Сабақтас бағдарламасын бекіту парағы Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі



Дата25.12.2016
өлшемі224,16 Kb.
түріСабақ
Практиканы откізу жөніндегі нысан

бағдарламалар мен әдістемелік ПМУ ҰС Н

нусқаулалды, пратикалардың

сабақтас бағдарламасын бекіту

парағы

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі



С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті

БЕКІТЕМІН

ОІ жөніндегі проректор

____________ Пфейфер Н.Э.

20 _ ж « _ » _____________

Тарих,археология және этнологиясы кафедрасы

050203 Тарих

Мамандығының студенттеріне арналган педогогикалық практиканы өту жөніндегі

БАҒДАРЛАМА ЖӘНЕ ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ

20__ж. «__» ________№ __ Хаттама Бағдарлама Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты мамандықтың ҚР МЖМБС және «Қазақстан Республикасындағы Білім беру жүйесі.Кәсіптік практика.Негізгі ережелер» атты ҚР МЖМБС 5.03.2005-2009. негізінде әзірленген

Құрастырушы: _______ Мұсағажинова А.А.

Тарих археология және этнология кафедрасы

Кафедра отырысында ұсынылды , 20 __ж .« __ » ___№____Хаттама

Кафедра меңгерушісі _________ С.Н. Мамытова 20__ ж.«__»__________

Тарих және құқық факультетінің ОӘК мақұлдады 20__ж .«__»___Хаттама___

ОӘК төрағасы _________ К.К. Батталов 20__ж .« __» ____Хаттама____

КЕЛІСІЛДІ

Факультет деканы _________Акишев А.А. 20__ж .«__» ______

МАҚҰЛДАДЫ

КПжЖОБ бастығы _________ 20__ж. «__» _____

ОҮЖжӘҚБ бастығы _________Варакута А.А. 20__ж. «__»____

Университеттің оқу-әдістемелік кеңесімен мақұлданды.

ТҮСІНІК ХАТ

Мект еп алдындағы тұрған міндеттер, әр тарихи кезеңде, ұлкен өзгерістерге ұшырайды.Бүгінгі Қазақстан мектебінің негізгі міндеттерінің бірі прогресті және өркениеттегі даму дәуіріне аяқ басу.Бұл үрдіс жастар тәрбиесімен тығыз байланысты.Сондықтан әр ұстаздың міндеті- тәрбие ісінің шеберлігін меңгеру , оның түрлері мен әдіс- тәсілдерін ұйымдастыру.Тәрбие жұмысының нәтижесіне қанағаттану, оқушылармен қарым – катынас, кәсіби жетістік, ұстаздың шеберлігіне, тәжірибесіне байланысты.

1.1.ПӘНДІ ОҚЫТУДЫҢ МАҚСАТЫ.

Сынып жетекшісі қызметін жузеге асыру мен ұйымдастыруда тәрбиенің дәстүрлі және қазіргі жаңа технологиялары бойынша болашақ мұғалімдердің теориялық білімді меңгеруі болып табылады.

1.2.ПӘНДІ ОҚЫТУДЫҢ МІНДЕТТЕРІ.

- мектептің тұтас педагогикалық үрдісіндегі сынып жетекшісі іс – әрекетінің ерекшелігі жайында студенттерді теориялық және практикалық біліммен қамтамасыз ету;

- мектептің тұтас педагогикалық үрдісіндегі тәрбие жұмысын баскаруды, тәрбиенің қазіргі жаңа технологияларын қолдануды, ұйымдастыру, жоспарлау дағдысы мен тәжірибелік біліктілікті қалыптастыру;

- студенттерді өзіндік шығармашылық мүмкіндіктерін көтеруге ынталандыру;

- студенттерді саналы түрде педагогикалық шеберлікке максаттандыру;

- педагогикалық білімін, біліктілігін,дағдысын тереңдету;

1.3.ПӘНДІ ОҚЫТУДЫҢ НӘТИЖЕСІНДЕ СТУДЕНТТЕР БІЛУ КЕРЕК:

-тәрбие жұмысының мақсаты, міндеті,мәні туралы;

- мектеп қогамының тәрбие жүйесі туралы;

- сынып жетекші іс- әрекетінің бағыттары мен жүйесі туралы балалар ұйымының ерекшелігі туралы;

- тәрбие жұмысының технологиясы мен ұжымдық шығармашылық ісі туралы;

- оқушылардың тәрбие деңгейінің диагностикасы туралы.

2.ПРЕРЕКВИЗИТТЕР.БІЛІКТІЛІК ПЕН ДАҒДЫЛАР ҚАЛЫПТАСУЫ КЕРЕК:

- сынып тәрбие жұмысын жоспарлау;

- тәрбие іс - шараларын ұйымдастыру;

Ұжымдық шығармашылық іс технологиясы мен жаңа тәрбие технологияларын пайдалану;

- қиын балалармен жұмыс және диагностикалау;

- ата- аналармен және мектептен тыс ұжымдармен қарым-қатынас ;

- оқушылардың бос уақытын ұйымдастыру;

- ата- аналар жиналысын даярлау және өткізу;

- мектептегі кәсіптік бағдар беру жұмысы.

3.ПОСТРЕКВИЗИТТЕР.

Бұл пәнді меңгеру нәтижесінде алынған білім, білік, икем келесі пәндерді менгеру үшін қажет:

«Педагогикалық мамандыққа кіріспе»;

«Педагогика»;

«Этнопедагогика»;

«Адамзат тарихындағы мектеп және педагогикалық ойдың дамуы»;

-«Тәрбие жұмысының әдістемесі».

ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТӘЖІРИБЕНІ ҰЙЫМДАСТЫРУЫ, МАҚСАТЫ МЕН

МІНДЕТТЕРІ

Педагогикалық тәжірибенің мақсаты іс- әрекетіне жакын жағдайларда мамангерлердің теоретикалық және практикалық дайындықтардың қазіргі заманға сай қалыптастыру, тандаған маманына тұрақты қызығушылық қалыптастыру.Қойылған мақсатқа негізгі талаптардың шешу арқылы жету.

Педагогикалық практиканың міндеттері:

Оқу үрдісін жоспарлау, ұйымдастыруы бойынша әдістемелік білім мен біліктіліктерін анықтау;

Студенттерде дәстүрлі, белсенді әдістерді және окушылар оқыту нысандарды ойлау, таңдау қаблеттерін табу;

Студенттерді өз сбақтарын, біргне оқитын студенттердін сабақтарын, мектеп Ұстаздардың сабақтарын талдауға үйрету, олардың тиімділігі туралы қорытынды жасау;

Өткізілген жұмысқа сәйкес өз- өзінді бақылау және өз- өзінді бақылау біліктілерінің қалыптастырылуына көмектесу;

Мектептің алдағы мұғалімдердің жұмыс тәжірибесін реттеуге студенттерді үйрету;

Педагогикалық мәселелер бойынша ғылыми зерттеу жумысының ұйымдастыруына көмек көрсету;

Студенттерді мәдениеттанулық пәндер бойынша замандас уақытқа сәйкес дайындау.

ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТӘЖІРИБЕНІ ҰЙЫМДАСТЫРУ

Педагогикалық тәжірибе «Павлодар қаласының 22-ші мектебі» білім беру ұйымының негізінде ұйымдастырылады.

Педагогикалық тәжірибенің өткізілу мерзімі ҚР МЖМБС- на сәйкес.

Тәжірибе мазмұны және студенттердің рейтингтік жұмыстарының

Жүйесі


ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ДАЙЫНДЫҚ ЕҢ ЖОҒАРЫ ҰПАЙ САНЫ

\1.1.Конспект құрастыру

(бағасы әдіскермен сабаққа дейін қойылады) 5

8 конспект х 3 ұпай

1.2.Есеп беру сабақтарын өткізуі 5

3 сабақ х 5 ұпай

1.3.Дидактикалық материал дайындау 5

3 комплект х 5 ұпай

1.4.Сабақ талдауына қатысу 5

8 сабақ х 1 ұпай

1.5.Жазба сабақ талдау 5

3 жұмыс х 3 ұпай

1.6.Пән мұғалімін бағалау

5 Ұпай х 2 15

Барлығы: 40 ұпай

2.ЖАЛПЫ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ДАЙЫНДАЛУЫ

2.1.Педагогика пәні бойынша есеп беру шарасы 5

2.2.Тарих пәні бойынша есеп беру шарасы 5

2.3.Сабақтың әр түрлі типтері 3х2 ұпай 5

2.4.Сынып жетекшісінің бағасы 5х2 5

2.5.Әдіскер мұғалімнің бағасы 5х2 5

2.6.Әдіскер бағасы 5

Барлығы: 30 ұпай

3.ҚҰЖАТТАМА

3.1.Жұмыстың жеке жоспары 5х2 10

3.2.Тәжірибе күнделігі 5х2 10

3.3.Есеп беру.Көлемі 15 бет. 5х2 10

Барлығы: 30 ұпай

БАҒА

100- 95- өте жаксы (А)



94- 90- өте жақсы(А-)

89- 80- жақсы(В)

75- 79- жақсы(В-)

74- 65- қанағатты(С)

64- 50- қанағатты(С-)

49 49-0- қанағаттсыз(D)


1.Жалпы ұйымдастырушылық талаптар:

1.1.Оқу бағдарламасында белгіленген бағдарламаны, практика пререквизиттерін меңгерген стундерттенге қтуге рұксат етіледі.

Оқу процесін үзбей оқу практикасын да тікелей жалғастыра алады.Сонымен қатар академиялық үлгерімге бағымбай ақ та жалғастыра алады.

1.2.Студенттер болашак жұмыс берушілермен жасаған контракт бойынша олардың мекемелерінде өтуге мінднтті.

1.3.Студенттерді жұмыс орнына практикант ретінде қабылданған уақыттан бастап, сол ұйымға тән ережелерді қатаң сақтауы қажет. Оларға жататындар: қауыпсіздік, еңбекті қорғау және ішкі тәртіпті сақтау ережелрі.

1.4.Студенттердің оқу практикасының жұмыс уақыты оның өтіліп жатқан орнына байланысты. Лабораторияларда , оқу өндірушілік шеберханаларда, полигондарда жұмасына 36 сағатты құрайды. Ал мекмелер мен ұйымдарда жұмасын 40 сағатты құрайды.

1.5.Егер мекемеде вакантты орындар болса, онда студенттер бұл орынға практика бағдарламасына сәйкес тұруға мүмкіндіктер бар.

1.6.Егер студент бастапқы мамандырылған кәсіп бойынша білім алып жатса, онда ол практика бағдарласына сай квалификационды разряд алу мақсатында квалификационды емтихан тапсыруға рұқсат алады.

1.7.Практиканы өтеуге құрамында мамандырылған мерзімдік немесе студенттік топтар және арнайы лицензиясы бар мамандар мүмкіндік алады.

1.8. Практиканы өту барысында студенттер төмендегілерді атқарулары мінтетті: еңбекті қорғау мен қауыпсңздік ережелерін жатқа білу,өрт қауыпсіздігімен өндірістегі тазалықты сақтау және мекемедегі ішкі еңбек тәртібін сақтау шарт.Сонымен қатар практика күнделігін жүргізіп, жұмыс есебін құра отыра оны міндетті турде кафедрада қорғау.

1.9.Тәжірибенің қорытынды балдары академиялық рейтингті анықтауда және курстан курсқа көшуде ауыстырубаллынамәсер етеді.

1.10.Степендия берілер кезінде практиканың қорытынды бағасы келесі академиялық кезеңге жазылады.

1.11.Егер студент кешірімді себептермен практикаға келмесе,онда кафедра белгілеген уақытта оны өтуге құқылы.Практика мезімі екі есеге көбейтілді.

1.12.Егер студент кешірімсіз себептермен практикаға келмесе онда ол оқу тәртібін бұзғаны үшін кафедраның шешімімен ақылы түрде педагогикалық тәжірибеден өту мүмкіндігі беріліді.

1.13.Практика нәтижесі бойынша студенттер практика бойы жасаған жұмыстары бойынша есеп береді.Есеп беруді қорғау коммисия мүшелерінің алдында өтеді.Коммисия құрамына кіретіндер: практика жетекшісі, теоретикалық сабақтарды жүргізген оқытушы , кафедра меңгерушісі және мекеме атынан тәжірибе жетекшісі.

Есеп беруді қорғау кафедра меңгерушісі қоцған графикке негізделеді.

2.ТӘЖІРИБЕ МАЗМҰНЫ

2. Дайындық кезені тәжірибенің бастауына дейін жүргізіледі.

2.1 Тәжірибенің жетекшісі қажетті мектепті таңдау, бұйрық дайындау, өндіріс жиналыс өткізу уақытын, тәжірибе барысын және оның талаптарын мектеп әкімшілігімен қажетті талдау.

2.2 Өткізілетін конференцияда студенттерді тәжірибенің мақсаты мен талаптарымен таныстыру, тәжірибе барысымен және оның мақсаттарымен таныстыру. Студенттерге сабақ және тыс сынып іс шаралар дайындау үшін, басты конференцияның үшінші курсында кітап хана қызметкерлерімен әдістемелік әдебиет көрмесін ұйымдастыру. Өткізілетін тәжірибесінің рейтинг бағасымен студенттерді таныстыру қажет.

Өзінің апталық жұмыс кунінде өндіріс орны (ұйым) Қазақстан Республикасы аумағында өмір сүріп отырған заңдар мен нормативтік актілер, саясат, ережелер мен кәсіпорынның құңдылықтарын сақтайды. Бұл шаралар жөндеу жұмыстарын жүргізу, пайдалану, жөндеу жұмыстары және құралжабдықтардың, құрылыстар мен мекемелер және басқада Ұйымдар ( кәсіпорындарының ) техникалық қызмет көрсетудің келесі принциптеріне сәйкес келеді:

Қауіпсіздік алдыңғы орынға қойылады.

Мекеменің (ұйымның) қызметкерлері мен жалдамалы жұмысшылардың денсаулығына зиян келмеу үшін қаыпсіздік шараларын ұйымдастыру;

Мекеменің (ұйымның) құрал жабдықтарына эксплуатация кезінде зиян келтірмеу үшін қауіпсіздік шараларын ұйымдастыру;

Қ.Р. заңдары мен нормативтік актілері бойынша және реттеу органдарының Қауіпсіздік техникасын және Еңбек қорғау заңдарына бағыну және оларды жұмыс барысында сақтау;

Халықаралық стандарттарға жіне әлемдік тәжірибелерге сай Еңбек Қауіпсіздігінің Техникасы бойынша сай келу;

Эксплуатация практикалары мен әрқашанғы дамудың саясатына қолдау көрсетілуі.

3. НЕГІЗГІ КЕЗЕҢ

3.1. Бірінші апта – әрекетсіз тәжірибе. Мектеппен танысу, сынып жетекшілерімен , пән мұғалімдерімен танысуға ұйымдастырылган өндіріс жиналыс өткізу, сыныптарға студенттерді белгілеу кезеңі, мектеп әкімшілігі студенттерді мектеп ішіндегі тәртібімен, жұмыс шартымен таныстырады. Бірінші апта бойы студенттер барлық пән сабақтардың көбіне қатысып, сыныппен танысады, оқушының психологиялы – педагогикалық мінездеме құрау жұмысын бастайды. Бірінші аптада пән мұғалімі барлық студенттердің қатысуымен ашық сабақ береді және оған толық талдау жасайды. Бірінші аптаның соңына дейін студенттердің жеке жұмыс жоспарлары дайын және кеңесте әдіскерлермен бекітілген болу керек.

3.2. Екінші апта. Студенттердің бірінші сабақтары, олардың талдауы.

3.3. Үшінші апта – жоғары білім беру мекемесінің кеңесінде студенттерімен берілген ашық сабақтарының Ұжымдық талдау.

3.4. Төртінші, бесінші, алтыншы, жетінші апталар – сабақ, тыс сыныптық іс-шаралар өткізілуі, сыныппен ұйымдастыру жұмысы.

3.5. Сегізінші апта – қорытынды өндіріс жиналыс – мектеп мұғалімдері, сынып жетекшілері, мектеп әкімшілігі педагогикалық кеңесте студенттердің жұмыстарын қорытып қояды. Студенттердің есеп беру құжаттамасын дайындау.
СТУДЕНТТЕРДІҢ МІНДЕТТЕРІ

Тәжірибе өту кезеңінде студенттер сынып жетекшісі және пән мұғалім көмекшісінің міндеттерін орындайды. Төртінші және бесінші курстарында мақсатқа сай студенттерді тарих бағамы оқылатын 6-8 сыныптарға белгілеу. Тәжірибе кезінде студенттер өзінің сынып сабақтарына қатысу үшін, мектепте күнде болу керек. Мектеп ішіндегі тәртібімен, тәрбие үрдісімен танысу керек. Аптаның сонына қарай студенттер сынып жетекшісімен және пән мұғалімімен ақылдасып, жеке жұмыс жоспарын құрайды. Сол жұмыс жоспарында ұсынылатын барлық іс-шаралар, ұйымдастыру және оқу жұмыстарын көрсету міндетті.

Тәрбие кезеңінде студенттер міндетті: өз жолдастарының сабақтарына қатысу, оларды талдау; қажетті ұйымдастыру жұмысымен қамтылу – кезекшілік, жинау, сенбіліктер; тәрбие жұмысымен – сынып саңаттары, әңгіме, тест, бақылау және т.б.

Қажетті ереже: конспект дайындау және оны қойылған уақытта әдіскерлермен талдау; бекітілмеген конспектпен студент сабаққа кірмейді.

3-і, 4-і курстың студенттердің назарларын жоғары айтылған тәжірибе мазмұнын жұмыс түрлеріне аудару үшін, рейтинг жүйесін қолдану керек.
ӘДІСКЕРЛЕРДІҢ МІНДЕТТЕРІ

Әдіскерлер тәжірибе кезеңінде өндіріс жиналыстарға және өздерімен талдаған көрсеткіш сабақтарға қатысады. Студенттердін жеке жоспарлары мен конспекттерді тексереді және бекітеді.

Әр түрлі оқыту әдістері қолдануды талап етіп, сабақтар жоспарлары мен конспкеттерді тексереді және талқылайды.

Белсенді кезең уақытында студенттердің сабақтарына қатысады, педагогика пәнінің есеп беру іс-шараларына белсенді талдау береді.

ТӘЖІРИБЕ ЖЕТЕКШІСІНІҢ МІНДЕТТЕРІ

Мектептің әкімшілігімен келісіп, тәжірибе өткізетінорынды ұйымдастыру. Бұйрыққа қажетті іс-қағаз дайындау.

Практиканың алдында тәжірибе жетекшісі берілген оқушыларды жұмыстарымен, мақсаттарымен, практика талаптарымен таныстырып, жеке бас жұмыстар беріп, жиналыстар немесе бекітілетін конференциялар өткізеді.

Практиканың бірінші күні жетекші оқушыларды бекітілген Ұзақмерзімді бұйрыққа қажетті іс-қағаздар берілген кәсіби мекемеде жеке өзі апарады.

Практика мерзімінде жетекші оқушылардың практика міндеттерін орындау жұмыстарын текскріп,оқушылармен концультация өткізеді.

Практиканың аяғында жетекші оқушыларға берілген күнделіктердің толтыруларын дұрыстығын, ондағы мекемедегі берілген мінездеме, оқушылардың қолдарының және мөрлерінің дұрыстығын тексереді.

Басты және қорытынды конференцияларды ұйымдастыру және өткізу.

Есеп беруді дайындау.

Құжаттама

Жұмыстың жеке жоспары:

Ұйымдастыру жұмысы

Сынып жетекшілік

Оқу жұмысы

Тәжірибе күнделігі:

Есеп беруде келесі жағдайлар қарастырылуы тиіс:

Мектептегі, сыныптағы оқу-тәрбие жұмысына жалпы мінездеме;

Өз жұмысына талдау беру (жағымды және жағымсыз жағдайлар);

Қорытынды: тәжірибе процесінде қандай білім, біліктілікпен дағдылар иелікке алынды;

Тәжірибе ұйымдастырудың жаңартуына ұсыныстар.

МАҚСАТЫ: Студент – тәжірибешілермен пән мұғалімінің және сынып жетекшісінің міндеттерін орындау. Тарихты оқытудың алдағы әдістемелерімен танысу.


ТАПСЫРМА ЖҮЙЕСІ

1-і апта


Сыныптың және жеке оқушылардың ерекшеліктерін зерттеу.

Сыныптағы оқу-тәрбие үрдісінің жоспарлауын зерттеу.

Берілген шағын аудан бойынша оқушылардың оқуға қатысуын қамтамасыз ету.

Оқушылардың тұлға істерін зерттеу.

Пән мұғалімдердің сабақтарына қатысу.

Тарих пәнін оқытудың алдағы әдістемелерін зерттеу.

Педагогикалық тәжірибе кезеңіне жеке күнтізбе жоспарларын құрастыру.

Сыныпқа қажетті әдебиет қамтамасыз ету.

Сабақ кестесін зерттеу және оны бағалау.

2-5 -і апталар

а) Пәнмен оқу жұмысы

Оқытушы әдіскермен бекітілетін сабақтар конспектлерін әзірлеу.

Дидактикалық материал, көрнекі құрал дайындау және оларды өз еркімен жасау.

Тарих пәні бойынша сабақтарды дайындау және өткізу.

Бірге оқитын студенттердін сабақтарына қатысып, оларға талдау беру.

Пән бойынша кезенді әдебиетті зерттеу.

б) Тыс сыныптық тәрбие жұмысы және пән мектеп және сынып ішінде тәрбие іс-шаралар дайындау және өткізу.

1. Әрбір қатысушылармен жеке жұмыс.

2. Кабинет безендіруіне оқушыларды қатыстыру.

3. Бірге оқитын студенттердін тыс сыныптық іс-шараларына қатысу, оларға баға беру.

4. Мерекелі күнге арнайы әңгіме өткізу.

5. Ата-аналармен жұмыс жүргізу және ата-аналар жиналысын өткізу.

в) Әдістемелік және ғылыми жұмысы.

1. Әдістемелік бірлестердің жұмыс жоспарымен және әдістемелік тақырып бойынша мектептің жұмыс жоспарымен танысу.

2. Тарих мұғалімдерінің әдістемелік семинарларына қатысу.

3. Педагогикалық күнтізбе жүргізу.

4. Тарих пәні оқытудың әдісін зерттеу және осы әдіс бойынша сабақ өткізу.

5. Өткізілетін тәжірибенің рейтинг баға жүйесімен студенттерді таныстыру қажет.

ТӘЖІРИБЕНІ ҚОРЫТЫНДЫЛАУ

Есеп беру құжаттаманы тексеру. Психология, педагогика, физиология және тарих пәндеріне әдіскерлердің бағалары.

Қорытынды конференцияны өткізу. Қорытынды конференцияға алдын-аластуденттердін көрнекі құралдардан дайындалған қабырға газетімен көрмедайындау. Бұл көрме тәжірибенің қызықты моменттерін көрсететін болады. Өз сөздерінде студенттер өз жұмыстары туралы көзқарастарымен бөліседі, тәжірибе кезінде жоспарлаған ҒЗЖ туралы баяндайды.

Студенттерге білімдері мен біліктіріктерін әрқарай жаңартуға жолдарын көрсетіп, әдіскерлер олардың жұмыстарына баға береді.

Тәжірибе жетекшісі кафедра отырысындағы талқылайтын есеп беруді дайындайды.
БАҒДАРЛАМА МАЗМҰНЫ

-тақырып. Тәрбиелік үрдіс – динамикалық жүйе.

Тәтбие-мәдени-тарихи феномен. Тәрбие педагогикалық ғылымдардың категориясы. Тәрбиенің гуманистік парадигмасы. Тәжірибелік үрдістің мәні. Тәрбие жұмысының мақсаты мен міндеттері.

-тақырып. Қоғам мен мектептің тәрбиелік жүйесі.

«Тәрбиелі жүйе» ұғымы. Тәрбиелік жүйенің негізгі компоненттерінің сипаттамасы, құрылымы, мәні. Тәрбиелік жүйенің құрылу және даму кезендері мен әдістемесі, бағалау өлшемдері. Білім беруде жинақталған жүйе. Олардың сипаттамасы.

-тақырып. Сынып жетекшісі іс-әрекетінің жүйесі.

Мектептің тәрбиелік жұмыс жүйесі. Мектепте тәрбие процесінің нәтижелік шартының бірі сынып жетекшісінің іс-әрекеті. Сынып жетекшісінің қызметтері. Сынып жетекшісі және педагогикалық ұжым. Тәрбиелік процеске қатысушылардың өзара әрекетінің негіздері. Оқушылармен жекелік жұмыстардың әдістемесі және тұлғалық-бағдарлық бағыт. Тәрбиелік жұмыстардың әр түрлі формасын ұйымдастыру.

-тақырып. Оқушылар ұжымын қалыптастыру әдістемесі.

Балалар ұжымының негізгі сипаттамасы. Ұжымның құрылымы. Ұжым аймағы. Ұжымдарға статустар мен рөлдер. Ұжымның даму кезендері. Оқушылар ұжымын қалыптастыру бойынша сынып жетекшісінің іс-әрекеті. Оқушылардың өзін-өзі басқару (мақсаты, міндеттері, қызметтері, ұйымдастыру формалары және т.б.) іс-әрекетті өз бетімен ұйымдастыру әдістемесі (И.П.Иванов). Балалар ұжымының алуан түрлілігі.

-тақырып. Мектептегі, сыныптағы тәрбие жұмыстарын жоспарлау.

Жоспарлаудың маңызы мен қызметтері. Жоспарлауға қойылатын талаптар. Сынып жетекшісі іс-әрекетінің негізі-педагогикалық моделдеу принциптері. Сыныпта тәрбие жұмысын жоспарлаудың формалары, әдістері мен тәсілдері. Тәрбие жұмысының болашақтағы жоспарын дайындау алгоритмі. Тәрбие жұмысы жоспарының мазмұны мен құрылымы.

-тақырып. Қазіргі оқу-тәрбие үрдісіндегі тәрбие технологиялары.

«Тәрбие технологиясы» ұғымы. Оқыту мен тәрбиелеуге технологиялық амалдар мен тәсілдердің мәні. Педагогикалық технологияларды жобалау. Тәрбиеде технологиялық тәсілді пайдалану. Тәрбие технологиясының сипаттамасы ұжымдық шығармашылық істер технологиясы.

-тақырып. Сынып жетекшісінің қиын балалармен жұмыс жүйесі.

«Қиын балалар» ұғымының мәні. Балаларда қиыншылық тудыратың көріністердің психологиялық-педагогикалық ерекшеліктері. Қиын балалар диагностикасы. Контактілі өзара әрекеттестік әдістемесі. Мектептен тыс ұйымдармен (милиция, наркологиялық дәрігерлік мекемелер, орталықтар және т.б.) өзара әрекеттестік.

-тақырып. Мұғалімдер мен ата-аналардың бірлескен іс-әрекеттері оқушыларды тәрбиелеудің факторы.

Мұғалімдер мен ата-аналардың бірлескен іс-әрекет қызметтерінің мәні.

Мектеппен жанұяның бірлескен іс-әрекет қызметтері. Ата-аналармен ынтымақтастық формалары. Ата-аналар жиналысы – сынып жетекшісінің ата-аналарымен жұмысының негізгі формасы. Ата-аналарды педагогикалық ағарту: педагогикалық білім университеті, конференция, практикум, лекция, педагогикалық пікірталас, жанұяларға бару, ата-аналармен хат жазысу және т.б.

-тақырып. Тәрбие жұмысының нәтижесі мен тиімділігін зерттеу әдістемесі.

Тәрбие үрдісінің психологиялық-педагогикалық диагностикасының әдістері. Мұғалімнің психидиагностикалық мәдениеті. Оқушылардың тәрбиелік деңгейінің өлшемдері мен көрсеткіштері. Оқушылардың тәрбиелік диагностикасының мазмұны. Диагностикасының әртүрлі әдістері мен әдістемесін пайдаланудын ерекшеліктері. Сынып ұжымының қалыптасу деңгейін және тұлғааралық қарым-қатынас жағдайын зерттеу.

-тақырып. Тәрбиелік үдісті әдістемелік қамтамасыздандыру.

Сынып жетекшісінің өздігінен білім алуы және оның тиімді жағдайы. Мектептің педагогикалық Кеңесі және сынып жетекшісінің семинары (сынып жетекшілерінің әдістемелік бірлестігі). Тәрбие жұмысының озық педагогикалық тәжірибесін зерттеу және жинақтап қорытындылау.

-тақырып. Қазіргі заман жағдайындағы балалар мен жастар бірлестіктері.

Балалар бірлестігі тәрбиелеу мен әлеуметтендіру институты. Балалар бірлестігінің түрлері. Балалар мен жастардың формальды емес бірлестіктері. Оқушылардың бос уақытың ұйымдастырудың мақсаты мен міндеттері. Оқушылардың бос уақытындағы іс-әрекет формалары. Оқушылардың бос уақытың ұйымдастыру әдістері.

-тақырып. Оқушылардың сауатты өмір салтын қалыптастырудағы сынып жетекшісінің іс-әрекеті.

Салауатты өмір салтын қалыптастырудағы әлеуметтік-экономикалық жаңдай. Демалыс және еңбек күн тәртібін ұйымдастыру әдістемесі. Алкоголизмге қарсы үгіт және наркоманияның алдын алу әдістемесі. Келіспеушіліктердің алдын алу және оларды жеңу жолдарының психологиялық және педагогикалық әдістемесі.

–тақырып. Дарыңды балалармен жұмыс істеу әдістемесі.

«Қабілеттілік», «дарындылық», «талант» ұғымдары. Дарындылықтың диагностикасы. Мектеп шеңберінде дарынды балалармен жұмыс істеу жүйесі. Мектептен тыс дарыңды балалармен жұмыс істеу жүйесі.

–тақырып. Оқушылармен жүргізілетін кәсіптік бағдар беру жұмыстарының әдістемесі.

Кәсіптік бағдар берудің мәніне сипаттама (мақсаты, міндеттері, мазмұны). Қазіргі жағдайдағы кәсіптік бағдар берудің еркшеліктері. Кәсіптік бағдар беру жұмыстарының формалары. Педагогикалық кәсіби бағдар.


Семинар сабақтарының үлгі тақырыптары

Мектептегі тәрбие жұмысынжоспарлау әдістемесі.

Сынып жетекшісінің іс-әрекеті мектептегі тәрбие үрдісінің табыстылығының бір жағдайы.

Сыныптан тыс жұмыстын әдістері мен құралдары.

Тәрбие технологиясының кешенді тәсілі.

Тәрбие технологияларын таңдау.

Оқушылар ұжымын қалыптастыру әдістері.

Оқушылардың өзін-өзі басқару ж.йесін құрудың әдістері.

Оқушылар тәрбиелілігін диагностикалаудың әдістері мен әдістемелері.

Тәрбие үрдісін әдістемелік қамтамасыз ету.

Студенттердің оқытушының қатысуымен өздігінен орындайтын жұмыстарының үлгі тақырыптары.

Мектептің авторлық тәрбие жүйелері.

Сынып жетекшісі қызметінің жүйесі.

Сыныптағы тәрбие жұмысын жоспарслаудың техникасымен әдістемесі.

Тәрбиелік іс-әрекетті ұйымдастыру технологиялары.

Тәрбие үрдісіндегі оқушыларға жеке ықпал етдудің әдістері.

Тәрбие үрдісін оңтайландыру үшін психологиялық диагностиканы қолдану әдістері.

Педагогикалық жағдайларды талдау алгоритмі және педагогикалық есептерді шешу.

Мектеп оқушыларының ата-аналарымен жүргізілетін жұмыстарының әдістемесі.

Студенттердің өздігінен орындайтын жұмыстарының үлгі тақырыптары.

Сынып жетекшісінің жұмысын жоспарлау.

Ұжымдық – шығармашылық жұмыстарды ұйымдастыру әдістемесі.

Сынып сағаты – тәрбие жұмысының негізгі формасы.

Оқушылар ұжымындағы өзін-өзі басқару және оны ұйымдастыру әдістері.

Балалар ұжымын қалыптастыру және оның жағдайын зерттеу әдістемесі.

Тәрбиеге жеке ықпал ету принциптерін тарату тәжірибесі.

Мектептегі – сыныптан тыс тәрбие жұмысы.

Сынып жетекшісінің оқушылар тәрбиесі мәселелері бойынша ата-аналармен өзара әрекетесу негіздері.

Курстық жұмыстардың үлгі тақырыптары.

Тәрбие – мәдени – тарихи феномин.

Оқушылардың әлеуметтік қатынасқа даярлығын қалыптастыру.

Оқушылардың тәрбие үрдісінің заңдылықтары мен олардың тәжірибелік тәрбие жұмыстарындағы көрінісі.

Педагогтар мен оқушылар іс-әрекетінің даму жолдары.

Әр түрлі жастағы оқушылар іс-әрекетінің ерекшеліктері.

Педагогтар, ата-аналар мен балалардың бірлескен іс-әрекетін ұйымдастыру.

Оқушылардың өзін-өзі тәрбиелеуі. Оны ынталандыру жолдары.

Сынып жетекшілігінің көп түрлілігі.

Ұжымның тірбиелік функцияларын жүзеге асыру.

Балалар бірлестігі тәрбие институты ретінде.

Тәрбие жұмысының формалары. Оларды таңдау мәселесі.

Тәрбиенің тиімділігі мен нәтижелерін зерттеу ерекшеліктері.

Тәрбие жұмысының мақсатын белгілеу мен жоспарлаудың және оны талдаудың өзара байланысы.

Қиын балалрмен жұмыс жүргізу мен оның диагностикасының әдістемесі.

Дарыңды балалармен жұмыс істеу және оның диагностикасының әдістемесі.

Қолданылған әдебиеттер тізімі

Негізігі әдебиеттер:

Тажбаева С.Г. Подготовка будущего учителя к технологии воспитательного процесса в школе.- Алматы: АГУ им. Абая,2004.-226с.

С.Эбенбаев Сынып жетекшісі. – Алматы, 2004.

Битинас Б.П. Структура процесса воспитания. –Каунас, 1984.

Маленкова Л.И. Воспитание в современной школе: Книга для учителя-воспитателя.-М.,1999

Иванов И.П. Энциклопедия колективных творческих дел.-М, 1989.

Караковский В.А. Воспитательная система школаы: Педагогические идеи и опыт формирования. М., 1992.

Щуркова Н.Е. и др. Новые, технологии воспитательного процесса –М., 1994.

Классному руководителю / Под ред. М.И.Рожкова – М.,1999-с.63-100.

Рожков М.И., Байбородова Л.В Организация воспитательного процесса в школе. – М., 2000.-с.89-110.

Методика воспитательной работы: учебного пособие для студ.высш. учеб. Заведений / Л.А.Байкова, Л.К. Гребенкина и др.; Под ред. В.А. Сластенина. -3-е изд., стер. – М.; Изд.центр «Академия», 2005.-141 с.

Қосымша әдебиеттер:

Азаров Ю.П. Искусство воспитывать. –М., Просвешение, 1979.

Воронов В.В. Технология воспитания. –М., «Школьная Пресса», 2000.

Гришин Д.М., Колдунов Я.И. Руководство самовоспитанием школьников: В помощь классному руководителю и воспитателю. –М.: Просвещение, 1989.

Гуманистическая направленность штайнеровской педагогики. Под. ред. Пузанов Б.П., Речицкой Е.Г., Пелтонина Э. – М: Гуманит. изд. центр ВЛАДОС, 1999.

Гуткина А.Д. Планирование и организация воспитательной работы в школе. – М.: Центр «Педагогический поиск», 2001.

Методика воспитательной работы: Уч. Пособие для студентов пед.училищ/ Коротов В.М., Л.Ю. Гордин и др.. – М.: Просвещение, 1990.

Кукушин В.И. Теория и методика воспитания. –М.: Издательский центр «Академия», 2002.

Рожков М.И., Байбородова Л.В. Организация воспитательного процесса в школе: Учеб. пособие для студ. высш. Учеб. заведений. –М: Гуманит. изд. центр ВЛАДОС, 2001.

Сергеева В.П. Классный руководитель: планирование и организация работы от А до Я. –М., 2001.

Щуркова Н.Е. Воспитание детей в школе. –М.,1998.

Авторлар:

Колумбаев Ш.Ж. – Абай атындағы ҚазҰПУ-нің педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент.

Калиев Г.И.-Абай атындағы ҚазҰПУ-нің педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент.

Көшербаева Ә.Н. – Абай атындағы ҚазҰПУ-нің педагогика ғылымдарының докторы, професор.



Шалғынбаев Қ.Қ. – Абай атындағы ҚазҰПУ-нің педагогика ғылымдарының кондидаты, доцент.

Шолпанкулова Гульнара Кеңесбекқызы – Абай атындағы ҚазҰПУ-нің педагогика ғылымдары.
Каталог: arm -> upload -> umk
umk -> Пән бойынша оқыту бағдарламасының (Syllabus) титулдық парағы
umk -> Методические указания по прохождению учебной практики для студентов специальности 5В020400 «Культурология»
umk -> Пән бойынша оқыту бағдарламасының (Syllabus) титулдық парағы
umk -> Әдістемелік ұсыныстар мен нұсқаулардың; әдістемелік ұсыныстардың; әдістемелік нұсқаулардың титул парағы
umk -> Бағдарламасының титулдық пму ұс н 18. 4/19 парағы (syllabus) Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
umk -> Бағдарламасы Нысан пму ұс н 18. 2/06 Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі
umk -> Программа Форма ф со пгу 18. 2/06 Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі
umk -> Пән бойынша оқыту бағдарламасының (Syllabus) титулдық парағы


Достарыңызбен бөлісу:


©engime.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

енгізу | тіркеу
    Басты бет


материалдарды жүктеу