Дәрістер жинағы kkkzhN 307 «Көлік құрылыстары мен құрылғыларын жобалау негіздері» пәні 5В090100 – «Көлікті пайдалану және жүк қозғалысы мен тасымалдауды ұйымдастыру» мамандығы 6B11301 – «Көлікті пайдалану және жүк қозғалысы мен тасымалдауды



бет6/27
Дата31.03.2023
өлшемі3,3 Mb.
#173459
түріБілім беру бағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27
Байланысты:
ДӘРІСТЕР 2
prezentatsiya-na-temu-tÑ rÑ -zhÓ ne-Ó©lÑ -tabiÒ at
1.2.3 Учаскелік станцияларды жіктеу

Теміржол көлігінің дамуы процесінде учаскелік станциялардың: тартым түрімен, жұмыс сипатымен, құрылғыларының өлшемімен, негізгі элементтерінің орналасуымен ерекшеленетін әр түрлері пайда болды.


1. Тартым түріне байланысты учаскелік станциялар: электрлік, тепловоздық және аралас тартымға арналған болады. Соңғы жағдайда учаскелік станциялар алуан түрлі тартымның (мысалы, электр және тепловоздық) түйісу станциялары болып табылады немесе электрленген желілерде түрлі ток жүйелері бар учаскелердің түйісу станциялары болуы мүмкін.
2.Тартымдық қызмет көрсету сұлбасына байланысты мынадай учаскелік станциялар болады:
- локомотивтік бригадалар ауысымымен;
- локомотивтік бригадалар мен локомотивтердің ауысымымен, олар: ТР-2 және ТР-3 локомотивтеріне ағымдағы жөндеуді жүргізуге және локомотивтерге техникалық қызмет көрсетуге арналған пайдалану-жөндеу депосы бар станция бола алады;
- берілген депоға (ТО-2 және ТО-3 ағымдағы жөндеу ТР-1, ТО-4 және жоспардан тыс жөндеулер) жататын локомотивтерге техникалық қызмет көрсетуді жүргізетін пайдалану депосы бар (айналым депосы).
Кіре берістерде басты жолдарды санына байланысты бір жолды, екі жолды және көп жолды желідегі учаскелік станцияларға бөледі.
Жанасатын кіре берістер санына байланысты учаскелік станциялар, торапты емес болып, яғни бір жолды немесе екі жолды бір желіде орналасқан және торапты, үш немесе одан көп желі кіре берістері бар болып бөлінеді.
Негізгі парктердің өзара орналасуы бойынша келесі типтердегі: көлденең, бойлық, жартылай бойлық, жолаушылар құрылғылары мен жүк қозғалысына арналған парктер ретпен орналасатын учаскелік станцияларға бөлінеді.


1.3 Сұрыптау станциялары


1.3.1 Тағайындау және желіде орналастыру

Сұрыптау станциялары құрастыру жоспарына сәйкес поездарды құрастыру және вагондарды жаппай қайта өңдеуге: өтпелі, учаскелік, құрамалы, сондай-ақ өнеркәсіптік кәсіпорындардың кірме жолдарында әкетуге және беруге арналған. Сұрыптау станцияларында станцияға жақын орналасқан жүк, порт, паром станциялары үшін құрама поезд құрамында вагондарды іріктеу орындалады [1, 2].


Сұрыптау станцияларында транзиттік поездармен жұмыс орындалады: локомотивтер және локомотивті бригадалардың ауысымы, вагондарға техникалық қызмет көрсету және коммерциялық тексеру.
Станцияда сұрыптау жұмыстарын орындау үшін дөңестер (қуаты жоғары, үлкен, орташа және шағын), сұрыптау парктері және тартымдық жолдар бар. Таратылатын поездарды қабылдау үшін және құрастырылған поездарды жөнелту үшін станцияда жеке парктер болады. Қабылдау паркі, сұрыптау және жөнелту паркі сұрыптау жүйесін немесе сұрыптау кешенін түзеді. Қайта өңдеусіз және жартылай қайта өңдеусіз поездарды қабылдау және өңдеу үшін жекелеген қабылдау-жөнелту жолдары қарастырылады.
Сұрыптау станциясында жолаушылар операциясы орындалады. Ірі тораптарда орналасқан сұрыптау станцияларында тек қала маңындағы жолаушыларға ғана қызмет көрсетіледі, өйткені алыс жолаушылар поезды арнайы жолаушылар станцияларында қызмет көрсетіледі. Тораптан тыс орналасқан сұрыптау станцияларында жолаушылар операциялары учаскелік станция сияқты маңызды көлемде орындалады.
Бұдан басқа, сұрыптау станцияларында жүк жұмысы орындалады: ұсақ жөнелтулер мен контейнерлерді сұрыптау, кірме жолдарға қызмет көрсету; вагондар мен локомотивтерді жөндеу, локомотивтерді жабдықтау орындалады.
Сұрыптау станциясында жолаушылар, локомотивті және вагон шаруашылығы құрылғылары, энергиямен жабдықтау, СЦБ және байланыс құрылғылары, сұрыптау платформалары, контейнерлерді сұрыптау жабдықтары және басқа құрылғылар орналасқан.
Сұрыптау станциясы электрлік орталықтандыру құрылғыларымен (микро процессорлық сұлбада электрлік орталықтандыруды енгізу басталды), стрелканы автоматты тазалау, телевизиялық бақылау жүйесімен, ағытпаның жылдамдығын автоматты реттеу жүйесімен (АРС), автоматты тарату жылдамдығының жүйесімен (АЗСР), сұрыптау құрылғыларында вагондардың жылдамдығын квази-үздіксіз реттеу құрылғыларымен жабдықталған. Сұрыптау станциялары станция жұмысының технологиялық процесін автоматты басқару жүйесімен жабдықталуы тиіс.
Сұрыптау станциялары Қазақстанның темір жол желісінде әртүрлі орналасқан. Бұл ірі қалалар мен өнеркәсіптік орталықтардың орналасқан жеріне байланысты әртүрлі аудандардағы темір жолдар желінің жиілігіне, вагондар ағынының сипаты мен өлшеміне байланысты.
Сұрыптау станциялары жүктерді жаппай тиеу мен түсіру аудандарында (өндіруші бассейндердің шыға беріс жерінде, ірі өнеркәсіптік орталықтарға жақындау жерде, ірі өзен және теңіз айлақтарына жақын жерде), сондай-ақ тоғысатын желілер арасында вагондар ағынын елеулі корреспонденция болатын және поездардың үлкен саны




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет