Дәрістердің қысқаша конспектісі



Pdf көрінісі
бет16/16
Дата10.10.2023
өлшемі422,95 Kb.
#184560
түріКонспект
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16
Байланысты:
Дәрістердің қысқаша конспектісі
-1889699293, 1 кыркуйек, Таулардың үгілуі 05 сынып
зорға, босқа, текке, жатқа, бекерге, әреңге, алға, 
артқа, ас(т)қа, үс(т)ке, бірге, кешке, ертеңіне, әзірге, қазірге, күнге
т. б. 
Жатыс септіктің көнеленуінен туған үстеулер: 
алда, артта, аста, үсте, кейде, әлгіде, жаңада, 
баяғыда, күнде, түнде, аңдаусызда, абайсызда, қапыда, ілуде, қапелімде, қапылыста, лезде, 
жөппелдем(е)де
т. б. 
Шығыс септіктің көнеленуінен туған үстеулер: 
шалқасынан, жүресінен, етпетінен, төтеден, 
кеңінен, тезінен, қырынан, келтесінен, басынан, әуелден, ежелден, шетінен, лажсыздан, 
тосыннан, кенеттен, қатеден
т. б. 
Көмектес септіктің көнеленуінен туған үстеулер: 
кезекпен, шынымен, қалпымен, жайымен, 
ретімен, жөнімен, түйдегімен
т. б. 
Күрделі туынды үстеулер 
Күрделі туынды үстеулер деп екі сөзден я бірігіп, я қосарланып жасалған немесе кемі екі я онан да 
көп сөздерден тіркесіп тұрақтанған үстеулерді айтамыз. Осыған қарай, күрделі туынды үстеулер 
үш түрлі жолмен жасалады. 
Басқа сөз таптарына тән сөздер бірігудің нәтижесінде үстеулерге айналады. Ондай үстеулер 
мыналар: 
бүгін, биыл, таңертең, жаздыгүні, қыстыгүні, әрқашан, әрдайым, екіншәрі, ендігәрі, 
түнеугүні, бірталай, ешқашан, әлдеқайда, бірқатар, неғұрлым, әжептәуір, бірқыдыру, әлдекімше, 
сөйтіп
т. б. 
Сөздердің қосарлану арқылы туған үстеулер мынадай: 
әрең-әрең, енді-енді, зорға-зорға; қолма-қол, 
сөзбе-сөз, көзбе-көз; бет-бетімен, тоб-тобымен, лег-легімен; үсті-үстіне, алды-артына, қолды-
қолына; бостан-босқа; тектен-текке, турадан-тура; күнде-күнде, жылда-жылда; сөйлей-сөйлей, 
көре-көре, айтып-айтып; жата-жастана; кие-жара, күліп-ойнап, аунап-қунап; бір-бірлеп, он-
ондап, мың-мыңдап; бірте-бірте, біртіндеп-біртіндеп; оқтын-оқтын, оқта-текте, анда-санда; 
жапа-тармағай, тырым-тырағай
т. б. 
Жазуда бөлек таңбаланып, мағына жағынан бір сөз ретінде қолданылатын грамматикаланған және 
идиомаланған тұрақты тіркестер - оларды екі салаға бөлуге болады. 
Грамматикаланған жай тіркестер: 
күні кеше, күні бүгін, күні ілгері, ала жаздай, күндерде бір күн, 
ертеден қара кешке, ала сала, келе сала, айта келе, оқи келе, жаза келе, алдын ала, соңын ала, 
сабаққа бола, кітапқа бола
т. б. 
Идиомаланған тұрақты тіркестер: 
қас пен көздің арасында, аяқ астынан, түн баласында, қаннен 
қаперсіз, елден ала бөтен, томаға тұйық, құлан таза
т. б. 
Үстеулердің мағыналары 
Үстеу сөздер мағынасына қарай таптастырғанда мынадай сегіз топқа бөлінеді. 
1.
Мезгіл үстеулер 
2.
Мекен үстеулер 
3.
Мөлшер үстеулері 
4.
Сын (я бейне) үстеулері 
5.
Күшейту (я ұлғайту) үстеулері 
6.
Мақсат үстеулері 
7.
Себеп-салдар үстеулері 
8.
Топтау (я бөлу) үстеулері 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет