Дыбыс, кең мағынасында – газ, сұйықтық немесе қатты күйдегі серпімді орта бөлшектерінің толқын түрінде таралатын тербелмелі қозғалысы; тар мағынасында – адамдар мен жануарлардың арнаулы сезу органымен субъективті түрде қабылданатын құбылыс



бет4/4
Дата06.02.2022
өлшемі29,24 Kb.
#79283
1   2   3   4
Байланысты:
Дыбыс

Дыбыс қаттылығы[өңдеу]
Дыбыс қаттылығы (Громкость звука) — дыбыс әсерін әр адам организмінің өзінше қабылдауы. Оны фонмен өлшейді. Бірдей белсенділік жағдайда дыбыстың ең күштілігі 700-6000 Гц жиілік аралығында болады.
Дыбыстық қысым[өңдеу]
Дыбыстық қысым (Звуковое давление) — толқындар жоқ кездегі қысыммен салыстырғандағы толқындар таралған ортадағы қысымның өлшемі. Децибелмен өлшенеді.
Дыбыс өткізбеу[өңдеу]
Дыбыс өткізбеу (Звукоизоляция) - ауада таралған әр түрлі бөтен шулардан сақтау. Таралған шу адам өміріне көптеген технологиялық әсер тигізіп, олардың агрессивтілігін көтеріп, әлеуметтік денсаулығын нашарлатады. Сондықтан Дыбыс өткізбеу деңгейі мөлшерлі дыбыстан артық болмауы тиіс.
Дыбыс шығару[өңдеу]
Дыбыс шығару (Звуковое излучение) — серпімді (қатты, сұйық, газды) ортада дыбыс толқындарын қозғау. Естілетін дыбыс 16 Гц — 20 кГц, инфрадыбыс — 16 Гц-дан төмен, ультра- дыбыс — 21 кГц — 1 ГГц және гиперды- быс — 1 ГГц-дан жоғары.
Дыбыстық ақпарат[өңдеу]
Дыбыстық ақпарат (Звуковая информация) — дыбыс толқындарын қабылдау арқылы организмнің қоршаған орта туралы мәлімет алуы. Адам өзін қоршаған орта туралы барлык ақпаратының 7%-ын есту арқылы алады.[3]
Дыбыстың күштілігі[өңдеу]
Дыбыстың күштілігі - берілген дыбыстан есту түйсігін сипаттайтын және оның қарқандылығы мен жиілігіне. Сонымен бірге тербелу түріне тәуелді болатын мөлшер.[4]

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет