Дина5вд б. Б., Сапина с. М. Академиялық сауаттылықТЫҢ теориялық ЖӘне практикалық негіздері оқУ ҚҰралы



бет82/177
Дата08.02.2022
өлшемі2,16 Mb.
#118487
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   177
Байланысты:
Академиялық-сауаттылықтың-теориялық-және-практикалық-негіздері-оқу-құралы-Динаева.Б.Б-Сапина-С.М
күнделік оқу-танысу практикасы
Тезис жазу алгоритмі



  • Сіздің тезисіңіз қандай типке жататынын анықтаңыз және тиісті құрылымды таңдаңыз.




  • Сіздің жұмысыңыздың негізгі нәтижесі немесе тұжырымы не болатынын анық белгілеңіз.

  • Тезиске тақырып таңдаңыз.

Соңғы тармақ, яғни тезиске тақырып қою конференция тақырыбына сәйкес келуі үшін қажет. Егер конференция тақырыбына сіздіңтезисіңіздің тақырыбы сәйкес келмесе, сізді конференцияға қатыстырудан ұйымдастыру комитеті бас тартады. Сондықтан өтетін іс-шараға қатысты тақырып таңдап, соған сай тезис жазуды естен шығармаңыз. Тезис тақырыбы тезистің барлық мазмұнын айқындайтынын да естен шығармағаныңыз жөн.



83


  • Жоғарыда көрсетілген типтерге сәйкес тезис құрылымын құрыңыз. Әр бөлімде не айтатыныңызды, тезистің негізгі идеясын бір сөйлеммен беріңіз. Әдетте, тезис мәтініндегі бір бөлімге (нақтырақ айтқанда, әрбір идеяға) бір абзацтан сәйкес келуі керек. Егер сіздің бір бөліміңізде бірнеше идея болса, бұл бөлім бірнеше абзацтан тұрады. Осылайша, сіз тезистің жоспарын түп-түгел жасап аласыз.




  • Жазған тезисіңізді мұқият оқып шығыңыз, тақырыптың толық ашылуына бөлімдер мен абзацтар жеткілікті ме, тағы бір рет тексеріңіз. Егер жеткіліксіз болса, толықтырыңыз. Әрбір абзацтағы ой жұмыстың негізгі идеясын - нәтижесін // тұжырымын дәлелдеу үшін логикалық байланыста болуы қажет. Қажет болған жағдайда абзацтардың ретін ауыстыруыңызға болады. Мүмкін жұмыстың атауына түзету енгізу де қажет болар. Бәрін қайта тағы бір рет пысықтап шығыңыз.




  • Тезисті ресімдеу талаптарын мұқият оқыңыз. Тезистің көлеміне мән беруді ұмытпаңыз.







    • Дайын тезисті конференцияның ұйымдастыру комитетіне жіберіңіз.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   177




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет