Дипломдық жоба мамандығы: 5В080700 «Орман ресурстары және орман шаруашылығы»


Зерттеу жүргізілген аймақтың топырақ-климаттық жағдайы



бет8/14
Дата14.02.2023
өлшемі6,19 Mb.
#168784
түріДиплом
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   14
Байланысты:
Жаксыбай Исатай Бисенбайулы
Тұлға болам, Мұхтар Бекболат дипломдық жұмыс, Полигибрид прези
2.3 Зерттеу жүргізілген аймақтың топырақ-климаттық жағдайы
Бейнеу ауданы Маңғыстау облысының солтүстік бөлігінде орналасқан. Аудан көлемі шөл - шөлейтті аймақ зонасына жатады. Топырағы ащы, ылғалы аз, жері сорлы. Өсетін шөптер негізінен жусан, жусан - бұйрғынды, сұр – жусанды және жусан тұқымдастар, ащы жерлерге ебелек, бұйырғын, адыраспан өссе, құмды жерлерге қияқ, еркек, қияқ боз, селеу тағы да басқа шөптер өседі. Кей жылдары, көктем ылғалды, жылы болғанда сәуірдің ортасынан бастап эфемерлер (мортық, қоңырбас, сіңбірік, мысық құйрық) сияқты шөптер өсе бастайды. Бұл шөптер бір, бір жарым айларда қурай бастайды. Жайылымды тиімді пайдалану, оның тозуына жол бермеу, әр малдың жақсы жейтін шөбіне қарай орналастыруға да байланысты.
Маңғыстау климаты мұхиттан тым қашық. 41-46 °C солтүстік ендік аралығындағы қоңыржай белдеу жатқан аймақтың климаттық ахуалын қоңыржай белдеумен тропиктік ауа массалары анықтайды. Олар Маңғыстаудың да ауа райына мол ықпал етеді. Жоғары (арктикалық) ендіктерден суық және құрғақ ауа массаларын әкелсе, соңғысы (тропиктік) жылу мен ылғал, аңызақ пен аптапты ыстықты келеді.
Мұндай ықпалдылықтың айрықша айқындалған кезеңі Маңғыстауда голоценнің (Мұз басу дәуірі аяқталғаннан кейінгі 10-12 мың жылдық) ортасы мен 7-8 ғасырлар кезеңіне келеді. Ақкетік, Қаңға баба, Қызылқала, Үстірт, Хиуа, Ұлы Жібек жолының тау етектерін шалғынды орман басқан, аң мен құстың небір түрлерінің мекендеп өсіп-өнген кезеңі деп археологтар тұжырымдайды. Соңғы климаттық салқындау (12 -13 ғасырлар) Маңғыстау ауа райының қуаңданып, шөлге айналуына ықпал еткен. Соңғы кездегі Каспий теңіз. деңгейінің көтерілуін ғалымдар жаһанды жылынумен байланыстырады. Бұл табиғи өзгеріс 21 ғасырдың ортасына дейін созылмақ. Демек, ауа райының жылынуы мен ылғалдану ауқымының артуы әбден мүмкін. 1993 жылдан бері Маңғыстауда айтарлықтай қыс болған жоқ. Ауа райынан азды-көпті жылылық пен ылғалдылыққа бейімділік байқалады.
Маңғыстаудың ауа райы континенттік. Жазы ыстық, қысы суық, жыл маусымдары бір-біріне шұғыл ауысады, жауын-шашын өте аз, ауа ылғалдылығы болымсыз, күн радиациясы жоғары және желі тұрақты болады. Түбекті жартылай қоршап жатқан Каспий теңізіннің жақындығы (теңіз жағалығын қоспағанда) ауа райына онша әсер ете қоймайды. Температураның жылдық абсолюттік минимумы 26-30 °C шамасында, максимум 35 °C. Ауа температурасының жылдық амплитудасы 70-75°C. Жылдық температура жиынтығы 4300-4600°C -ты құрайды. Буланатын ылғалдың жылдық мөлш. 1500 мм-ге дейін жетеді. (Бейнеу орман шаруашылығы КММ-нің табиғи-климаттық көрсеткіші кесте 3-де көрсетілді) [24].
Көп жылдық бақылау нәтижесінде аязсыз күндердің саны 273 тәулікке, 5°C -тан жоғары күндер саны 232 тәулікке жуықтайды. Ал жылдық жауын-шашынның маусым бойынша түсуі төмендегідей: көктем айларында 25 мм, жазда-57 мм, күзде-20 мм, қыста-30 мм. Облыстағы жауын-шашынның жылдық орташа мөлш-132 мм. Облыс аумағын агрометеорогиялық тұрғысынан үш аймаққа бөлуге болады:
1. Құрғақ ыссы шөл аймақ-Бейнеу ауданын алып жатыр. Мұнда 10°C -тан жоғары температураның жалпы жиынтық мөлшері 3500°C, жауын-шашынның мөлшері 80 -100 мм шамасында. Көктемгі суық, орта есеппен сәуірдің екінші онкүндігінде бітеді де, күзгі суық қазанның бірінші онкүндігінде түседі. Ал жылы кезең орта есеппен 180 күнге созылады. Қар әдетте желтоқсанның үшінші онкүндігінде жата бастайды. Қардың тұрақты жатуы орта есеппен 60-70 күнге созылады.
2. Теңіз жағалығы құрғақ және ыстық шөл аймағы Маңғыстау және Қарақия әкімшілік аудандарының жағалық бөліктерін алып жатыр. 10°C -тан жоғары температураның жалпы жиынтық мөлш. 3600-3850°C. Жауын-шашын мөлш. 80-85 мм шамасында. Қардың қалыңдығы орта есеппен 5 см-ден аспайды.
3. Өте ыссы құрғақ шөл аймақтың алып жатқан жері-Үстірт жотасы мен Маңғыстау таулары, негізінен Маңғыстау мен Қарақия әкімш. аудандарының оңтүстік-шығыс бөлігі. 10°C -тан жоғары температураның жалпы жылдық жиынтық мөлшері 3800-4300°C. Жылдық жауын-шашынның мөлш. 90-160 мм. Қардың жату ұзақтығы солтүстік-шығысында 60-70 күнге, оңтүстік-батысында 30-40 күнге созылады.
4. Қыс айларында ауданның орташа температурасы -100 -15°C , ал жаз айларында +250 +350°C. Жауын - шашынның орташа мөлшері-10-12 мм, ал жылдық -100-150 мм құрайды. Жыл бойы желді болып тұрады[25].

Кесте 3 – «Бейнеу орман шаруашылығы» КММ аумағының табиғи-климаттық көрсеткіштері





Көрсеткіштер

Бірлік шамасы

Деректер

1

Жауын-шашынның орташа жылдық саны

мм

155

2

Вегетациялық кезеңдегі жауын-шашын сомасы

мм

102

3

Аязсыз кезеңнің ұзақтығы, күн

күн

232-273

4

Топырақтың қату тереңдігі, см

см

92

5

Оң температура сомасы

> 10°C

3800-4300

6

Теріс температура сомасы

< 10°C

2100-2200

7

Ылғалмен қамтамасыз ету көрсеткіші




0,5-0,8

8

Қар жамылғысының биіктігі, см

см

5-6

9

Қардағы су қоры, мм

мм

10-12

10

Желдің басым бағыты




оңтүстік,
оңтүстік-батыс

Көп жылдық (55 жылдық) зерттелген мәліметтер бойынша ауаның орташа жылдық температурасы (оС) Форт-Шевченкода 11,2, Тұщыбекте 10,4, Қарақияда 11,2, Аққұдықта 11,4, Самда 8,5 болады. Ал жауын-шашынның жылдық орташа жиынтығы тиісінше аталған жерлерде 214, 247, 175, 155, 179 мм болып келеді. Жыл бойына күшті дауылды күндер саны (секундына 15 м) Самда 17, Бейнеуде 25, Форт-Шевченкода 32, Құрықта 37 тәулікке жетеді. Жалпы аймақ бойынша ауаның температурасы қыста 0°C -тан төмен, ал 0оС-тан 15°C -қа дейінгі температураны көктем және күз, 15оС-тан жоғары температураны жаз деп айтуға болса, онда әр маусымның ұзақтығы төмендегідей: а) көктем-наурыз, сәуір-61 күн; ә) жаз-мамыр, маусым, шілде, тамыз, қыркүйек-153 күн; б) күз-қазан, қараша-61 күн; в) қыс-желтоқсан, қаңтар, ақпан-90 күн.






  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   14




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет