Дәрілік заттардың әсерінің түрлері Басты (негізгі) әсер деп-препараттың керекті ем үшін қолданылуы. Жанама әсер асқынуға алып келетін дәрілік заттың қажет емес әсері. Заттың қолданған жерде пайда болған әсері жергілікті әсер дейміз. Мысалы, бүркеуші заттар шырышты қабықты бүркеп, афферентті жүйкелердің қозуын азайтады. Заттың сіңіріліп жалпы қан айналымға, одан кейін ұлпаларға түскеннен кейін басталған әсерін резорбтивті әсер деп аталады. Жергілікті және резорбивті дәрілік заттардың әсері тікелей немесе рефлекторлы болуы мүмкін. Тікелей әсер заттардың ұлпалармен қосылған жерінде пайда болады. Рефлекторлы әсерде заттар экстеро-немесеинтерорецепторларға әсер етіп, сол арқылы мүше қызметін өзгертеді. Мысалы, лобелин гидрохлориді коротинді шумақтағы орналасқан химорецепторларды қоздыру нәтижесінде рефлекторлы түрде тыныс алу орталығын қуаттандырады, тыныстың көлемін және жиілігін жоғарылатады. Қосымша әсер бір мүшеге әсер ете отырып келесі мүшенің қызметін өзгертуі.