәлiгiнен көредi.
Бұл арада “әлде-әлде² принципi таңдау мәселесiн шешпейдi, өйткенi екi сатының да ұлкен кемшiлiктерi бар, сондықтан “ол да емес, бұл да емес² деген тұжырымға өмiр диалектикасы әкеледi. Олай болса, адам ұшiншi соңғы сатыға өту шешiмiне келiп трагикалық секiрiстен өтедi. Бұл саты дiни шеңберде өтпек. Кьеркогер өз заманындағы адамдарға ренжiп, олар ғылыми танымның кереметтiгiне сенiп, адамның өмiр сүруi мен iшкi рухани тебiренiстерiнен пайда болатын мәселелердi ұмыт қалдырғаны жөнiнде айтады. Тек қана дiни сатыға көтерiлген адам ғана ол мәселелердi өзiнiң өмiрiнiң негiзiне айналдырады. Адам кұнәлi пәнде ретiнде өзiнiң кiнәсiн мойындап Құдайдың өзiмен сұхбатқа тұсiп өз-өзiн табады. Ал мұның өзi ұлкен зардап шегу арқылы келмек.
Дiни сатыны айқын суреттейтiн Библиядағы Авраамның бейнесi. Ол Құдайға сенуiнiң кепiлi ретiнде өзiнен туған сұйiктi жалғыз баласын құрбандыққа шалуға дайын. “Үрей мен қалтырау² деген еңбегiнде Кьеркогер осы Библияның сюжетiн толығынан егжей-тегжей талдап, дiни және этикалық сатылардың арасындағы шешiлмейтiн терең қайшылықтарды көрсетедi. Расында да, моральдық жолмен талдағанда Авраамның iсi адамгершiлiктен өте алыс, ол моральдық парызды ғана бұзып қойған жоқ, үлкен кешiрiлмейтiн қылмысқа шейiн баруға дайын. Авраам мен Сократтың ниеттерiнiң арасындағы қашықтық - шексiз. Сократ у iшiп, өзiнiң өмiрiн моральдық принциптi орындау жолында қияды. Ал Авраамға келер болсақ, ол Құдайдың әмiрiн орындау жолында, соған сенгендiктiң кепiлi ретiнде, өз туған баласын бауыздап, содан пайда болатын бұкiл ауыр моральдық жұктi, кұнә мен кiнәнi мойнына алуға дайын. Мұндай өте қиын қайшылықтар өмiрдiң парадокстарын тудырады. Сонымен “парадокс² ұғымы Кьеркогердiң өмiр сүру диалектикасының негiзгi категорияларының бiреуiне айналады. Парадокс дегенiмiз - адамның iшкi өмiрiнiң қайшылығынан шығатын өмiр сүру зардабы. Егер эстетикалық өмiр сатысының негiзгi категориясы - ләззат алу, этикалық сатыда - парыз болатын болса, дiни сатыда ол - зардап шегумен тең. Адам - зардап шегуге жаратылған пәнде. Өмiр - зардапқа толы. Өмiр сұру дегенiмiз - зардап шегу.
Әрине, адамның бұл өмiрде зардап шегуi - сонау көне заманнан осы уақытқа шейiн талданып келе жатқан мәселелердiң бiрi. Бiрақ, Кьеркогер оны өте өткiрлеп кұшейтедi. Оның ойынша, зардап шегу тек өмiрдiң өзiнен шығып қана қоймайды, ол - қажеттi, керек қылатын нәрсе. Егер бiз зардап шегудi мойындап қана қоймай, сонымен қатар, оны сүйетiн болсақ, сонда ғана бiз өмiр сүру деңгейiмiзде бақытсыздықтан биiктеп, бақыттың өзiнен асып түсемiз,- дейдi ұлы ойшыл. Олай болса, адам өзiнiң өмiрiн жеңiлдетiп, зардап шегуден қашудың орнына, оны, керiсiнше, ауырлату, күрделендiру қажет - сонда ғана бiз бақытсыздық пен бақыттылықты аттап өтiп, олардың арасындағы қайшылықты жоя аламыз. Әрине, Кьеркогердiң бұл идеялары христиан дiнiнiң ғасырлар бойы уағыздаған қағидаларына қарсы келдi. Соңғылар дұниедегi залымдық, әдiлетсiздiк, зардап шегу - Құдайдың алғашқы көрсеткен дұрыс жолынан адамның ауытқуынан шықты, ал жаратылған бұл дұние жалпы алғанда мiнсiз деген пiкiрде болса, Кьеркогер осы дүниенiң залымдық пен зардапқа толы екендiгiн айтады. Бiрақ, ол ұшiн бiз Құдайды сынаудан алшақ болуымыз қажет. Құдайға сену ешқандай оған кұмәндануды қажет етпейдi. Сенiм дегенiмiз - парадокс, ол жекелiктi жалпылықтан, жердегiнi аспаннан, өтпелiнi мәңгiлiктен, жеке сенiмдi моральдық қағидалардан жоғары ұстауды талап етедi. Сенiм - жеке адамның таңдауының iсi, ерiктiң шешiмi, секiрiс, тәуекелдiк, ғажайып, абсурд. Тертулианның уақытында айтқан “Credo, quia absurdum estұ (сенемiн, ақыл-ойға симағаннан кейiн) деген нақыл сөзiн Кьеркогер өзiнiң шығармашылық еңбегiнде ғана емес, сонымен қатар өзiнiң өмiрiмен дәлелдеген сияқты - ол Авраам сияқты өзiнiң Регина Ольсенге деген махаббатын Құдайға сенудiң жолында құрбандыққа шалды. Тертуллианның өзi де мұндай шәкiртiм болады деп ешқашанда армандамаған болар.
Өз уақытында бағаланбай ұмыт болған ойшыл ХХ ғ шарқыраған даңққа ие болды. Ал оның себебiн бiз келесi тараудағы кiрiспе сөзiмiзде айтатын боламыз.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   ...   175




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет