Диплом жұмысы 5В010200 «5В010100-Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу»


Білім беруді басқару және көшбасшылық



бет11/17
Дата30.06.2020
өлшемі370 Kb.
#74710
түріДиплом
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   17
Байланысты:
Диплом
Мақатаев, Сын пікір (pdf.io) (1), Диплом (pdf.io) (1)
8. Білім беруді басқару және көшбасшылық

Аталған модуль білім берудің кез келген жүйесіндегі тұрақты даму мен өзгерістердің сырттан енгізілуі мүмкін емес, олар нақты сыныптардағы мұғалімдердің тәжірибесі мен түсініктеріндегі өзгерістерден бастау алу керек деген тұжырымға сияды. Қандай жағдай болмасын, өзіңіздің өмірлік ұстанымызда таңдай білу, адамдық көшбасшылыққа негізделеді.

Психологтардың зерттеулеріне сүйенсек, ойлау стилі бастауыш сыныптан-ақ оқушыларда жеке қалыптаса бастайды. Балалардың бастауыш мектепте қазіргі ақпараттық технологияларды адамзат іс-әрекетінің түрлі салаларында қолдана білудің қажетті дағдыларын игеріп үлгеруіне мүмкіндік туады. Ақпараттық технология білім беру үрдісін ұйымдастыру бастауыш сынып оқушыларының оқу материалын жеңіл меңгеруін, компютерде жұмыс істеу дағдыларымен қарулануын жүзеге асырады.

Оқытудың ақпараттық технологиясын оқу үрдісінде тиімді қолдану үшін бастауыш сынып оқушыларының оқу іс-әрекеті, психологиялық тұлғалық әлеуметтік және физиологиялық даму ерекшеліктерін есепке алу керек. Бастауыш мектеп бағдарламасы баланың жеке тұлғасын қалыптастыруға, оның өзіндік оқу-танымдық әрекетін дамытуға бағытталған. Бастауыш сынып оқушыларының өз мүмкіндігін көрсете білу үшін, ақпаратты өзіндік іздеу, жоспарлау, бөлшектеу, біріктіру, суреттеу, жалғастыру және тиімді пайдалану. Өз іс-әрекетінің дұрыстығын тексеріп, бақылау икемділігін бойына сіңіру әлде қайда маңызды.

Шығармашылық ойлау мен өз ойын еркін жеткізе білу икемділіктерінің дамуы негізінде бастауыш сынып оқушыларының дүниетанымы мен дарындылығы жетіле түседі. Мәселен, бастауыш мектепте информатика, ана тілі, қазақ тілі, дүниетану сияқты пәндермен ұштастыра отырып балалардың алған білімдерін өмірде қолдана білуге құштарлығы басым екендігі айқын көрінеді.

Жалпы оқытудың жаңа технологияларын қолдана отырып,сабақтың тиімділігін арттыру.Сонымен қатар оқушыларды өз бетімен жұмыс жасауға тәрбиелеу,үйрету,шығармашылық қабілетін дамыту.Қазіргі заманғы жаңа ақпараттық технологияны қолдану арқылы оқу-тәрбие үрдісінің барлық деңгейін қарқындату,яғни оқу үрдісінің сапасы мен тиімділігін танымдық іс-әрекет белсенділігін көрсету,пәнаралық байланыстарды тереңдету,қажет ақпаратты іздеу тиімділігі мен көлемін кеңейту.Оқып үйренушінің жеке тұлғасын дамыту ақпараттық қоғам жағдайында жабдықталған өмірге өзіндік дайындықтар жүргізу,әртүрлі ойлау қабілетінің түрлерін байланыс жолдары қабілеттілігін дамыту,күрделі жағдайлардағы шешім нұсқаларын ұсыну немесе тиімді шешімдерін қабылдау біліктілігін қалыптастыру,компьютерлік графика мен мультимедия технологияларын пайдалану арқылы эстетикалық тәрбиелеу,ақпаратты өңдеуді жүзеге асыра білу,ақпараттық мәдениетті қалыптастырып,мәселені модельдей білуді дамыту және ең бастысы тәжірибелік-зерттеу іс-әрекетін жүзеге асыра білуді қамтамасыз ету.

Қоғамның әлеуметтік тапсырыстарын орындау жұмыстары, яғни, ақпаратты сауатты меңгерген жеке тұлға даярлау, тұтынушыны компьютер құралдарымен жұмыс істеуге үйрету және информатика аймағында кәсіптік бағдар беру жұмысын жүзеге асыру. Жаңа технологияның басты мақсаттарының бірі баланы оқыта отырып, оның еркіндігін, белсенділігін қалыптастыру, өз бетінше шешім қабылдауға дағдыландыру. Педагогикалық технология - педагогикалық іскерліктердің жетісітігіне жеткізетін ғылыми жобалау және нақты өндіру. Сонымен педагогикалық процесс белгілі жүйе принциптерінде құрылатын болғандықтан, педагогикалық технология сыртқы және ішкі болып бөлінеді. Осы принциптерді жалғастырмалы орындау оларға обьективті қарым-қатынастарында және педагогтың тұлғасын толық көрсететін жинақы ретінде қалыптастырылады.

Кіші мектеп жасындағы оқушылар әр нәрсеге еліктегіш, қызығушылықтары соншалықты көрген нәрсесін қолымен ұстап, көзбен көргенше асығады. Сол үшін мектептегі әрбір ұстаз балалардың сабағын тартымды, әрерлі, қызығушылығын артыру арқылы ұйымдамтыру жұмысын жолға қойса, онда біздің еңбегеміз жемісті болар еді. Психологтардың айтуы бойынша бала ойын үстінде қалай болса, есейгенде еңбек үстінде сондай болады деген. Сондықтан ойын баланың дүниетанымы мен өміртанымының алғашқы қадамы. Баланың өмірді тануы, оны білуі, қоршаған орта мен араласуы, еңбекке, үлкендермен қарым-қатынасы, психологиялық ерекшеліктері ойын үстінде қалыптасады. Кіші мектеп жасындағы балалар өздерін ойын үстінде еркін сезінеді, тапқырлық, іскерлік, ізгілік, шығармашылық әрекеттері қалыптасады. Сонмен қатар бала ойын кезінде қуанады, ренжиді, біреуге қамқор болады, ызаланады. Бастауыш сынып мұғалімдері оқушыны сабақта, ойын барысында көңілін шаттандыратындай, ойын, қиялын оятатындай, іскерлігін дамытып, қалыптастыратындай болу керек. Қазақ тілін оқыту барысында балалардың шығармашылығын, белсенділігін саналы ойлана білуін, ой-өрісінің дамуын, қиыншылыққа төзу, ептілігін қалыптастыру, үйрету, баулу мұғалімнің негізгі міндеті. Мектепке дейінгі мекемедеоқушының қызығушылығын дамытудың бірнеше жолдарын айтуға болады.

а)мадақтау;

ә)бағалау;

б)көрнекілік түрлерін қолдану;

в)ойын элементтерін пайдалану;

г)дидактикалық материалдар;

д)деңгейлік тапсырмалар беру арқылы.

Оқушының шығармашылық қабілетін дамытуды талдап, түсіну үшін "қабілет" деген ұғымды түсініп алуымыз керек. ""Қабілет ұғымына психологиялық тұрғыдан көптеген ғалымдарымыз анықтамалар берген. Академик Т.Тәжібаев "қабілет – іс-әрекеттің белгілі бір түрін ойдығыдай, нәтижелі орындауда көрінетін адамның жеке қасиеті" деп түсінік берді. Сонымен қатар қабілеттердің даму мәселесін зерттей келе көптеген психолог ғалымдар А.Джунисбеков, М.Дүйсебаева, Қ.Жұбанов, өз пікірлерін былай деп тұжырымдады. қабілеттер оқытусыз да дамитынын, бірақ ол онда ұзақ процеске айналатынын айтты. Қабілеттер күні бүгінге дейін көптеген ғалымдардың зерттеу мәселесінің назарын аударып, күні бүгінге дейін күн тәртібінен түскен жоқ [9,10,11,12]

А .Джунисбеков, "қабілеттер" оның құрамы үш түрлі қасиеттер тобынан тұратынын анықтап, дәлелдеп, олардың бір-бірімен байланысын ашып көрсетті. Қ .Жұбанов “қабілеттерге берген пікірі” дамытудағы әлуметтік-жағдайлардың шешуші роль арқаратындығына назар аударды. Н. И. Ильминский “іс-әрекеттің” қабілетті дамытуындағы ролін анықтады. Осы негіздерге сүйене отырып ғалымдардың пікірлерін теорияда қалыптасқан біртұтастықта қарастырылатын яғни, “қабілеттердің әрекетте дамитындығы” жөнінде қағида қалыптасқан. Осы еңбектердегі теориялық түсініктерге сүйене отырып, осы проблемаға деген қызығушылықтың үнемі болып отыратындығын, оларда бір-біріне деген қарама-қайшылықтың жоқ екендігін байқадық. Осы еңбектердің әрқайсысы қабілеттер мәселесінің теориялық негіздемесін қамтамасыз етіп, оны ары дамытуға, белгілеуге үлесін қосады. Қабілеттер туа біткен қасиет емес, олар өмір сүру барысында дамып, жетіліп отырады. Қабілеттердің дамуы әр адамда әртүрлі деңгейде болады. Бала бойындағы қабілеттер жалпы және арнайы болып табылады. [10,12,13]

Психолог ғалымдар қабілеттің екі түрлі деңгейі бар екенін дәлелдеді:


  1. репродуктивті іс-әрекетті, не білімді берілген үлгі бойынша қабылдай, меңгере алу деңгейі.

  2. Шығармашылық - жаңа нәрсе ойлап табуға бағытталған қабілеттер деңгейі.

  1. “Шығармашылық” сөзінің этимологиясы “шығару, ойлап табу” дегенді ұғындырады. Баланың шығармашылық қабілеттерін дамытудың жолдарын, құралдарын анықтау педагогика, психология ғылымдары өте ертеден зерттеген. “Шығармашылық” әлемдік мәдениет пен білімнің барлық дәуіріндегі ойшылдардың назарында болғанын, “шығармашылық теориясын” жасауға деген ізденістердің болғанын байқауға болады.

Ұлы ойшылдарымыз І.Кеңесбаев, Ғ.Мұсабаев, Абайды да “шығамашылық”, “қабілет” деген ұғым-түсініктер ерекше толғандырып, ой салған. Сондықтан бүгінгі педагогиканың негізгі мақсаты – озық, қоғамға лайықты, жаңашыл әдіспен жұмыс істейтін, өзінің еңбектерінде адамның жеке басын, қабілеттерін дамытуды көздейтін адамды тәрбиелеу боып отыр. Мысалы, көрнекті ағартушы Т. Қордабаевтің өз шығармаларында қабілеттерді дамытудың жолдары қарастырылса, ал Мелиоранский П. М оқушы шығармашылығына бағыт-бағдар беруді ең алғаш білім мазмұмына негізген ғалым-педагог болды [14,15,16].



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   17




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет