Дипломдық жұмыс Көркем мәтінде окказионал фразеологизмдердің жасалуы мазмұНЫ


Окказионал фразеологизмдердің узуал фразеологизмдерден айырмашылығы



бет11/53
Дата10.05.2020
өлшемі0,61 Mb.
#66916
түріДиплом
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   53
Байланысты:
Көркем мәтінде окказионал фразеологизмдердің жасалуы

1.4.1 Окказионал фразеологизмдердің узуал фразеологизмдерден айырмашылығы

Профессор Р. Сыздық тіл мәдениеті, тілдік норма жайында айта келіп: «Тіл мәдениеті, норма дегендерге қатысы бар терминдердің бірі – узус, екіншісі – окказионалдық бірліктер», – деп көрсетеді. Зерттеушінің пікірінше, узус – қолданылып кеткен тілдік бірліктер, ал окказионал бірліктер – әдеттегі нормадағы мағынадан бөлек, тек сол контексте келтірілген мағынада жұмсалған сөздер. Яғни узус пен окказионализмдер – оппозитивтік (қарама-қарсы) дүниелер» деген пікір айтады [46, 8-9 бб.]. Осыдан келіп авторлық жеке қолданыстардың нәтижесінде окказионал фразеологизмдер пайда болатынын пайымдаймыз. Мысалы:



Аты шулы Сартай Омаровтың Амангелді ауданын ашса алақанында, жұмса жұдырығында ұстап, мұрнынан ақсары бас құрт ыршып тұрған кезі еді ол! (Ж. Сабыржанұлы, 24 б.)

Аузын тығындасаң, мұрнымен әзілдейтін Жұмахан Есенді құшақтап сыңсып отыр: «Қара қыпшақ Қобыланды да нең бар еді, құлыным-ау!» (Ж. Сабыржанұлы, 33 б.).

Келтірілген мысалдардағы мұрнынан құрт ыршу (өзін басқадан артық санау, паңдану, уақытша нәрсеге тәкаппарлану), мұрнымен әзілдейтін (аузын басса, мұрны сөйлейтін, әзілқұмар адам) тіркестерін байланыстырушы соматикалық атаулар болып табылады. Бұл жеке автор енгізген жаңа қолданыстар тыңдаушысына әсер етпей қоймайды, өйткені олар пайда болған жаңа сөздер микромәтіндердің ішіне сыйып, айтылар ойы мен мазмұнының ерекшелігімен көзге түседі.

Сонымен, окказионал тіркестер дегеніміз тосындылығымен, экспрессивтілігімен, бір стильдік тармақта, бір мезгілде пайда болатын, өміршең емес, әдеби тілге ену қабілеті шектеулі сөздер. Мысалы:

Тесікке – тығын, жыртыққа – жамау қыларлық, атқа - тоқым, адамға – лыпа боларлық шамасы қалмай, қамсауы кеткендер Садуақастың маңына үйірілетін (Ж. Ахмади, 47 б.).

Ержете аузына жел бітіп, қазір бүкіл Дулаттың атақты ақыны болғанға ұқсайды (С. Мұқанов, 264 б.).

Осы мысалдардағы қамсауы кеткендер (жағдайы жоқ, кедей), аузына жел бітіп (өнер дару, таланты болу) сияқты тұрақты тіркестерді автор ұтымды пайдалана білген. Уақыт өте келе бұл окказионал фразеологизмдер тұрақты тіркестердің аясын кеңейтіп, фразеологиялық бірліктердің қатарына қосылуы да мүмкін.

Барынша прагматикалық әсерге қол жеткізу үшін, автор шығарма жанрына сай әңгімелеудің белгілі бір тәсілін таңдап алады. Бұл оқырманның және тыңдаушының ойын жаулап алып, белгілі бір мақсатқа жету үшін, фразеологизмдерді, олардың әр түрлі варианттарын қолдану, белгілі ФТ негізінде жаңа тіркестер жасау немесе ФТ-ның перифериялық мазмұнын окказионалды өзектілеу арқылы жүзеге асырылады. Белгілі фразеологиялық тұлғаларды өзгерте отырып, оның құрамын өзгерту арқылы автор фразеологизмдер мағынасына тың мазмұн береді. ФТ-ның прагматикасы экспрессивтілікпен, эмотивтілікпен, бағалауыштықпен сипатталатындықтан, біздің ойымызша, бұл олардың «тілдің экспрессивтілік дайын қызметін» қажет ететін ирониялық және сықақ мазмұнды мәтіндерде жиі қолданылатындығымен түсіндіріледі. Зерттеушілердің көпшілігі «экспрессивті-стилистикалық бояу» мен «мәдени-ұлттық специфика» көзін фразеологизмнің ішкі формасынан көреді.

Фразеология ғылым ретінде пайда болғаннан бері сөйлеуде ФТ-ның түрлі жағдайда өзектіленуі, әсіресе көркем мәтіндерге қатысты жақтары жемісті дамуын тапты.

Соңғы кезде көптеген ғалымдар, оның ішінде В.Н. Телия: «Лингвистиканың бір саласы ретіндегі фразеологизмдердің одан ары қарай дамуында жиі кездесетін фразеологиялық белгілердің прагматикалық қызметі, олардың сөйлеу актісінде оның ойындағысын айтуы мен мәтін түзуші әлеуеттік мәселелеріне ерекше назар аудару қажет. Онда олардың тіл және сөйлеудегі рөлі мен қызметін анықтайтын ерекшеліктері, сондай-ақ, фразеологизмдер мағынасындағы объективті және субъективті фактор арақатынасын, олардың коммуникативтік процеске қабілеттілігін қамтамасыз ететін, когнитивті процестерге араласа келе, ойдағыны айту барысында номинативті міндеттерді орындау мүмкіндігін және де коммуниканттардың мәртебесін көрсетудегі сөйлеудің әлеуметтік шарттарын сипаттайтын ерекшеліктері де анықталуы тиіс», – деген ой айтты [47, 55-56 бб.].

Осылайша, окказионалды фразеологиялық тұлғалардың прагматикалық әлеуетін зерттеу қазіргі кезде өзекті болып отыр, себебі ФТ-ның окказионалды өзектілігінің сөйлеуде, көркем мәтіндерде болуы автордың прагматикалық мақсатымен негізделеді, демек, ФТ-ның окказионалды өзектіленуі узуалды ФТ-ға қарағанда үлкен прагматикалық әлеуетке ие.

В.М. Мокиенко атап өткендей, зерттеушілер ФТ-ны сөйлеу актісінде қолданғанда үлкен өзгеріске түсіріліп айтылатындығын байқап, осы өзгерістердің стилистикалық әсерін анықтады. Мысалы:

Әкесі Жалайыр ханның соңына көп еріп кәпір жұрттардың басына талай қылыш ойнатқаны бар (О. Сәрсенбаев, 33 б.).

Әрине, осы мысалдан сөйлеу барысында айтылып тұрған ой өте әсерлі болып жететініне көз жеткізу қиын емес.

Фразеологиялық семантика варианттылық, синонимия, жеке-авторлық өзгерістер мен ФТ окказионалды өзектіленуі мәселелеріне көңіл аударуды қажет етеді.

Фразеологизм үшін норма ұғымының өзін екі бағытта қарастыру керек: тілдік ерекшелік және сөйлеу бағытында, яғни соңғы жағдайда авторлық мақсатта фразеологизмді жеке автордың өзгертуге мүмкіндігі бар. ФТ-ның жеке-авторлық өзгеруі, фразеологизмдердің контексте жасалуы және окказионалды өзектіленуі ФТ формаларының бірі болып табылады. ФТ-ның окказионалды өзектіленуі көбінесе сөйлеудегі құбылысқа тән. Ал олардың дәстүрлі формасы мен семантикасы окказионалды өзгеріске ұшырау барысында айқын көрінеді және лингвистикалық, экстралингвистикалық факторлар тәрізді назар аудартады.

ФТ-ның окказионалды өзектіленуін біз фразеологизмдердің мынандай өзгерістерінен анықтаймыз: тұлға мағынасында семантикалық өзгерістерге әкеледі, оған қандай да бір мағыналық реңк береді, өзгерген ФТ прагматикалық әлеуетін жоғарылатады. Мағынаның эмотивті немесе мағынаның эмоционалды-бағалау компонентіне қатысы бар, осы тілдік топта эмоционалды-бағалаудың шындыққа қатынасын білдіретін өзгерістер жиі кездеседі. Мұндай құбылыстар баға белгісінің ауысуымен байланысты денотативті мазмұнның өзгерісіне себепші болады.

Тау көрмедім Көкшенің биігіндей,

Бауырында ойнап ем киігіңдей.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   53




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет