Дипломдық жоба мамандығы: 5В080700 «Орман ресурстары және орман шаруашылығы»


ЗЕРТТЕУ НЫСАНЫ МЕН ЖҮРГІЗУ ӘДІСТЕМЕСІ



бет7/14
Дата14.02.2023
өлшемі6,19 Mb.
#168784
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   14
Байланысты:
Жаксыбай Исатай Бисенбайулы
Тұлға болам, Мұхтар Бекболат дипломдық жұмыс, Полигибрид прези
2 ЗЕРТТЕУ НЫСАНЫ МЕН ЖҮРГІЗУ ӘДІСТЕМЕСІ


2.1 Бейнеу орман шаруашылығы КММ туралы қысқаша ақпарат
Бейнеу ормандар және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі коммуналдық мемлекеттік мекемесі Маңғыстау облыстық атқару комитетінің 02.04.1987 жылғы №157 шешіміне сәйкес және Қазақ ССР-нің орман шаруашылығы министрлігінің 17.04.1987 жылғы № 68 «Маңғыстау облысы Бейнеу орман шаруашылығы мекемесін құру туралы» бұйрығы негізінде Гурьев облыстық орман шаруашылығы және орман қорғау басқармасының 07.05.1987 жылығы №29 бұйрығына сәйкес құрылған. Мекеменің алғашқы директоры қызметіне Н.Балмұханов тағайындалған. 1992 жылдан 2010 жылға дейін М.Қапсихов басқарды. 2010 жылдан бастап М. Қараев басқарады.
1989 жылдан - 2003 жылы аралығында Маңғыстау облыстық орман шаруашылығы және орман қорғау басқармасына қарады. 2003 жылы Сам ормандар және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесі бөліп шығарылды. 2003 жылы Маңғыстау облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы қарамағына өткізілді. 2006 жылы қазіргі Маңғыстау облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы қарамағына берілді.
Мекемеге тиісті орман қоры алқабы 47089 га құрайды. Оның ішінде орманмен көмкерілген 19361 га. Орман алқабының негізгі қорын қара сексеуіл құрайды. Сондай-ақ орман алқабында жыңғыл, теріскен, баялыш, т.б. бұталар кездеседі. Бейнеу орман шаруашылығы мекемесінің әкімшілік корпусы Бейнеу селосынан 27 км Сыңғырлау елді мекенінде орналасқан. 2006 жылға дейін айтылмыш мекеме Бейнеу селосында болды. Мемлекеттік орман алқабы Сыңғырлау елді мекенінен оңтүстік бағытта 70 км қашықтықта Қаратүлей жеріннен басталып арғы шеті 180 км жерден аяқталады.
Бейнеу орман шаруашылығы КММ-нің картаға түсірілген схемасы жасалды (сурет 3).

Сурет 3 - Бейнеу орман шаруашылығы КММ-нің картаға түсірілген схемасы




2.2 Шаруашылықтың негізгі атқаратын қызметі
Орман шаруашылығы мекемесінің негізгі қызметі орман қорын күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды молықтыру мен орман өсіру шараларын іске асырады. Орман алқабы елді мекеннен қашықта орналасқандықтан күзету шаралары рейд жасау арқылы жүзеге асырылады. Орман алқабын өрттен қорғау, орманды молықтыру, өсіру шаралары орман орналастыру жобасына сәйкес іске асырылады. Өрт қауіпті кезеңде минералды жолақтар, өртке қарсы жыртпалар, бұрынғы минералдық тізбелерге күтім жасау жұмыстары, өрт қауіпті туралы белгілер орнатылып отырады. Орман шаруашылығы орман телімі белгілері орнатылады, жаңғыртылады. Орманды қураған, сынған бұталардан т.б. қоқыстардан тазарту жұмыстары орындалады. Ауруға ұшыраған сексеуіл бұталарын кесіп алып, оқшауланған алаңдарға өрттеледі. Орман орналастыру жобасына сәйкес жыл сайын 1000 кг қара сексеуіл тұқымы жиналып белгіленген 200га жерге себіледі.
Шаруашылықта көктем келісімен көшет отырғызу жұмыстары жүргізіледі. Жас көшеттер негізінен орман алқаптарында ғана отырғызылмайды. Сонымен қатар жас питомник көшеттерін мекеменің ауласына және мектеп алаңдарына отырғызылады. Әр сенбі сайын мекеме қызметкерлерімен және мектеп оқушыларымен сенбілік жұмыстар яғни көшеттерді отырғызу жұмыстары жүргізіледі. Негізінен мектеп пен мекеме алаңдарын әр түрлі ағаш көшеттер соның ішінде теректер, жеміс ағаш көшеттері, сексеуіл көшеттері, ақ талдар отырғызылады (көшет отырғызу жұмыстары мен отырғызу материалын жыл сайын шығару, 4 суретте және 1 кестеде көрсетілген).
Кесте 1 – Мектеп бөлімшесінің ауданы бойынша есептелген тұқымды отырғызу материалының жыл сайынғы шығарылымы

Бұталардың атауы

Жыл сайынғы шығарылым, мың.дана

Көшеттер-ді
орналас-тыру

1 га алынатын көшеттер
саны, мың.дана

Жыл сайынғы отырғызу алаңы, га

Барлығы

Өз қажетті-ліктері үшін



Іске асыруға

Терек
(4-жылдық)

10,0

6,0

4,0

0,4 х 1,0

25

0,4

Ақ терек
(4-жылдық)

10,0

5,0

5,0

0,4 х 0,9

28

0,4

Қара сексеуіл
(4-жылдық)

20,0

-

20,0

0,3 х 0,9

36

0,6

Жиыны:




11

29







1,4

Әр түрлі тұқымдардың көшеттерін шығару нормалары анықтамалық әдебиеттерден алынды. Питомниктерде суару, озық агро-техниканы қолдану кезінде шығу нормасы 25-30%-ға артады, сондықтан 1 га – дан көшет шығымы 29 дана, терек – 30 және бұталар-40 дана болды. 1 гектардан отырғызылған және алынған көшеттер саны табиғи құлдырауға байланысты өзгереді. Жыл сайынғы отырғызу алаңы 1,4 га құрайды.




Сурет 4 - Мекеме мен мектеп аумағының алдына көшет отырғызу жұмыстары

Жаз мезгілінде аумақтың климатты жағдайы шөлді және қатты ыстық болады соған байланысты орман алқабында әр түрлі аурулар пайда бола бастайды. Сонымен қатар шегіртке қаптап сексеуіл ағаштарының қарқынды өсуіне кедергі келтіре бастайды. Сол ауру түрімен және шегіртке мен күресу мақсатында орман алқабындағы түскен шегірткелерді фитосанитария мамандарымен бірлесіп анықтау жұмыстары жүргізіледі. (Орман алқабын дизенфекциялау сурет 5-те көрсетілген).





Сурет 5 - Орман алқабын дизенфекциялау барыс

Сонымен қатар жаз мезгілі болғандықтан орман алқабында орман өрті жиі болуы мүмкін. Орман өрттері жер бедерін де, шабындықтар да және маусым айларында басым болады. Орман өрттерін сөндіру – мынадай кезеңдерден тұрады: бөгеу (өрттің өріс алуына жол бермеу); жайылдырмау (от шарпымаған аумақты өрт шалған алқаптан бөліп тастау); сөндіру (өрті сөндірілген алаңдағы қоламта ошақтарын жою); күзету (өрт қайта шығып кетпес үшін өрттенген жерлерді қадағалап, оларда бықсыған от ұшқындары қайтадан лапылдап кетпеуіне зер салу) керек. Сондай-ақ орман өртінің алдын алу және оларды уақытылы жою жөніндегі шаралардың жүргізілуін қамтамасыз ету мақсатында арнайы өрт сөндірі қызметкерлері және шаруашылық қызметкерлерімен бірлесіп тәжірибелік сынақтар өтіп тұрады. (Орман алқабында орман өртін болдырмау мақсатында тәжірибелік сынақтар сурет 6 көрсетілген).





Сурет 6 - Өрт сөндіру қызметкерлері мен мекеме қызметкерлері бірлесіп тәжірибелік сынақ өткізу кезеңі

Орман өрттерін сөндіру үшін суды пайдалану жағдайлары мен мүмкіндіктеріне қарай өте алуан түрлі. Орман өрттері сөмке бүріккішінің, жеңіл портативті және қуатты тіркемелі мотопомпалар және автокөлік сорғылары арқылы сумен сөндіріледі. Жер асты өрттерінің үлкен ошақтарын сөндіру үшін көптеген километрлік су өткізгіштері бар қуатты сорғы станциялары пайдаланылады, ал іске қосу орталығы шелекті сумен толтырады. Егер су аз болса, шетін басқа жолмен сөндіруге болады, өйткені оның жанында жұмыс істеу жағдайлары айтарлықтай жақсарады. Дәл осы мақсатпен, мысалы ұшақтан немесе тікұшақтан оттың шетіне су құю арқылы жүзеге асырылады (кесте 2).


Кесте 2 – Өртке қарсы іс-шараларды орындау



Өртке қарсы іс-шаралар

Бірлік
өлшеу

Жұмыс көлемі

Соның ішінде жалдау







Жоспар факт

Жоспар факт

Өртке қарсы мақсатта жолдарды салу

км

2,6

2,1

2,6

2,1

Өртке қарсы мақсатта жолдарды жөндеу

км

4,1

3,1

4,1

3,1

Демалыс орындарын орнату

дана

11

11

8

8

Аншлагтарды орнату

дана

13

13

9

9

Құрылғы мен жолақтар

км

47

34

40

27

Күтім жолақтар

км

66

52

50

36

2 - кестеден құрылғы мен жолақтарды орнату бойынша жоспарлар - 68% - ға, күтім жолақтары бойынша-72% - ға көрінеді.


Қыс мезгілінде орман алқабындағы жануарларды браконерлерден қорғау мақсатында арнайы рейд жұмыстары жүргізіліп отырады. Орманшының жұмысына техникалық орман қорғау инженері басшылық етеді, бақылайды. Орманды қорғау жұмысынада өртке қарсы шаралардың мұқият орындалуы бақыланады. Орманды рұқсатсыз кеспеу, ағаш дайындаушылар мен пішен шабушылардың, малшылардың, т.б. орман қорын сақтау ережелерін орындауы қадағаланады. Орман тікұшақтармен және көлікпен барланады.(Орман алқабындағы рейд жұмыстары сурет 7-де көрсетілді).



Сурет 7 – Орман алқабында рейд жұмыстары жүргізілу барысы





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   14




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет