Дина5вд б. Б., Сапина с. М. Академиялық сауаттылықТЫҢ теориялық ЖӘне практикалық негіздері оқУ ҚҰралы


Тезис жазуға қойылатын жалпы талаптар



бет83/177
Дата08.02.2022
өлшемі2,16 Mb.
#118487
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   177
Байланысты:
Академиялық-сауаттылықтың-теориялық-және-практикалық-негіздері-оқу-құралы-Динаева.Б.Б-Сапина-С.М
күнделік оқу-танысу практикасы
Тезис жазуға қойылатын жалпы талаптар



  • Әрбір пайымдау (тезис) қысқа әрі нұсқа болуы керек.




  • Әрбір пікір, пайымдау не логикаға, не ой-пікірге (эмпирика) негізделуі тиіс.

  • Интернеттен немесе бұрын жазылған мақаладан «көшіріп» алмаңыз.




  • Баяндама, реферат жазып кетпеңіз.




  • Ғылыми стильді сақтаңыз.




  • Оқырман дайындықсыз-ақ, сіздің тезисті түсінетін болсын.



Практикалық тапсырма


1. Төменде берілген мақаланың тезисін жазыңыз
КӨПТІЛДІ БІЛІМ БЕРУДЕ ҚАРАСТЫРЫЛАТЫН


ҚҮЗЫРЕТТІЛІК МӘСЕЛЕЛЕРІ

Көптілділік мәселесі - Қазақстан үшін ғана емес, бүкіл әлемнің алдында тұрған көкейтесті мәселелердің бірі, себебі жаһандану заманы бірнеше тілді білуді талап етеді.


Көптілділік, полилингвизм - нақтылы коммуникативтікжағдайдың әсер етуімен белгілі бір әлеуметтік ортада, мемлекетте бірден үш не одан да



84


көп тілде сөйлей білушілік. Мұның өзі жеке адамның көптілділігі және ұлт пен ұлыстың көптілділігі болып бөлінеді. Көптілділіктің үш тілді меңгеру дәрежесі сол адамның немесе бүтіндей халықтың өмір сүрген тілдік ортасы, әлеуметтік, экономикалық, мәдени өмірі, тұрмыс-тіршілігі секілді көптеген факторларға байланысты. Үлттық құрамы бірыңғай, бір ғана этнос мекендейтін мемлекетте көптілділік сирек. Онда жеке адамныңғана көптілділігі ұшырасады (Жапонияда, Кореяда, Германияда, Исландияда).


Көптілділік - АҚШ, Ресей Федерациясы, Үндістан, Нигерия сияқты жүздегенұлтпенұлысмекендейтін мемлекеттергетән құбылыс. Көптілділік: жаппай көптілділік, ішінара көптілділік болып бөлінеді [1, 14]. Жаулап алу, халықтардың қоныс аударуы, көрші елдермен тығыз қарым-қатынас секілді тарихи себептерден кейбір халық өкілдерінің жаппай көптілділігі қалыптасқан. Сондықтан да көптілділік көп ұлтты географиялық кеңістікте кеңтараған. Мәселен, жаппай көптілділік Кавказдағы армян, осетин, күрд, грек т.б. халықтар арасында, сондай-ақ Дағыстан халықтары арасында жиі кездеседі. Қазіргі Қазақстан Республикасындағы қалыптасқан жағдай да осуған ұқсас. Біздегі славян тектес халықтардың дені - негізінен бір тілде ғана сөйлейтіндер, қазақтардың көпшілігі екі тілде сөйлейді. Ал ұйғыр, өзбек, дүнген, күрд, түрік, әзірбайжан, тәжік, татар т.б. ұлт өкілдері арасында көптілділік кең тараған. Неміс, корей, шешен ұлттарында да көптілділік едәуір жиі ұшырасады. Кейінгі кезде шетел тілін үйренуге ден қойыла бастағандықтан, қазақтар арасында да көптілділік көбейіп келеді.


Қазіргі кезде жалпы білім беруді жетілдірудің негізінде құзыреттілік тәсілі қолданылып жүр. Құзыреттілік-бұл алынған білімдер мен біліктерді іс жүзінде күнделікті өмірде қандай да бір теориялық және практикалық мәселелерді шешуге қогщана алу қабілеттілігі. Заман талабы студенттердің бойында түйінді құзыреттіліктерді қалыптастыру болып табылады. Бүгінгі күні көкейтесті болып отырған білімнің құзырлылық ұстанымын жүзеге асыру құралы ретінде педагогикалық технологиялар мен белсенді оқыту әдістерінің алар орны ерекше. Әрекетке негізделген технологиялық оқыту танымдықбелсенділігі жоғары, өмірде әртүрлі мәселелерден хабардар, кез келген тапсырманы орындауға қабілетті, қолынан іс келетін азаматтарды қалыптастырады [2, 117].


Құзыретті адам - ол жеке тұлға. Ол туындаған мәселені жеке және топтарда шеше алуға, өмірде және жұмыс орнында үнемі жанашылдыққа ұмтылуға қабілетті болуы тиіс, өз бетімен және басқаның көмегімен қажетті ақпаратты іздестіріп қолдана алады. Осы аталған сапалар мен қасиеттер кез келген іс-әрекеттерге қажет. Оқытудың дәстүрлі тәсіліндегі озық амал-тәсілдер қазіргі жаңғыртылған технологиямен ұштастырыла отырып, интерактивті оқыту әдістемесіндегі шығармашылық бағыттағы жұмыстар: проблемалық ойталқы, өз пікіріңді дамыта қорғай білу,




жеке және топтық жобалар қорғау, реферат қорғау, ғылыми аңдатпа,


абстракт жазу, баяндама жасау т.б. сияқты белсенділікті арттыратын, таза әдеби тіл нормасында жазу, сөйлеуге үйрететін жұмыс түрлері әрбір сабақта көрініс тапқаны абзал.

85

Өзге ұлт өкілдерінің жастары мемлекеттік тіл ретінде қазақ тілін үйренуге деген ұмтылысын, құлшынысын қазақ елінің азаматымын деген ойды өрістетуші тұрғысынан, сонымен бірге елдегі тіл саясатының заңнамалық уәжділігін қолдаушы, оны жүзеге асыратын жеке тұлға дәрежесінде кәрінуі керектігін өмірдің өзі көрсетіп, дәлелдеп отыр. Міне, осы тұрғыдан келгенде, Қазақстан жағдайында өзінің ана тілін, мемлекеттік тілді және орыс тілін тең дәрежеде меңгерген жеке тұлға ана тілін (қазақ тілі), орыс тілін және бір шетел тілін меңгерген жеке тұлға сияқты үштілділіктің сан алуан үлгілері көрініс береді. Демек үштұғырлы тілдік жағдаяттың республикадағы өзіндік әлеуметтік-лингвистикалық сипатының ерекшелігі бар. Мұнда үштілділіктің немесе көптілділіктің, алдымен, еліміздің ішіндегі ұлттар мен этностардың өзара қарым-қатынасы ретіндегі мемлекеттік дәрежедегі ресми қарым-қатынас, іскерлік тілі және халықаралық сыртқы байланыс, қатынастың мақсат-мүддесіне бағытталған үштілділіктің айқын түрде орын алғандығын тәжірибе көрсетті.

Қорыта айтатын болсақ, көптілді білім беру бағдарламасы аясында үштілді меңгеру тәжірибесін жинақтап, әлемдікдеңгейге көтерілуіміз керек. Елдің ёртеңі өресі биік, дүниетанымы кең, кемел ойлы азаматтарын өсіру үшін бүгінгі ұрпаққа ұлттық рухани қазынаны әлемдік озық ой-пікірімен ұштастырған сапалы білім мен тәрбие берілуі қажет. Сонда ғана алған білімі мен білігін күнделікті өмірде іс жүзінде қандай да бір теориялық және практикалық мәселелерді шешуге қолдана алу қабілеті бар құзыретті тұлға қалыптастыра аламыз.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   177




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет