Бұрыштық коэффициентті түзудің теңдеуі
Айталық қандай да бір түзу берілсін. Түзудің Ох осіне еңкею бұрышы деп, Ох осін бұрғанда, оның оң бағыты түзудің бір бағытымен беттесетіндей етіп бұру бұрышын айтады. Көбінесе Ох осін сағат тіліне қарсы бағытта бұру керек. Онда еңкею бұрышының тангенсі түзудің бұрыштық коэффициенті деп аталып k әрпімен белгіленеді:
.
Егер түзудің бұрыштық коэффициенті k болып ол Оу осінен шамасы в болатын ОВ кесіндісін қиса, онда оның теңдеуінің түрі
. (2)
(2) теңдеу бұрыштық коэффициенті k болатын түзудің теңдеуі деп аталады.
Егер k=0 болса, онда у=b (21) түзуі Ох осіне параллель болады.
Егер b=0 болса, онда y=kx (22) – түзуі О(0;0) координат басы арқылы өтеді.
2. Бұрыштық коэффициенті беріліп және берілген нүкте арқылы өтетін түзудің теңдеуі
Түзудің M1(x1;y1) нүктесі және k бұрыштық коэффициенті белгілі болса, түзудің теңдеуін табу керек болсын.
y=kx+b теңдеуін жазайық, мұндағы в-белгісіз сан. Түзу M1 нүктесі арқылы өтетін болғандықтан, y1=kx1+b теңдігі орындалады. Осыдан b=y1-kx1
Мұны (2) теңдеуге қойып, түзудің ізделінді теңдеуін аламыз.
y-y1=k(x-x1) (3)
Достарыңызбен бөлісу: |