Дипломдық ЖҰмыс мамандығы 050104 «Бастапқы әскери дайындық»



бет17/22
Дата02.05.2020
өлшемі1,05 Mb.
#65452
түріДиплом
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22
Байланысты:
Дипломная. Казак батырлардын ерлиги

Қайдауыл батыр (1766-1839) – Көтібар, Арыстан батырлардың замандасы. Борсық құмынан Ор өзеніне дейінгі аралықты жайлаған Шектінің батыры. Халық арасында:

«Шектіден шыққан дейді екі үлек,

Дүмпиген жаратылысы туған бөлек,

Көтібар – алмас қылыш ел тірегі,

Қайдауыл – сағы сынбас қазан жүрек», - деп ерекше тоқталады.

1778 жылы түрікпен шапқыншылығына қарсы тұрып, елін қорғаған, сол соғыста жекпе-жекте түрікпеннің жеті батырын жеңген. 1789 жылы башқұрттармен болған шайқаста еліне төнген жауды талқандаған. 1783-1797 жылы Сырым Датұлымен бірге патша өкіметінің отарлау саясатына қарсы күрескен. Ақбұлақ, Жем, Калмыково әскери бекіністерінде ерекше жеңіске жеткен. 1839 жылы казактар мен башқұрттардан құралған патша өкіметі әскерлерімен болған шайқаста қаза табады. Оның бейіті қазіргі Шалқар ауданында орналасқан. 1996 жылы батырдың 230 жылдық мерейтойы атап өтіліп, ас берілді.



Жанқожа батыр (1770-1860) – қазақ батыры. Ресей отаршылдары мен Хиуа бектеріне қарсы (ХІХ ғасырдың 30-жылдарында) күресте аты шыққан көтеріліс басшысы. Хиуа хандығында Қоқан билеушілеріне қарсы күрес жүргізеді.1835 жылы Сырдария бойына салынған Бабажан қамалын қиратып, Хиуа ханының әскерін талқандады. Жанқожа батырдың ерлігі туралы халық ауыз әдебиетінде жыр, термелер ұрпақтан ұрпаққа таралып келеді:

«Мінгені Жанқожаның Қарала атты,

Естісе мылтық даусын қарсы шапты», - деп жырлайды. Жанқожа батырдың дара туған тұлға екенін және ер қанаты Қарала атының да есті жануар екенін аңғартады. Сонымен қатар:

«Жанқожа жау боларда жасын алды,

Баласын мұсылманның қасына алды,

Бұл орыс бізге қарсы жау болар деп,

Барлық бекінісіне ойран салды».

Бұған қарап біз Жанқожа батырдың патша өкіметіне қарсы тұра білген, елінің тәуелсіздігі үшін күрескен хас батыр екеніне көзіміз жетеді. Дейтұрғанмен, Жанқожа батырдың өлімі туралы:

«Қулары бұл қазақтың шатылмайды,

Есіл ер қапияда кетті қолдан.

Енді батыр қазаққа Жанқожадай табылмайды», - деген жыр соңында ел ішіндегі алауыздықтан қаза тапқанын айтады. Сондықтан дара туған батырдың өліміне себепші болған қазақ халқының алауыздығы екенін айтып ескертеді.

Махамбет Өтемісұлы(1804-1846) 1836 жылы Исатай Тайманұлы бастаған екі жақты езгіге қарсы көтеріліс жағына шығып, оның ұраншысы болады. 1846 жылы жау қолынан қаза табады. Халқының бостандығы, елінің еркіндігі үшін қалың бұқараға:

«Ереуіл атқа ер салмай,

Егеулі найза қолға алмай,

Еңку-еңку жер шалмай,

Қоңыр салқын төске алмай,

Түн қатып жүріп, түс шалмай,

Тебінгі теріс қағынбай,

Темір қазық жастанбай,

Қу толағай тастанбай,

Ерлердің ісі бітер ме?» – деп, отаншылдық рухты көтеруге шақырады. Өзінің туындыларында нағыз хас батыр екенін көрсетеді:

«Дулығалы бас кескен,

Ту түбінен ту алған,

Мен – Өтеміс баласы

Махамбет атты батырмын!» – деген жолдар жасөспірімнің ойын, елжандылық қасиетін оятуына септігін тигізеді. Елін хан тепкісінен босатамын деген Исатай былай жырлайды:

«Қорлықта жүрген халқыма,

Бостандық алып берем деп,

Қырық бір жасқа келгенде,

Ауыр әскер қол ертіп,

Жасқұсқа барып кіргенде,

Арыстандай ақырған,

Айбатыма шыдамай,

Хан баласы жылады-ай,

«Жанымды қой» деп сұрады-ай.

Ақкөңіл аңқау жүрекпен,

Беремін деп мен тұрдым», - деп, қанша әділетсіз хан болса да, әділ батыр екенін аңғартады. Сондай-ақ ерліктің символы ретінде өсиет етіп:

«Арманы бар ма жігіттің –

Қапылыста тап берген.

Тайталасса жауменен

Туып өссе жер үшін?» – деген өлең жолдарында кейінгі жас ұрпаққа өсиет қалдыра отырып, туған жердің, ерліктің қадірін түсінуге дәріптейді.

Сонымен сіздер ХҮІІ-ХІХ ғасырлардағы халық батырлары жөнінде терең түсінік алдыңыздар, тыңдағандарыңызға көп-көп рахмет! Қазақ батырлары ел бостандығы мен елді сыртқы дұшпандардан қорғау үшін, туған жері үшін қасық қаны қалғанша күресіп, елін, Отанын бізге мұра етіп қалдырды. Олардың ерлігі ешқашан ұмытылмайды. Осылайша оқу-тәрбие үрдісінде мектеп оқушыларының қазақ батырларының ерлік дәстүрі негізінде отансүйгіштік тәрбие шараларын қызықты, әр түрлі формада өтуінің нәтижесінде балалардың өз бетінше шығармашылық ізденіс, туған жер, оған деген махаббат сезімін қалыптастыра алдық деп қорытындылауға мүмкіндік берді.


Қорытынды

Қазақстан Республикасының саяси-әлеуметтік тұрғыдан даму барысында мектеп оқушыларына отансүйгіштік тәрбие беруді рухани ұлттық дәстүрлерге сай жетілдіру көкейтесті мәселенің негізін құрайды.

Қазақ батырларының ерлік дәстүрі қазақтың ауыз әдебиетінде, тарихында, көркем шығармаларда сомдалуы және олардың маңызы мен мүмкіндіктерін реттеп, тұтас педагогикалық үрдістегі атқаратын негізгі қызметтерін саралауға көмектеседі.

Сондай-ақ орта мектептің оқу-тәрбие үрдісінде қазақ батырларының ерлік дәстүрі ұтымды пайдалану арқылы отансүйгіштік қасиетін қалыптастырудың теориялық негіздерін айқындау орта мектептің оқу-тәрбие үрдісінде ұлттық ерлік дәстүрлері негізіндегі отансүйгіштік тәрбие берудің алғышарттарын белгілеуге мүмкіндік береді.

Қазақ батырларының ерлік дәстүрі арқылы отансүйгіштік қасиеттерді қалыптастыруды оқушыларға тұтас педагогикалық үдерісте отансүйгіштік тәрбие беру құралы ретінде пайдаланудың тиімді педагогикалық шарттары:

- «Отансүйгіштік», «қазақ патриотизмі», «қазақстандық патриотизм» ұғымдарын ғылыми тұрғыдан талдаудың нәтижелері «батырлардың қаһармандық бейнесі» ұғымының мән-мағынасын, құрылымын айқындап, анықтамасын нақтылауға және теориялық моделін құруға мүмкіндік туғызады;

- Қазақ батырларының ерлік дәстүрі қалыптастыруда жалпы білім беретін орта мектептің алатын орны анықталып, педагогикалық шарттарының айқындалуы қазақ батырларының қаһармандық бейнесі арқылы оқушыларда отансүйгіштік қасиеттерді қалыптастырудың теориялық моделін ұсынуға мүмкіндік береді;

- 5-11 сынып оқушыларын отансүйгіштік рухта тәрбиелеудің педагогикалық шарттары анықталып, педагогикалық тәжірибе жұмысының нәтижелері оқу-тәрбие үрдісінде дәлелденді.

Орта мектептің жаратылыстану, гуманитарлық пәндерінің оқу бағдарламасына енгізілген қазақ батырларының ерлік дәстүрі негізіндегі отансүйгіштік тәрбиеге лайықталған тақырыптар оқушылардың бағдарламалық білім мазмұнын тереңдетіп, теориялық білімдерін кеңейтіп, қазақстандық патриотизм туралы түсінігін қалыптастырып, танымдық және өзін-өзі тәрбиелеу белсенділігін жетілдіреді.

Сондай-ақ «Отантану» арнайы курсын жүргізу балалардың өз туған жері туралы этномәдени түсінігін тереңдетіп, Отан қорғау, ерлік туралы қызығушылық сезімінің оянуына ықпалын тигізеді.

Мектептегі тәрбие жұмысына тиімді ендірілген қазақ батырларының ерлік дәстүрі негізіндегі тәрбие жұмысының түрлері мен формалары (сынып сағаттары, топсеруендер, кездесулер, пікірсайыстар, т.б.) оқушылардың оқу үрдісіндегі теориялық білімдерін практика жүзінде іске асыруға, шығармашылық ізденіс іскерлігін жетілдіруге көмектеседі.

Бүгінгі күні мектеп оқушыларында қазақ батырларының ерлік дәстүрі арқылы отансүйгіштік қасиетін қалыптастыру мәселесінің шешімін табуда мынадай проблемаларға тоқталғанды жөн деп білеміз:

- Жалпы білім беретін орта мектептің оқу-тәрбие үрдісінде қазақ батырларының ерлік дәстүрі арқылы оқушыларға отансүйгіштік қасиеттерді қалыптастыруда «қазақстандық патриотизм» принциптерін ескеру қажет; - 5-11 сынып оқушыларының отансүйгіштік қасиеттерін оқу-тәрбие үрдісінде қазақ батырларының ерлік дәстүрі арқылы қалыптастыруға бағытталған оқу бағдарламалары мен жаңа буын оқулықтарына қосымшалар енгізу туралы нұсқаулар енгізген жөн; - 7 сыныптарға арналған «Ерлік дәстүрі» факультативтік курсын оқу бағдарламасы және 10 сыныптарға арналған «Отантану» арнайы курсын мектептің оқу-тәрбие үрдісінде кеңінен қолданған тиімді; - Зерттеу нәтижелерін жоғары немесе арнайы орта педагогикалық оқу орындарының, жалпы білім беретін мектептердің, лицейлер мен гимназиялардың оқу-тәрбие жұмыстарында пайдалану қажет;

Біздің пікірімізше, отансүйгіштік тәрбие берудің тағы басқа салаларын өз алдына дербес зерттеу – ғылыми-педагогикалық мәні зор мемлекеттік талап-міндеттердің құрамдас бөлігі. Сондықтан бүгінгі жалпы білім беретін орта мектептің оқу-тәрбие үрдісін жетілдіруге бағытталған мәселелерді шешуде қажетті құрал деп айта аламыз.

Пайдаланылған әдебиеттер
Назарбаев Н.Ә. Өзекжарды ойлар. – Алматы: «Мектеп» баспасы ЖАҚ, 2003. – 172 б.

Назарбаев Н.Ә. Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы // Егемен Қазақстан, 2004, №258, 16 қазан

Энциклопедический словарь /Издатели Ф.А.Брокгаузъ, И.А.Ефронъ. – С.-Петербургъ: Типо-Литографія И.А.Ефрона, 1898. - Т. 23

Қазақстан. Ұлттық энциклопедия. Т.7. /Бас ред. Б.Аяған. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясының» Бас редакциясы, 2005. – 728 б.

Платон, Аристотель. Политика. Наука об управлении государством. – М.: «Эксмо»; Санкт-Петербург: «TerraFantastica», 2003. – 864 с.

Аристотель. Политика /Пер. С.А.Жебелева, М.Л.Гаспарова. – М.: ООО «Издательство АСТ», 2002. – 393 с.

Келімбетов Н. Ежелгі дәуір әдебиеті /Жоғары оқу орындары филология факультеттері студенттеріне арналған оқулық. – Алматы: «Ана тілі», 1991. – 264 б.

Жұмабеков А.Қ. Түркі халықтарының жазба мұраларындағы педагогикалық ой-пікірлер (ҮІ-ҮІІІ ғғ.): пед. ғыл. канд. дисс:13.00.01. -Шымкент, 2004. – 132 б.

Қашқари М. Түбі бір түркі тілі («Диуани лұғат ит-түрк»). – Алматы: «Ана тілі», 1993. – 192 б.

Қазақтың тәлімдік ой-пікір антологиясы /Құрастырған Қ.Жарықбаев, С.Қалиев. – Алматы: «Рауан», 1994. – Т. 1. – 320 б.

Ахметбек А. Қожа Ахмет Йассауи: Көмекші оқу құралы. – Алматы: «Санат», 1998. – 112 б.

Мағауин М. Қазақ хандығы дәуіріндегі әдебиет /Жоғары оқу орны студенттеріне арналған. – Алматы: «Ана тілі», 1992. – 176 б.

Бес ғасыр жырлайды /Құрастырған М.Мағауин. – Алматы: «Жазушы», 1989. – Т. 1. – 384 б.

Досмұхамедұлы Х. Исатай-Махамбет. – Алматы: «ССРО Мәдениет Қоры Қазақ бөлімі Қазақстан өлкетанушылар қоғамы», 1991. – 256 б.

Уәлиханов Ш. Таңдамалы. – Алматы: «Жазушы», 1985. – 560 б.

Ламашев Ә. Ыбырай Алтынсарин және оның орыс достары мен ізбасарлары. – Алматы: «Қазақстан», 1988. – 184 б.

Мырзахметов М. Абайтану тарихы. – Алматы: «Ана тілі», 1994. –192 б.

Қазіргі Абайтанудың өзекті мәселелері (ұжымдық монография). – Алматы: «Ғылым», 2002. – 274 б.

Чернышевский Н.Г. Полное собрание сочинений. – М.: «Просвещение», 1949. – Т. 2. – 298 с.

Дүниені өзгертуші ілім. – Алматы: «Қазақстан», 1982. – 364 б.

Ленин В.И. Сочинения. – М.: «Просвещение», 1970. – Т. 28. - 400 с.

Байтұрсынов А. Ақ жол: өлеңдер мен тәржімелер, публицистикалық мақалалар және әдеби зерттеу /Құрастырған Р.Нұрғалиев. – Алматы: «Жалын», 1991. – 464 б.

Жангелдин Т. С.Сейфуллин (Ақынның революциялық және қоғамдық мемлекеттік қызметі). – Алматы «Қазақстан», 1966. – 92 б.

Дулатов М. Шығармалары: өлеңдер, қара сөздер, көсемсөз. /Құрастырған М.Әбсеметов, Г.Дулатова. Алғы сөзін жазған Ж.Ысмағұлов. – Алматы: «Жазушы», 1991. – 384 б.

Жұмабаев М. Шығармалар: Үш томдық. – Алматы: «Білім», 1995. – Т. 1. – 256 б.

Макаренко А.С. Собрание сочинений в 5-и томах. – М.: «Просвещение», 1971. – Т. 4. – 370 с.

Сухомлинский В.А. Рождение гражданина. – М.: «Молодая гвардия», 1971. – 430 с.

Болдырев Н.И. Мектептегі тәрбие жұмысының методикасы. –Алматы: «Мектеп», 1987. – 231 б.

Жумаканов А.Р. Педагогические основы системы патриотического и интернационального воспитания школьников (на материалах КазССР): автореф. … докт. пед. наук:.13.00.01. – Алматы, 1972. – 59 с.

Мухаметзянова Г.В. Патриотическое и интернациональное воспитание старшеклассников в процессе усвоения основ национальной культуры: автореф. … канд. пед. наук:.13.00.01. – Казань: Государственный педагогический институт, 1973. – 23 с.

Алиев Р.З. Роль физического воспитания в формировании у молодежи военно-патриотических и интернациональных качеств (по Азерб. ССР 1937-1945 гг.): автореф. … канд. пед. наук:.13.00.01. – Баку: Государственный педагогический институт, 1975. – 30 с.

Примов Т. Военно-патриотическое воспитание учащихся старших классов в процессе преподавания узбекской литературы: автореф. … канд. пед. наук:.13.00.01. – Ташкент: Государственный педагогический институт, 1978. – 21 с.

Архипова Н.Т. Педагогические условия формирования военно-патриотических убеждений у старших школьников в процессе обучения (на материале гуманитарных предметов): автореф. … канд. пед. наук:.13.00.01. – Киев: Государственный педагогический институт, 1980. – 20 с.

Насыров И.И. Советские героические традиции как средство патриотического воспитания молодежи (на материалах Татарской АССР): автореф. … канд. пед. наук:.13.00.01. – Казань: Государственный педагогический институт, 1980. – 21 с.

Коидзе Ж.Г. Народные традиции как средство героико-патриотического воспитания школьников: автореф. … канд. пед. наук:.13.00.01. – М.: Государственный педагогический институт, 1982. - 16 с.

Кощуг Л.Т. Процесс патриотического воспитания подростков при изучении русской литературы: автореф. … канд. пед. наук:.13.00.01. – М.: НИИОПВ, 1982. – 19 с.

Олышевская Н.В. Патриотическое воспитание учащихся в процессе изучения этики и русской литературы в восьмом классе: автореф. … канд. пед. наук:.13.00.01. – Вильнюс: ВГУ, 1988. – 23 с.

Лоюк Ф.Ф. Повышение эффективности героико-патриотического вопитания старшеклассников во внеклассной деятельности: автореф. … канд. пед. наук:.13.00.01. – Рига: ЛГУ, 1989. – 24 с.

Каримбеков С.А. Военно-патриотическое воспитание учащихся старших классов национальной школы в процессе преподавания литературы (на материале русской литературы в узбекской школе): автореф. … канд. пед. наук:.13.00.01. – Ташкент: Государственный педагогический институт, 1991. – 17 с.

Нурмукашева С.К. Развитие военно-патриотического воспитания старшеклассников в школах Казахстана (1960-1985 гг.): автореф. … канд. пед. наук:.13.00.01. – Алматы: АГУ, 1993. – 25 с.

Қапаста жазылған хаттар: Жала құрбандарының жырлары. –Алматы, 1992. – 152 с.

Мағауин М. Ұлттың күре тамыры /Көсемсөз, ой, толғамдар. –Алматы: «Қанағат-ҚС», 1999. – 236 б.

Иманбаева С.Т. Оқушыларды ұлттық жауынгерлік дәстүр арқылы ерлікке баулудың педагогикалық негіздері: пед. ғыл. канд. ... автореф.:13.00.01. – Алматы, 1995. – 23 б.

Жұматаева Е. Қазақстан майдангер жазушыларының шығармалары арқылы оқушыларға патриоттық тәрбие беру: пед. ғыл. канд. ... автореф.:13.00.01. – Алматы, 1995. – 23 б.

Құсайынова Д. Әлия мен Мәншүк ерлігінде жоғары сынып оқушыларын патриоттыққа тәрбиелеу: пед. ғыл. канд. ... автореф.:13.00.01. – Алматы, 1999. – 26 б.

Байсеркеев Л.А. Нравственные основы правового воспитания школьников. Учебное пособие. – Алматы: «Санат», 1999. – 208 с.

Сайдахметова Л.Т. Қазақстан мектептерінде оқушыларды патриотизмге тәрбиелеудің дамуы (1970-2000 жылдар): пед. ғыл. канд. … автореф.:13.00.01. – Алматы, 2002. – 27 б.

Базарғалиев Ғ.Б. Х.Досмұхамедовтың ағартушылық қызметі мен шығармашылық еңбектеріндегі патриоттық тәрбие идеялары: пед. ғыл. канд. ... автореф.:13.00.01. – Атырау, 2002. – 27 б.

Әбілғазиева К.Т. Мұстафа Шоқайұлының (1894-1941) қайраткерлік қызметі негізінде жастарға патриоттық тәрбие беру: пед. ғыл. канд. … автореф.:13.00.01. – Шымкент, 2002. – 26 б.

Құрманбаева М.Ж. М.Ғабдуллин мұрасындағы этнопедагогикалық құндылықтар арқылы оқушыларды отансүйгіштікке тәрбиелеу: пед. ғыл. канд. ... автореф.:13.00.01. – Алматы, 2003. – 24 б.

Қалиева К.И. Махмұд Қашғаридың педагогикалық идеялары: пед. ғыл. канд. ... автореф.:13.00.01. – Алматы, 2003. – 24 б.

Ахметов Т.Ә. Жүсіп Баласағұнидің тәлім-тәрбиелік идеялары: пед. ғыл. канд. … автореф.:13.00.01. – Астана, 2003. – 27 б.

Бейсембаева А.А. Патриотическое воспитание старшеклассников средствами казахского героического эпоса: автореф. … канд. пед. наук:.13.00.01. – Алматы: АГУ, 2004. – 25 с.

Кенжебаева Р.Н. Оқыту үрдісіндегі халық педагогикасы арқылы оқушылардың атамекенге сүйіспеншілігін қалыптастыру: пед.ғыл. канд. … автореф.:13.00.01. – Шымкент, 2005. – 26 б.

Қалиев Ж.Н. Халық педагогикасы құндылықтары негізінде оқушыларға патриоттық тәрбие беру (5-9 сыныптардағы гуманитарлық пәндер негізінде): пед.ғыл. канд. …автореф.:13.00.01. – Астана, 2005. – 27 б.

Сүлейменова Б. Бастауыш сынып оқушыларын қазақ батырлар жыры арқылы адамгершілікке тәрбиелеу: пед. ғыл. канд. … автореф.:13.00.01. – Алматы, 2006. – 27 б.

Абсаттаров Р.Б. Национальные процессы: Особенности и проблемы. – Алматы: «Ғылым», 1995. – 248 с.

Менлибаев К.Н. Роль национальных традиций в патриотическом воспитании (по материалам конкретно-социологических исследований молодежи Республики Казахстан): автореф. … канд. филос. наук:.09.00.02. –Алматы: Институт философии НАН РК, 1995. – 19 с.

Нұрмұратов С.Е. Рухани құндылықтардың қалыптасуы мен дамуы (әлеуметтік-философиялық талдау): филос. ғыл. канд. дисс.:09.00.02. –Алматы, 2000. – 237 б.

Айталы А. Ұлттану /Оқу құралы. – Алматы: «Арыс», 2000. – 221 б.

Балапанова А.С. Проблемы истории и культуры казахов по материалам героического эпоса: историко-статистический анализ (на примере эпоса «Кобланды-батыр и др.»): автореф. … канд. ист. наук:.07.00.02. – Алматы: Казахский Национальный Технический Университет, 1999. – 28 с.

Картаева Ш.С. Қазақ халқының әскери өнері және жауынгерлік дәстүрі (ХҮ-ХҮІ ғғ.): тарих ғыл. канд. … автореф.:07.00.02. – Алматы, 1999. – 21 б.

Ыбыраев Ш. Эпос әлемі. Қазақтың батырлық жырларының поэтикасы. – Алматы: «Ғылым», 1993. – 296 б.

Искакова З.Ш. Казахская богатырская сказка: автореф. … канд. филол. наук:.10.01.09. – Алматы: КазПИ им. Абая, 1995. – 24 с.

Азибаева Б.У. Казахский дастанный эпос: автореф. … докт. филол. наук:.10.01.09. – Алматы: Институт литературы и искусства, 1998. – 53 с.

Бекеева Н.Ж.Қазақпоэзиясындағытрагедиялықахуалмен қаһармандықрух:филол. ғыл. канд. … автореф.:10.01.02.–Алматы, 2000. – 24 б.

Философиялық сөздік /Ред. колл: Р.Н.Нұрғалиев, Ғ.Ғ.Ақмамбетов, Ж.М.Әбілдин, т.б. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 1996. – 525 б.

Қазақ Совет Энциклопедиясы. Т.4. «ДОК-ИМАНТАУ» /Бас ред. М.Қ.Қаратаев. – Алматы: «Қазақ Совет Энциклопедиясының» Бас редакциясы, 1974. – 672 б.

Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі. Т.4. «Ж-К»» «ЖАТТАНДЫ-КЕСУ» /Бас ред. А.Ы.Ысқақов. – Алматы: «Ғылым», 1979. – 672 б.

Психологический словарь /Под ред. В.В.Давыдова, А.В.Запорожец и т.д. – М.: «Просвещение», 1983. – 448 с.

Социологический энциклопедический словарь (на русском, английском, немецком, французском и чешском языках). «М-НОРМА». – М.: Издательская группа «Инфра», 1988. – 448 с.

Краткий словарь по социологии /Сост. Э.М.Коржева, Н.Ф.Наумова. – М.: «Политиздат», 1988. – 477 с.

Философский энциклопедический словарь. «А-Я» /Гл. ред. Л.Ф.Ильичев и т.д. – М.: «Советская энциклопедия», 1983. – 836 с.

Педагогическая энциклопедия. Т.3. «Н-СМ» /Гл. ред. И.А.Каиров, Ф.Н.Петров и др. – М.: «Советская энциклопедия», 1986. – 880 с.

Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі. Т.7. «Қ-П». «ҚЫРҚЫ-ПЛАНЕТААРАЛЫҚ» /Бас ред. А.Ы.Ысқақов. – Алматы: Ғылым, 1983. – 672 б.

Литературный энциклопедический словарь /Под общей ред. В.М.Кожевникова и П.А.Николаева. – М.: «Советская энциклопедия», 1987. – 752 с.

Кенжалин Ж.О. Бұқаралық ақпарат құралдарының қазақстандық патриотизмді қарастырудағы ролі. Филос. ғыл. канд. дисс: 09.00.02. Алматы, 2000, 237 б.

Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Педагогика және психология /Жалпы ред. басқарған А.Қ.Құсайынов. – Алматы: «Мектеп» баспасы ЖАҚ, 2002. – 256 б.

Қозыбаев М. Өркениет және ұлт. – Алматы: «Сөздік - Словарь», 2001. – 369 б.

Сманова Н.Т. Ғабит Мүсіреповтің педагогикалық ой-пікірлері: Пед. ғыл. канд. … автореф. Алматы, 2005, 31 б.

Құрманбаева М.Ж. М.Ғабдуллин мұрасындағы этнопедагогикалық құндылықтар арқылы оқушыларды отансүйгіштікке тәрбиелеу: пед. ғыл. канд. дисс.:13.00.01. – Алматы, 2003. – 137 б.

Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Педагогика және психология /Жалпы ред. басқарған А.Қ.Құсайынов. –Алматы: «Мектеп» ЖШС, 2002. – 256 б.

Толковый словарь казахского языка. Т.2. «Қ-Я» /Под общей ред. С.К.Кенесбаева. – Алматы: «Издательство АН КазССР», 1961

Тайжанов А. Ұлтымызда қасиет деген ұғым бар //Қазақ әдебиеті, 1998, №24, 19 маусым.

Телібаев Ғ., Әмірғазин С. Қазақ менталитеті – философия ғылымының нысанасы //Білім - Образование, 2002, №1. – 20-25 бб.

Философская энциклопедия. Т.4. «НАУКА-СИГЕТИ» /Гл. ред. Ф.В.Константинов. – М.: «Советская энциклопедия», 1967. – 592 с.

Қазақ Совет энциклопедиясы. Т.6. «КӨЗ-ҚОСҮЙТАС» /Бас ред. М.Қаратаев. – Алматы: «Қазақ Совет Энциклопедиясының» Бас редакциясы, 1975. – 640 б.

Жалпы психология /В.Богословский және т.б. – Алматы: «Мектеп», 1979, – 240 б.

Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі. Т.8. П-Т (Планетарий-Таңдыру) /Жалпы ред. басқарған А.Ы.Ысқақов. – Алматы: «Ғылым», 1985. – 591 б.

Қазақ мақал-мәтелдері – Казахские пословицы и поговорки /Құрастырған және аударған М.Аққозин. – Алматы, 2000. – 212 б.

Қазақ халық әдебиеті /Құрастырған С.Садырбаев. – Алматы: «Рауан», 1990. – 240 б.

Қазақ мақал-мәтелдері /Құрастырған Ө.Тұрманжанов. – Алматы: «Ана тілі», 1993, – 176 б.

Қазақ мақал-мәтелдері /Құрастырған Ж.Дәуренбеков. – Алматы: «Ана тілі», 2001. – 192 б.

Ысқақбаев Ә. 777 жұмбақ. – Алматы: Ана тілі, 1994, – 112 б.

Қазақ жұмбақтары. Жинақ /Құрастырған А.С.Аманжолов. – Алматы: «Ана тілі», 1993. – 112 б.

Әуезов М.О. Өмірі мен шығармашылық шежіресі. – Алматы, 1997. – 786 б.

Барласұлы Т. Сөз атасы – ертегі, Құраннан сыр шертеді //Қазақ әдебиеті, 2000, №39.

Ертегілер. Т.4 /Жауапты шығарушы А.Айдашев. – Алматы: «Жазушы», 1989. – 304 б.

Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі. Т.8. «П-Т». «ПЛАНЕТАРИЙ-ТАНДЫРУ» /Жалпы ред. басқарған А.Ы.Ысқақов. – Алматы: «Ғылым», 1985. – 591 б.

Ел аузынан: Шешендік сөздер, ақындық толғамдар, аңыз әңгімелер /Құрастырған Б.Адамбаев, Т.Жарқынбекова. – Алматы: Жазушы, 1989. – 364 б.

Керқұла атты Кендебай: Қазақ ертегілері /Құрастырған Қ.Баяндин. – Алматы: «Қайнар», 1997. – 206 б.

Қазақ халық әдебиеті. Көп томдық. Т.1. Дастандар /Жауапты шығарушысы Т.Алпысбаев. – Алматы: «Жазушы», 1990. – 304 б.

Қыраубаева А. Қазақ әдебиетіндегі шығыстық қисса-дастандардың түп-төркіні мен қалыптасуы: филол. ғыл. докт. ... автореф.:10.01.02. – Алматы, 1997. – 55 б.

Батырлық дастандар /Құрастырушы Ү.Сүбханбердина. – Алматы: «Ғылым», 1995. – 376 б.

Ертегілер. Көп томдық. Т. 1. – Алматы: 1988. – 180 б.

Класс жетекшісінің анықтамалығы /Құрастырған В.М.Коротов. – Алматы: «Мектеп», 1982, – 298 б.

Батырлар жыры /Құрастырған, алғысөзін, түсініктерін жазған О.Нұрмағамбетова. – Алматы, 1986. – 264 б.

Батырлар жыры. Т.3. – Алматы, 1987. – 304 б.

Қазақтың батырлық эпосы /Құрастырған С.Дәуітов. – Алматы: «Рауан», 1992. – 104 б.

Ақ сауыт /Батырлар жыры. 2 томдық. – Алматы: 1977. – 318 б.

Қоңыратбай Т. «Қоңырат» эпосының тарихи-эпикалық сипаты // Ұлт тағылымы, 2000, №3, 55-65 бб.

Кожахметова К.Ж. Казахская этнопедагогика: методология, теория, практика. – Алматы: «Ғылым», 1998. – 317 с.

Бейсенбайұлы Ж. Қазақ шежіресі. – Алматы: «Атамұра», 1994. – 160 б.

Маданов Х. Кіші жүз шежіресі. – Алматы: «Атамұра-Қазақстан», 1993. – 168 б.

Қалиев С., Оразаев М. Қазақ халқының салт-дәстүрлері /Оқу құралы. – Алматы: «Рауан», 1994. – 224 б.

Жұмаділов Қ. Дарабоз: Тарихи роман. – Алматы: «Шабыт», 1994. – 416 б.

Есенберлин І. Алтын Орда: Роман-трилогия. – Алматы: «І.Есенберлин атындағы қор», 1999. – 528 б.

Жұмағұлов М. Қыран қазасы қияда /Орысшадан аударған Ғ.Қайырбеков. – Алматы: «Жазушы», 1980. – 448 б.

Тілепов Ж. Сақа солдат: Деректі повесть. – Алматы: «Жазушы», 1989. – 120 б.

Мүсірепов Ғ. Таңдамалы. Үш томдық. – Алматы: «Жазушы», 1980. – Т.3. – 584 б.

Иманбаева С.Т. Оқушыларды ұлттық жауынгерлік дәстүр арқылы ерлікке баулудың педагогикалық негіздері: пед. ғыл. канд. ... автореф.:13.00.01. – Алматы, 1995. – 23 б.

Қазақтар. Т.2. Тарихи тұлғалар /Көпшілікке арналған 9 томдық анықтамалық. – Алматы: «ҚДИ», 1998. – 533 б.

Қазақ Совет энциклопедиясы. Т.6. «КӨЗ-ҚОСҮЙТАС» /Бас ред. М.Қаратаев. – Алматы: «Қазақ Совет Энциклопедиясының» Бас редакциясы, 1975. – 640 б.

Қазақ Совет энциклопедиясы. Т.4. «ДОК-ИМАНТАУ» /Бас ред. М.Қаратаев. – Алматы: «Қазақ Совет Энциклопедиясының» Бас редакциясы, 1974. – 672 б.

Айтеке би /Сост. Г.Бельгер, М.Ақдаулетұлы. – Алматы: «Атамұра», 1998. – 224 с.

Қарасай батыр: Тарихи зерттеулер, өлең-жырлар /Құрастырған Ә.Ақбаев. – Алматы: «Санат», 1998. – 240 б.

Жанғалиев С. Есет батыр. – Ақтөбе: «Полиграфия», 1992, – 70 б.

Байдосұлы З. Үш ғасыр перзенттері. – Ақтөбе: «Полиграфия», 1997. – 363 б.

Жәнібек тархан /Ред. басқарған Қ.Сәрсенов. – Алматы: «Айқап», 1994. – 224 б.

Кэстль Дж. 1736 жылы Кіші жүз ханы Әбілқайырға барып қайтқан сапары туралы /Неміс тілінен аударған Ә.Төреханов. – Алматы: «Аударма», 2002. – 144 б.

Қазақстан. Ұлттық энциклопедия. Т.2. «Ә-Г» /Бас ред. Ә.Нысанбаев. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясының» Бас редакциясы, 1999. – 720 б.

Қазақстан. Ұлттық энциклопедия. Т.1. «А-Ә» /Бас ред. Ә.Нысанбаев. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясының» Бас редакциясы, 1998. – 720 б.

Нұрышев Б. Өзендер өрнектеген өлке. – Алматы: «Жалын», 1984. – 248 б.

Тарақ Ә. Алаштың айбын-ардағы: Әдеби-тарихи монография. – Алматы: «Қазақстан», 2003. – 240 б.

Қазақ Совет энциклопедиясы. Т.9. «ӨЛКЕЙЕК-САМАЛДЫҚ» /Бас ред. М.Қаратаев. – Алматы: «Қазақ Совет Энциклопедиясының» Бас редакциясы, 1976. – 640 б.

Маңғыстау энциклопедиясы. – Алматы: «Атамұра», 1997. – 384 б.

Төреханов Т. Қанмен жазылған тағдырлар. – Алматы: «Атамұра», 1999. – 416 б.

Қауыс Ұ. Ел қорғаған Көтібар. Естеліктер. – Алматы: «Нұрлы әлем», 2000. – 212 б.

Қара қылды қақ жарған: Билер мен шешендер сөздері /Құрастырған І.Есхожин. – Алматы: «Қайнар», 1995. – 256 б.

Мырзағұл М. Ақтөбем – алтын бесігім. – Алматы: «Ана тілі», 1999. – 208 б.

Ақтөбе: Энциклопедия. – Ақтөбе: «Отандастар-Полиграфия» ЖШС, 2001. – 748 б.

Байдосов З. Қазан жүрек Қайдауыл. – Ақтөбе: «Полиграфия», 1996. – 80 б.

Қазақстан: Ұлттық энциклопедия /Бас ред. Ә.Нысанбаев. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы» баспасы, 2001. – 720 б.

Атырау: Энциклопедия /Редакторы З.Қабдолов. – Алматы: «Атамұра», 2000. – 384 б.

Қазақстан: Ұлттық энциклопедия. Т.3. «Г-Ж» /Бас ред. Ә.Нысанбаев. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2001. – 720 б.

Ахметов Қ. Кенесары хан Ұлытау өңірінде. – Астана: «Фолиант», 2002. – 76 б.

Ереуіл атқа ер салмай /Құрастырған Қ.Сыдықов. – Алматы: «Жазушы», 1989. – 129 б.

Амангелді Иманов: Мақалалар, документтер, материалдар /Ред. басқарған А.Бисембаев. – Алматы: «Қазақстан», 1975. – 60 б.

Қазақстан. Ұлттық энциклопедия. Т.2. «Ә-Г» /Бас ред. Ә.Нысанбаев. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясының» Бас редакциясы, 1999. – 720 б.

Чистяков И.М. Служим Отчизне. – Алматы: «Казахстан», 1980. – 328 с.

Қазақ Совет энциклопедиясы. Т.6. «КӨЗ-ҚОСҮЙТАС» /Бас ред. М.Қаратаев. – Алматы: «Қазақ Совет Энциклопедиясының» Бас редакциясы, 1975. – 640 б.

Қазақ Совет энциклопедиясы. Т.11. «ТЕГЕРАН-ХИКАЯ» /Бас ред. М.Қаратаев. – Алматы: «Қазақ Совет Энциклопедиясының» Бас редакциясы, 1977. – 632 б.

Мәметова А., Әліпқали Т. Мәңгілікке маздаған қыршын ғұмыр. – Орал, 2002. – 136 б.

Шайынғазы С. Отан наградалары тапсырылды //Егемен Қазақстан, 2004, №305-307, 16 желтоқсан.

Байдербес Ғ. Әлия – ғасыр аруы. – Ақтөбе: «Отандастар-Полиграфия», 2000. – 150 б.

Қазақ Совет энциклопедиясы. Т.7. «ҚОСШАҒЫЛ-МЕТАТІЛ» /Бас ред. М.Қаратаев. – Алматы: «Қазақ Совет Энциклопедиясының» Бас редакциясы, 1975. – 648 б.

Қазақстан. Ұлттық энциклопедия. Т.1. «А-Ә» /Бас ред. Ә.Нысанбаев. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясының» бас редакциясы, 1998. – 720 б.

Елікбаев Н. Қазақтың ұлттық психологиясының қалыптасуы мен дамуының тарихи және әлеуметтік-мәдени негіздері: филос. ғыл. докт. дисс.:09.00.01. – Алматы, 2000. – 247 б.

Қазақ Совет энциклопедиясы. Т.6. «КӨЗ-ҚОСҮЙТАС» /Бас ред. М.Қаратаев. – Алматы: «Қазақ Совет Энциклопедиясының» Бас редакциясы, 1975. – 640 б.

Кожахметова К.Ж., Таубаева Ш.Т., Джанзакова Ш.И. Методология общей и этнической педагогики в логико-структурных схемах: Учебно-методическое пособие. – Алматы, 2005. – 174 с.

Нұрышева Г.Ж. Адам өмірі мәні мәселесінің қазақ философиясында көрінісі: филос. ғыл. докт. дисс.:09.00.13. – Алматы, 2002. – 270 б.

Момышұлы Б. Екі томдық шығармалар жинағы. Т.1. – Алматы: «Жазушы», 2002. – 480 б.

Қазақ тарихынан /Құрастырған Е.Ақшолақов. – Алматы: «Жалын», 1997. – 544 б.

Айталы А. Аптықпағанның асығы алшысынан. – Алматы: «Қазақстан», 2003. – 56 б.

Дүйсенбаев А. Жалпы білім беретін орта мектептің 10-сынып оқушыларына арналған «Отантану» арнайы курсының оқу бағдарламасы. – Ақтөбе, 2002. – 16 б.

Қосымша А. Қазақ батырларының ерлік дәстүрі туралы тарихи-дерекнамалық мағлұматтар




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет