Диплом және курстық ЖҰмыстарын орындауғА Қойылатын талаптар


Диплом жұмысын қорғау үрдісі



бет29/45
Дата27.05.2020
өлшемі384 Kb.
#71309
түріДиплом
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   45
Байланысты:
Кадыров и др.

Диплом жұмысын қорғау үрдісі

Диплом жұмысын (жобаны) қорғау тәртібі білім беру саласындағы орталық атқарушы органдары бекіткен білім алушылардың үлгеріміне ағымдық, аралық және мемлекеттік қорытынды аттестация жүргізу Ережесімен анықталады.

Диплом жұмысын қорғау МАК-тың ашық отырысында оның жартылай мүшелерінің қатысуымен өткізіледі. Диплом жұмысын қорғау бойынша МАК жұмысы кезінде МАК мүшелеріне шығарылатын мамандықтың МЖМБС көшірмесі, жоғарғы оқу орнының оқу-әдістемелік кеңесі бекіткен диплом жұмысын орындауға арналған әдістемелік нұсқау және мемлекеттік емтихан бағдарламасы ұсынылуы керек.

Диплом жұмысын (жобаны) қорғау студенттердің, шығарушы кафедра оқытушыларының қатысуымен бұқаралық түрде ұйымдастырылады. Қорғауға ғылыми жетекшілері шақырылады, сонымен қатар, дипломдық зерттеулер жүргізілген ұйымдардың өкілдері және басқа да ынталы тұлғалар қатыстырылады.

Бір диплом жұмысын қорғау уақыты ереже бойынша 15 минуттан аспауы тиіс. Диплом жұмысын қорғаушы Мемлекеттік аттестациялық комиссия алдына 7-8 минуттан аспайтын баяндамамен шығуы қажет. Диплом жұмысын (жобаны) талқылауға барлық қатысушылар сұрақ немесе сөз сөйлеу түрінде қатысады. Талқылаудан кейін комиссия хатшысы сын пікір және пікірді оқып таныстырады (ғылыми жетекші қатысып отырған жағдайда өзі сөз сөйлейді). Сын пікір және/немесе пікірдегі ескертпелердің барлығына студент дәлелді түсіндірмелер береді.

Диплом жұмысын (жобаны) қорғау қорытындысы бойынша ұпайлық-рейтингілік әріптік жүйемен баға қойылады. Бағалауда студенттің теориялық деңгейі, ғылыми және практикалық дайындығы, ғылыми жетекшінің пікірі және сын пікір берушінің бағасы назарға алынады.

Қанағаттанарлықсыз баға алған студент бір жылдан кейін сол тақырып немесе МАК шешімімен жаңа тақырып бойынша қайта қорғауға құқылы.

Диплом жұмысын қорғау нәтижесі МАК отырысының хаттамасы рәсімделгеннен кейін, сол күні хабарланады.

Хаттама МАК хатшысымен толтырылады. Хатшы шығарушы кафедраның оқытушылар құрамынан бекітіледі. Хаттамада көрсетіледі:

- диплом қорғауда және мемлекеттік емтиханда көрсеткен білімі бағаланады, сондай-ақ, қойылған сұрақтар мемлекеттік аттестациялық комиссия мүшелерінің пікірлері. Егер мемлекеттік аттестациялық комиссия мүшелерінің бір адамы басқалардың пікірімен келіспесе, ол өзінің пікірін хаттамаға жазып, қолын қоюға құқылы;

- жоғарғы оқу орнының түлегіне қандай диплом (үздік, үздік емес), академиялық атақ және біліктілік беру;

- отырысқа қатысқан мемлекеттік аттестациялық комиссия мүшелері және төрағасының қолы.

МАК отырысының хаттамасы нөмірленген, тігілген және оқу-әдістемелік қызметі мөрімен түптеліп, жоғарғы оқу орнының мұрағатында сақталады.

МАК жұмысы аяқталғаннан кейін, комиссия төрағасы екі аптаның ішінде есеп жазуы қажет. МАК төрағасының есебі кафедра отырысында, факультет және жоғарғы оқу орнының ғылыми кеңесінде талданып, бекітіледі. Мемлекеттік аттестациялық комиссия төрағасының есебінде мына мәселелер көрсетілуі қажет:



  • жоғарғы оқу орнындағы аталмыш мамандықтың дайындалу деңгейі;

  • диплом жұмыстарының дайындалу сапасы;

  • диплом жұмыстарының қазіргі ғылым, мәдениет жағдайына және өндірістік сұранысқа сәйкестігі.

Есеп мазмұнында берілген бағыт бойынша маман дайындаудың сапасына терең талдау жүргізіледі. Сонымен бірге, есепте жоғарғы оқу орнындағы мамандық дайындаудың сапасын жетілдіру бойынша нақты нұсқаулар беріледі.

Мемлекеттік аттестациялық комиссия жұмысы аяқталғаннан кейін, ұйым басшысы төраға есебін білім беру жүйесіндегі орталық атқару ұйымына жібереді, көшірмесі кафедрада сақталады.

Диплом жұмысы бойынша қабылданған шешімдерге және деректердің дұрыстығына студент-автор және ғылыми жетекші жауап береді.

Диплом жұмыстарының түпнұсқасын басқа ұйымдарға, жеке адамдарға беруге тыйым салынады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   45




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет