Мұқағали Мақатаев (1931-1976) Шынайы поэзия өкілі, ғажайып ақындардың бірі Мұқағали Мақатаев қазіргі Алматы



Дата02.04.2020
өлшемі17,17 Mb.
#61369
Байланысты:
Мақатаев

  • Мұқағали Мақатаев (1931-1976)
  • Шынайы поэзия өкілі, ғажайып ақындардың бірі Мұқағали Мақатаев қазіргі Алматы
  • облысы, Райымбек ауданындағы Қарасаз аулында 1931 жылы 9 ақпанда дүниеге келді.
  • Балалық шағы соғыспен тұспа-тұс келген Мұқағали өлеңді он-он бір
  • жасынан жаза бастайды. Алғашқы өлеңдері аудандық газетте жарық көрген Мұқағали
  • Шығармалары1960-1970 жылдары үздіксіз басылады, бұл жылдарды ақынның қазақ
  • поэзиясының биік шыңына көтерілген уақыты деп санауға болады.
  • Ақын тұрмыс тауқыметін тарта жүріп, әпербақан сынға ұшырағанда да
  • “Ақынның ақындығы атақта емес, арда ғана” деген байламды берік ұстап, шен-шекпенге
  • де, лауазым-атаққа да қызықпаған.
  • М.Мақатаев поэзиясы жұмыр жердің барлық мәселесіне араласқан, кең,
  • ауқымды тақырыпты қамтиды. Оның туған жер, адамдар тағдары, өмір мен өлім,
  • ана мен бала, ақын мен ақындық, соғыс тауқыметі т.б. тақырыптағы лирикасы
  • қайталанбас ұлттық сипатта, ұлттық зермен кестеленген.
  • “Мұқағали мөлдірліктен,
  • тазалықтан,
  • биік адамгершіліктен тұратын”
  • Лашын Әзімжанова - жұбайы.
  • Жапырақ жүрек,жас қайың!
  • Жанымды айырбастайын.
  • Сен адам бола бастасаң,
  • Мен қайың бола бастайын.
  • Келісесің бе, жас қайың?
  • Көрінер,мүмкін,кімге ерсі,
  • Өміріңді маған бір берші!
  • Дүрбелең мына дүниені,
  • Адам көзімен бір көрші.
  • Қайың боп мен де бағайын,
  • Орманнан орын табайын.
  • Беймәлім маған өмірге
  • Қайың көзімен қарайын.
  • Сен-дағы жерден нәр алдың,
  • Мен-дағы жерден нәр алдым,
  • Біреуден сен де жаралдың,
  • Біреуден мен де жаралдым.
  • Тілің жоқ жанды қайың сен,
  • Айырмашылығым-адаммын.
  • Мендегі бары бір жүрек,
  • Беріпті жүрек саған мың.
  • Сондықтан ұзақ жасайсың-
  • Құрдасы келер заманның.
  • Бар жоғы менде бір жүрек,
  • Ол өлсе мәңгі кеткенім.
  • Сендегі семсе мың жүрек,
  • Келгенде жасыл көктемің,
  • Тірілер қайта дүркіреп.
  • Жапырақ-жүрек,жас қайың!
  • Жанымызды айырбастайық!
  • Адам боп жүрсең қасқайып,
  • Қайың боп тұрам қасқайып,
  • Тәуекел ,айырбастайық!
  • Өмірге өмір жалғасып,
  • Анамыз-жерге жармасып,
  • Бірде адам,бірде қайың боп,
  • Сүрейік өмір алмасып...
  • Өмір сүрейік алмасып
  • Анасы Нағиман апа


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет