Сабақ Тақырып: Трансмиссивті инфекциялардың алдын алу. Эпидемияға қарсы іс шаралар



бет1/2
Дата17.10.2022
өлшемі77,9 Kb.
#153472
түріСабақ
  1   2
Байланысты:
15-16 тақырып трансмиссивті инфекциялардың алдын алу


Пән: электив эпидемиология негіздері
15-16аудиториялық сабақ
Тақырып: Трансмиссивті инфекциялардың алдын алу. Эпидемияға қарсы іс шаралар.
Трансмиссивті аурулар дегеніміз- (лат. transmissio — басқаларға тасымалдау) қоздырғыштары қан сорғыш буынаяқтылар(жәндіктер мен кенелер) арқылы берілетін адамның жұқпалы аурулары. Трансмиссивті аурулар-вирустар,бактериялар,риккетсиялар,қарапайымдылар мен құрттар тудыратын 200жуық формасы бар ауруларды біріктіреді. Олардың жартысы тек тасымалдаушылар арқылы ғана берілетін болса, қалған жартысы – малдарды сойғанда, қанына жанасқан кезде беріледі. Тасымалдаушыларының өзі арнайы және механикалық болып бөлінеді. Арнайы тасымалдаушылар-қоздырғыштың көбею процестері жүретін,жинақталатын н\е инвазиялық кезеңіне дейін дамитын орны болып табылады. Ал мехханикалық тасымалдаушы организмінде ондай процестер жүрмейді. Трансмиссивтік ауруларға-талшықтылардың ж\е споралылардың маса арқылы таралуын, кене арқылы энцефалиттің таралуын мысалы келтіріп сипаттай аламыз.Конго-Қырым геморрагиялық қызбасының алдын алу бойынша санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар
59. Конго-Қырым геморрагиялық қызбасының (бұдан әрі - КҚГҚ) алдын алу бойынша санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын талаптар сырқаттанушылық мониторингін, аумақтың эндемиялылығын зерделеу, қоздырғыштың айналымын бақылау, жағдайды бағалау, болжамдау және өткізілетін іс-шаралардың тиімділігін бақылауды қоса алғанда, зоологиялық-паразитологиялық және эпидемиялық процестерді бақылау болып табылады.
60. КҚГҚ бойынша эндемиялық аумақта жылына кемінде екі рет (сәуір-маусымда және қыркүйек-желтоқсанда) МЗПТ-ның тексеруі қамтамасыз етіледі, ерте және жылы көктем болатын жылдары тексеру ерте басталады.
61. МЗПТ:
1) түрлері және биотоптары бойынша кенелер санын есепке алуды (көп болу, басымдылық және кездесу индекстерін анықтау);
2) кене басу деңгейін бағалау үшін кемінде 10 ауланы (үйлер және ауыл шаруашылығы жануарлары қоралары үшін) қамту арқылы елді мекендерде кенелер жинауды;
3) әрқайсысынан кемінде 5-10 басты тексеру арқылы кене басу деңгейін бағалау үшін ауыл шаруашылығы, үй жануарлары мен үй құстарынан кене жинауды;
4) кене басу деңгейін бағалау үшін кеміргіштерден және індерден кене жинауды;
5) кенелердің түрлік құрамын айқындауды;
6) кенелердің әртүрлі даму кезеңдерінде олардың негізгі және жанама қоректендірушілерін айқындауды;
7) кенелер популяциясының санына табиғи, антропогенді және шаруашылық факторларының әсерін талдауды;
8) кенелердің тіршілік әрекеті циклін фенологиялық бақылауды;
9) зертханалық зерттеу үшін ашық жерлерде және көбейетін орындарда (үй-жайлар, індер) кенелердің әртүрлі даму кезеңдерінде оларды жинауды;
10) кенелердің жаппай пайда болуы және олардың адамдарға белсенді шабуылы кезінде аулаларды тексеруді;
11) КҚГҚ-мен ауыратын науқастар тіркелген кезде елді мекендерді тексеруді;
12) жаздық жайылымға көшкен кезде мал шаруашылығы үй-жайларында, ашық қораларда және уақытша тұрақтарда кенелердің болуын тексеруді (айына 1 реттен сиретпей);
13) табиғи ошақ аумағын сауықтыру дәрежесін және қолданыстағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкес жүргізілген дезинсекциялық және дератизациялық іс-шаралардың тиімділігін бағалауды жүзеге асырады.
62. КҚГҚ-ның табиғи ошақтарын зоологиялық-паразитологиялық және эпидемиологиялық тексеру негізінде ведомствоның аумақтық бөлімшесі ЖАО-ның мүдделі құрылымдық бөлімшелерімен бірлесіп санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шаралардың бағдарламасын жасайды, онда мыналар көзделеді:
1) КҚГҚ-ның табиғи ошақтарының эпидемиялық және эпизоотиялық белсенділігін бақылау;
2) аумақтарында адамның сырқаттану жағдайлары тіркелетін, КҚГҚ вирусының (кенелер, құстар, кеміргіштер, жабайы және үй жануарларынан) антигені немесе рибонуклеин қышқылы (бұдан әрі - РНҚ) анықталатын жоғары эпидемиологиялық тәуекел учаскелерін анықтау (белсенді табиғи ошақтар);
3) КҚГҚ-мен ауыратын адамдарды уақтылы анықтауды бақылау, оларды зертханалық зерттеулердің толықтығы;
4) КҚГҚ-ның алдын алу мәселелері бойынша олардың арасында мақсатты бағытталған жұмыс жүргізу үшін табиғи ошақтардағы (немесе тәуекел аймағындағы) немесе оларға баратын халық контингентін, жоғары тәуекел топтарын анықтау;
5) аумақтағы КҚГҚ бойынша эпидемиялық маусымның кезеңін анықтау (зоологиялық-паразитологиялық көрсеткіштер бойынша);
6) профилактикалық іс-шаралар өткізудің көлемін және мерзімін негіздеу арқылы кейін оның тиімділігін бағалай отырып, КҚГҚ-ның табиғи ошақтарын сауықтыру (дезинсекциялау, дератизациялау және жайылымдарды, өрістерді құнарландыру);
7) жаңа аумақтарға инфекцияның әкелінуінің алдын алу;
8) медицина қызметкерлерін дайындау;
9) халық арасында санитариялық-ағарту жұмысын жүргізу.
63. КҚГҚ табиғи ошақтылығы аймағында ЖАО жыл сайын Кодекстің 152-бабына сәйкес:
1) қаңтардан кешіктірмей кенеге қарсы өңдеу үшін дезинсекциялық құралдарды (препараттарды) сатып алуды ұйымдастыру бойынша іс-шаралар жүргізуді;
2) КҚГҚ-ның табиғи ошақтылығы аймағында шоғырланған елді мекендердегі мал шаруашылығы қора-жайларын, жеке аулаларды кенеге қарсы өңдеу басталғанға дейін (қидан, қоқыстан) тазалауды ұйымдастыруды;
3) малды жазғы жайылымға айдау кезінде уақытша тұрақты, мал қораларын және айналасындағы аумақты кенеге қарсы өңдеу басталғанға дейін тазалауды ұйымдастыруды;
4) филиалдардың, ЖАО-ның ветеринариялық бөлімшелері мен өзге ұйымдардың кенеге қарсы іс-шараларды жүргізуін үйлестіруді;
5) өздігінен пайда болған қоқыс үйіндісін жоюды қамтамасыз етуді;
6) елді мекендердің, саябақтардың, гүл бақтарының, сауықтыру ұйымдарының, мекемелердің, ауыл шаруашылығы объектілерінің, жаппай демалыс орындарының және адамдар жиналатын орындардың аумақтарын абаттандыруды қамтамасыз етуді;
7) мал, мал қоралары және буферлік аймақтарды кенеге қарсы өңдеуді ұйымдастыру және өткізуді;
8) табиғи немесе ауыл шаруашылығына арналмаған алқаптарды егістікке, дақылдар шабындықтарына және өрістерге агротехникалық іс-шаралар кешені арқылы трансформациялау бойынша жұмысты ұйымдастыруды;
9) ауыл шаруашылығы малдарын айдап өту бағыттарын айқындау бойынша жұмыстарды ұйымдастыруды;
10) қажет болған жағдайда мал жаюды реттейтін жайылымдарды алмастыруды;
11) бұқаралық ақпарат құралдарында КҚГҚ-ның алдын алу мәселелерімен, КҚГҚ клиникалық көріністерімен, жұқтыру жағдайлары және жеке қорғану құралдарымен байланысты халықты гигиеналық тәрбиелеу бойынша жұмысты ұйымдастыру мен жүргізуді жүзеге асырады.
64. Кенеге қарсы іс-шаралар алдын ала (жоспарлы) немесе шұғыл профилактика типі бойынша жүргізіледі.
65. Кенеге қарсы барлық іс-шаралар арнайы қорғаныш костюмінде (капюшоны бар комбинезон және маска) (бұдан әрі - қорғаныш костюмі), арнайы аяқкиім (етік немесе қонышы ұзын бәтеңке) және тығыз резеңке немесе нитрилді қолғапта апта сайын және киімді әрбір жуғаннан кейін акарорепелленттер немесе инсектоакарицидті құралдарымен импрегнациялай отырып жүргізіледі.
66. Профилактикалық іс-шараларды өткізудің көлемдері мен мерзімдерін халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласының аумақтық бөлімшелері зоологиялық-паразитологиялық жұмыс нәтижесі негізінде айқындайды.
67. Кенеге қарсы жоспарлы іс-шаралар КҚГҚ бойынша эндемиялық аумақта жыл сайын кемінде екі рет (көктем, күз) өткізіледі.
68. Уақытынан бұрынғы профилактикалық жұмыс алдын ала өңдеу алдындағы жылы белгіленеді және жоспарлы түрде науқастар тіркелген орындарда, соңғы ауру тіркелген сәттен бастап үш жыл бойы, соңғы екі жылда оң нәтижемен кенелер анықталған орындарда және өңдеу алдындағы жылы КҚГҚ тасымалдаушы кенелер саны көп болғанда орындалады.
69. Шұғыл профилактика типі бойынша іс-шаралар Кодекстің 152-бабына сәйкес өңдеу жоспарланбаған учаскелерде:
1) адамның КҚГҚ-мен сырқаттануы тіркелген жағдайда;
2) кенелерді КҚГҚ вирусының болуына зерттеудің оң нәтижесі болғанда;
3) КҚГҚ бойынша эндемиялық аумақта кене шаққан адамдар саны көп болғанда;
4) кенелердің саны көп болғанда жүргізіледі.
70. Кодекстің 152-бабына сәйкес кенеге қарсы іс-шаралар бір уақытта мынадай бағыттарда жүргізіледі:
1) ауыл шаруашылығы және үй жануарларында және мал шаруашылығы қора-жайларында кенелерді жоюды ЖАО ветеринариялық бөлімшелері ұйымдастырады;
2) аулалық құрылыстарды және онда ұсталатын жануарларды, оның ішінде үй құстарын өңдеуді қоса алғанда, елді мекендердің жеке аулаларында кенелерді жоюды аулалар мен жануарлардың иелері жүргізеді;
3) елді мекендердің айналасында қорғаныш аймағын құру үшін бұталарды, көгалды, сондай-ақ кеміргіштердің індерін инсектоакарицидті препараттармен тосқауылды өңдеуді (дезинсекциялауды) осы Санитариялық қағидаларға қосымшаға сәйкес белгіленген алаңда филиалдар мен обаға қарсы күрес ұйымдары жүргізеді;
4) тұрақты немесе уақытша елді мекендердің айналасында бұталардың, суаттардың және басқа да ауыл шаруашылығы жануарларының орналасқан жерлерін инсектоакарицидті препараттармен буферлік аймағын құруды ЖАО-ның тиісті құрылымдық бөлімшелері ұйымдастырады;
5) агротехникалық және жалпы санитариялық іс-шараларды (үй-жайларды және аумақты қи мен қоқыстан, бұталардан механикалық тазалау, саңылаулар, жарықтар, індерді мазутпен, автолмен, креолинмен немесе көрсетілген заттар сіңірілген балшықпен алдын ала құйып, жөндеу және бітеу) үй иелері мен шаруашылық жүргізуші субъектілер жүзеге асырады.
71. Заңды, жеке тұлғалар, жеке кәсіпкерлер Кодекстің 152-бабының 1-тармағына сәйкес өздеріне тиесілі аумақта кенеге қарсы өңдеу жүргізеді.
72. КҚГҚ табиғи ошақтары аймақтарында (немесе тәуекел аймақтарда) орналасқан, қала сыртындағы жазғы сауықтыру ұйымдары бар ұйымдар мен мекемелер басшылары оларды ашу алдында мыналарды:
1) ұйымның айналасында 500 метр (бұдан әрі - м) радиуста іргелес аумақты қоқыстан, қураған шөпшектен тазартуды;
2) ауыл шаруашылығы, үй және жабайы жануарлардың кіріп кетуін болдырмау мақсатында аумақты қоршауды;
3) тосқауыл енін қоршау периметрі бойынша кемінде 300 м жасай отырып, тосқауылды кенеге қарсы өңдеуді жүргізуді қамтамасыз етеді. Кенеге қарсы өңдеуді балалардың, демалушы азаматтардың келуінен 5-7 күнтізбелік күн бұрын және жүргізілген жұмыстардың тиімділігін бағалай отырып, әрбір ауысым алдында жүргізеді;
4) ұйым аумағынан тыс шыққан кезде балалардың пайдалануы үшін репелленттер резервін құруды;
5) ұйым қызметкерлерімен, демалушы азаматтармен, балалармен жазғы сауықтыру мекемелеріне келген кезде кенелердің шабуылынан қорғану шаралары туралы әңгіме жүргізуді қамтамасыз етеді.
73. Мектеп жанындағы жазғы сауықтыру ұйымдарының аумақтарын тосқауылды кенеге қарсы өңдеу эпидемиологиялық көрсетілімдер болған кезде жүргізіледі.
74. Кенеге қарсы іс-шараларды жүргізу үшін Қазақстан Республикасының және Еуразиялық экономикалық одаққа қатысушы мемлекеттердің аумағында қолдануға рұқсат етілген инсектоакарицидті құралдар пайдаланылады.
75. Hyalomma asiaticum (гиалома азиатикум) кенелері көп аудандарда кенеге қарсы іс-шаралар Кодекстің 152-бабына сәйкес наурыз-шілдеде және қыркүйек-қазанда, Hyalomma anatolicum (гиалома азиатикум) кенелері басым орындарда шілде-тамызда жүргізіледі. Ошақтың паразиттік жүйесінде аталған түрлерден басқа Dermacentor niveus (дермацентор нивеус) кенелері болған жағдайда кенеге қарсы іс-шаралар жылдың барлық жылы кезеңі ішінде жүргізіледі.
76. Кенелердің ерте белсенділігі анықталған жағдайда кенеге қарсы іс-шаралардың басталуы бір айға ерте жылжытылады: профилактикалық кенеге қарсы іс-шаралардың бірінші туры наурызда басталады, сәуірдің басынан кешіктірілмей аяқталады. Өңдеудің біреуін мал қырқу алдында 1-2 апта бұрын жүргізеді.
77. Өңдеулер жиілігін қолданылатын акарицидтердің қалдық әсерінің ұзақтығына байланысты айқындайды, осыған байланысты өңдеу жиілігі айына 2 - 3 реттен жылдың барлық жылы кезеңінде 2 - 3 ретке дейін өзгертіледі.
78. Hyalomma (гиалома) тұқымдас кенелермен күресу үшін кез келген инсектоакарицидті құралдарды жұмсау нормасын Ixodes (иксодес) тұқымдас кенелерге ұсынылғанмен салыстырғанда 2,5-3 есе көбейтеді.
79. Жануарлар белсенді жайылатын жерлерде жайылымдарды инсектоакарицидті құралдармен өңдеу жүргізуге жол берілмейді. Эндемиялық аймақта олардың реттелетін пайдаланылуы (КҚГҚ қоздырғышы анықталған жылдан кейінгі келесі 1-2 жылға ошақтық учаскелерді айналымнан алып тастау) қолданылады.
80. КҚГҚ-мен ауыратын науқастарды анықтауды денсаулық сақтау ұйымдары жүзеге асырады.
81. Кене шағуынан зардап шеккен барлық адамдарға күнделікті екі рет дене қызуын өлшеу, күнтізбелік 14 күн бойы тері жабындарын тексеру арқылы медициналық бақылау белгіленеді және қажет болған жағдайда вирусқа қарсы препараттармен профилактикалық терапия тағайындалады немесе денсаулық сақтау ұйымына емдеуге жатқызылады.
82. Этиологиясы белгісіз қызба салдарынан амбулаториялық емдеудегі науқастар геморрагиялық синдром қосылған жағдайда шұғыл түрде алғашқы қарау кезіндегі аурудың ауырлығына қарамастан, биоқауіпсіздікті сақтай отырып, инфекциялық стационарға (бөлімше) емдеуге жатқызылады.
83. Табиғи ошақтылық аймағында және оған іргелес аумақтарда КҚГҚ ауруына күдігі бар адам медициналық көмекке жүгінген жағдайда биоқауіпсіздік шараларын сақтай отырып (медицина қызметкерінің өзіне, науқасқа және барлық айналадағыларға қатысты), медицина қызметкерлері оны саралап диагностикалау және бастапқы тексеру кезіндегі аурудың ауырлығына қарамастан емдеу мақсатында шұғыл емдеуге жатқызу бойынша шаралар қабылдайды.
84. ҚКГҚ-мен ауыратын науқасты немесе ауруға күдікті пациентті анықтаған денсаулық сақтау ұйымдары эпидемиологиялық анамнез жинайды, науқасты жақын жердегі инфекциялық стационарға (бөлімшеге), оқшауланған бөлек палатаға немесе боксқа жатқызады, онда қажетті биоқауіпсіздік шараларын сақтай отырып, оған білікті медициналық көмек көрсетіледі.
85. Сырттан келген адам ҚКГҚ-мен сырқаттанған жағдайда науқастың тіркелген орны бойынша ведомствоның аумақтық бөлімшесі оның тұрғылықты орны бойынша ведомствоның аумақтық бөлімшесін хабардар етеді.
86. Адамның КҚГҚ-мен сырқаттану жағдайлары ведомствоның аумақтық бөлімшесінің ошақты энтомологиялық зерттеу арқылы эпидемиологиялық тергеп-тексеруіне жатады.
87. Ведомствоның аумақтық бөлімшесінің, филиалдар мен денсаулық сақтау ұйымдарының мамандары КҚГҚ-ның эпидемиялық ошағында ошақты шоғырландыруға және оқшаулауға бағытталған санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шаралар кешенін ұйымдастыруды және жүргізуді қамтамасыз етеді:
1) жұқтыру тәуекеліне ұшыраған адамдар тобын (аты-жөні бойынша) анықтау;
2) ошақтың шекарасын, инфекция көзі мен резервуарын, ошақты қалыптастыруға ықпал ететін себептер мен факторларды анықтау;
3) қоршаған ортадан және ауыл шаруашылығы, үй жануарлары мен құстардан иксодты кенелерін зерттеу үшін жинау;
4) аумаққа энтомологиялық зерттеу жүргізу;
5) ЖАО-ның тиісті бөлімшелерімен бірлесіп эпидемиялық процеске тартылған ұйымдарда және мекемелерде аумақтың абаттандырылуын және эпидемияға қарсы режимнің сақталуын күшейтіп қадағалауды енгізу;
6) ошақта дезинфекциялық және дезинсекциялық іс-шараларды ұйымдастыру және олардың тиімділігін бақылау;
7) халық арасында түсіндіру жұмысын жүргізу.
88. Іс-әрекеттері КҚГҚ-ға күдігі бар адамдарды тексеру және (немесе) кез келген медициналық манипуляциямен, тасымалдау, ошақта жұмыс істеу, емдеуге жатқызу, емдеу және оларға қызмет көрсетумен байланысты барлық адамдарға қосымша алжапқыш, резеңке қолғаптың екінші жұбы, жеңқаптар, бетті қорғауға арналған экран қосылған І-типті қорғаныш костюмдерін пайдалану қажет. Адамның бетіне жиегімен тығыз жанасатын және қорғау деңгейі жоғары (кемінде 2-сынып) маскаларды немесе респираторларды қолдану қажет.
89. Денсаулық сақтау ұйымдары эпидемиялық ошақта:
1) сауалнама, қарап-тексеру және аулаларды (пәтерлерді) аралау арқылы науқастарды белсенді анықтау;
2) науқастарды анықтау және емдеуге жатқызу;
3) науқастардан және ҚКГҚ ауруына күдікті адамдардан материал алу;
4) соңғы науқас анықталған сәттен бастап күн сайын тері жабынын қарау, екі рет қызу өлшеу арқылы күнтізбелік 14 күн бойы қарым-қатынаста болған адамдарды медициналық бақылау;
5) КҚГҚ ауырған науқаспен қарым-қатынастың түріне байланысты инфекционист дәрігердің тағайындауы бойынша биоқауіпсіздік шараларын сақтай отырып, денсаулық сақтау ұйымына провизорлық емдеуге жатқызу арқылы вирусқа қарсы препараттармен профилактикалық терапияны тағайындау;
6) санитариялық түсіндіру жұмысын жүргізеді.
90. Зертханалық зерттеу жүргізуге жіберу үшін КҚГҚ-мен ауыратын науқастардан немесе ауруға күдікті адамдардан материал (таза қан, плазма, ұйысқан қан, қан сарысуы және қайтыс болғандардан бауыр, өкпе, көкбауыр, бүйрек, бас миы) алуды науқас емдеуге жатқызылған инфекциялық стационардың (бөлімшенің) қызметкерлері жүргізеді.
91. Денсаулық сақтау ұйымдары КҚГҚ-мен ауырған науқастардан (ауруға күдіктілерден) материал алуды арнайы емдеу басталғанға дейін биоқауіпсіздік шараларын сақтай отырып жүргізеді.
92. Материалды зертханалық зерттеуді патогенділігі II топтағы микроорганизмдермен жұмыс жүргізуге тиісті Режимдік комиссияның рұқсаты бар зертханалар жүргізеді.
93. КҚГҚ-мен ауырған науқастардың материалын зерттеу иммундық-ферментті талдау (бұдан әрі - ИФТ), ПТР, вирусологиялық әдістермен жүргізіледі.
94. КҚГҚ диагнозы эпидемиологиялық, клиникалық және зертханалық деректер негізінде қойылады.
95. КҚГҚ клиникалық диагнозы науқастың қанынан КҚГҚ вирусы бөлінген кезде және (немесе) ПТР оң нәтижесі болғанда және (немесе) қан сарысуында Ig М сыныбының антиденелері анықталған кезде расталған деп есептеледі.
96. Эпидемиялық ошақта МЗПТ мамандары науқастың кенемен ықтимал жанасу объектілері мен аумағын (елді мекеннің барлық мал шаруашылығы фермалары, жеке аулалары, тұрғын және тұрғын емес үй-жайлары, табиғи биотоптар және басқалары) тексереді, ошақ шегінде орналасқан ауыл шаруашылығы және үй жануарларында иксодты кененің болуын тексереді.
97. Эпидемиялық ошақты тексеру нәтижесі бойынша кенелер болған жағдайда Кодекстің 152-бабына сәйкес объектілер, биотоптар, ауыл шаруашылығы және үй жануарларына дезинсекциялық өңдеу жүргізіледі.
98. КҚГҚ эпидемиялық ошақтарында филиалдардың дезинфекциялық бейіндегі мамандары КҚГҚ-мен ауыратын науқастар болған жағдайда вирустық инфекциялар кезінде қолдануға рұқсат етілген дезинфектанттармен ағымдағы және қорытынды дезинфекцияны жүргізеді. Қанмен және науқастың бөлінділерімен ластанған немесе ластануына күдікті заттар, сонымен қатар науқастың сілемейлі қабықтарымен жанасқан заттар зарарсыздандыруға жатады.
99. Эндемиялық аумақта жоқ дегенде бір науқас болатын бүкіл елді мекен КҚГҚ-ның эндемиялық ошағы болып есептеледі, эндемиялық аймақтан тыс орналасқан қалаларда және кенттерде науқастың болған орны (жеке үй иелігі, пәтер немесе денсаулық сақтау ұйымы) эндемиялық ошақ болып есептеледі.
100. КҚГҚ ошағындағы барлық жұмыстар ІІ-типті қорғаныш костюмімен, арнайы аяқкиіммен (етік немесе қонышы ұзын бәтеңке) және резеңке қолғаппен жүргізіледі.
101. Қорғаныш костюмі болмаған жағдайда комбинезон немесе басқа да қорғаныш киімі пайдаланылады, бұл ретте оның жоғарғы бөлігін шалбарға, ал шалбарды шұлыққа салады.
102. КҚГҚ ошақтарындағы жұмыс кезінде әрбір сағат сайын киімге түскен кенелерді уақтылы анықтау үшін өзін-өзі және бірін-бірі тексеруді жүргізу қажет.
103. МЗПТ персоналы қорғаныш киімін импрегнациялау үшін аэрозольды акарорепелленттерді немесе ұнтақ тәрізді инсектоакарицидті заттарды пайдаланады. Импрегнация аптасына бір реттен сиретпей және әрбір кір жуған сайын жүргізіледі.
104. Ауыл шаруашылығы малдарын қырқу, жүндерді өңдеу, сою және етін бөлшектеу қорғаныш киімі мен қолғаптарды киіп орындалады.
Вирустық кене энцефалитінің және Лайм ауруының алдын алу бойынша санитариялық-профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар
57. Вирустық кене энцефалитімен (бұдан әрі – кене энцефалиті) және Лайм ауруымен сырқаттанудың алдын алу мақсатында медициналық ұйымдар мынадай іс-шараларды ұйымдастырады және жүргізеді:
1) ауру жағдайларын және кене шаққаннан зардап шеккен барлық адамдарды тіркеу және есепке алу;
2) ауруды диагностикалау;
3) емдеуге жатқызу;
4) науқастарды емдеу және ауырып сауыққан адамдарды серпінді бақылау;
5) егуге жататын контингенті иммундау.
58. Есепке алынуға және тіркелуге кене энцефалитінің зертханалық расталған жағдайлары жатады. Лайм ауруы жағдайларын есепке алуға және тіркеуге зертханалық зерттеу нәтижелері теріс болған жағдайда клиникалық-эпидемиологиялық көрсетімдері бойынша жол беріледі.
59. Кене энцефалитімен ауырып сауыққан адамдарды серпінді бақылауды пациенттің денсаулық жағдайына байланысты екі және одан да көп жыл бойы невропотолог-дәрігер жүргізеді.
60. Кене шаққаннан зардап шеккен адамдарды серпінді бақылауды тұрғылықты жері бойынша медициналық ұйымда жиырма бір күнтізбелік күн бойы тұрақты термометрия арқылы жүргізеді.
61. Кене энцефалитіне қарсы жоспарлы иммундауды медициналық ұйымдар жүзеге асырады.
62. Профилактикалық иммундауға қызметі кене энцефалитінің табиғи ошақтарында болумен байланысты адамдар жатады.
63. Медициналық ұйымдардың басшылары жыл сайын профилактикалық иммундауға жататын адамдардың тізімін аумақтық бөлімшелерге береді.
64. Кене энцефалитінің табиғи ошақтарында орналасқан аумақтарда тұратын осы Санитариялық қағидаларға қосымшаға сәйкес және медициналық көмекке жүгінген адамдарға препаратқа қоса берілетін нұсқаулыққа сәйкес мерзімдерде иммуноглобулинмен серопрофилактика жүргізіледі.
65. Кене энцефалиті бойынша эндемиялық аумақтарда кене энцефалитіне қарсы егілмеген кәсіби қауіп төндіретін контингенттер жұмыс істеуге жіберілмейді.
66. Аумақтық бөлімше және денсаулық сақтау басқармасының жергілікті органы эндемиялық аумақта:
1) кене энцефалитімен және Лайм ауруымен кәсіби сырқаттану жағдайларын уақтылы анықтауды және тіркеуді;
2) кенеге қарсы вакцинаға, науқастарды емдеу және кене шаққан адамдардың серопрофилактикасы үшін иммундық глобулинге, кене энцефалитіне серологиялық-иммунологиялық зерттеу үшін диагностикумға қажеттілікті анықтауды ұйымдастырады және жүргізеді.
67. Кене энцефалитімен және Лайм ауруымен сырқаттанудың алдын алу мақсатында аумақтық бөлімшелер мынадай санитариялық-профилактикалық іс-шараларды ұйымдастырады және жүргізеді:
1) халықтың кене энцефалитімен және Лайм ауруымен сырқаттануын шұғыл және ретроспективті эпидемиологиялық талдау;
2) тәуекел контингенттерін анықтау;
3) санитариялық-профилактикалық іс-шаралар кешенін анықтау, оларды іске асыру мерзімдерін жоспарлау, тиімділігін бағалау;
4) кене энцефалиті және Лайм ауруын тасымалдаушылар санын мониторингтеу, олардың санын, түрлік құрамын және фенологиясын зерделеу;
5) кене энцефалиті және Лайм ауруы жағдайларын эпидемиологиялық тергеп-тексеру;
6) жұқтыру қаупі жоғары контингенттерді анықтау үшін аумақты эпидемиологиялық бағалау;
7) кене энцефалитін жұқтырудың қаупі жоғары учаскелерді анықтау үшін эндемиялық аумақтағы халыққа жыл сайын эпидемиологиялық сауалнама жүргізу;
8) тасымалдаушы-кенелерге қарсы күрес жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру және әдістемелік басшылық;
9) халықты ақпараттандыру.
68. Филиал адамның денесінен алынған кенені кене энцефалиті вирусын жұқтыруына серологиялық зерттеу (иммундық-ферменттік талдау, полимеразды тізбекті реакция) жүргізеді, нәтижесі теріс болған кезде иммуноглобулин салынбайды.
69. Кене энцефалитінің және Лайм ауруының табиғи ошақтарының аумағында орналасқан ұйымдардың басшылары мамандарды арнайы қорғаныш киімімен, репеленттермен, жеке қорғаныш құралдарымен қамтамасыз етеді.
70. Табиғи ошақ аймағындағы балалар мен ересектерге арналған демалыс ұйымдары және объектілер кенеден тазартылған эпидемиологиялық қолайлы аумақтарға немесе учаскелерге орналастырылады.
71. Балаларды сауықтыру лагерьлерінің басшылары:
1) аумақты және кемінде жүз метр радиуста іргелес аумақты демалушылар келер алдында тазалауды және абаттандыруды;
2) орманды санитариялық кесуді, ағаштарды және бұталарды кесуді, қураған ағаштар мен шырпыны алып тастауды, шөп шабуды, бұталарды тегістеу және кесуді, тұрмыстық, құрылыс және өсімдік үйінділерін жоюды, тұратын және қосалқы үй-жайларға, су көздеріне, демалу орындарына, спорт алаңдарына апаратын орман жолдарын тазалауды және кеңейтуді;
3) барлық маусым ішінде объектіні абаттандырылған жағдайда ұстауды;
4) туристік маршруттар болғанда жорық жолдарын кемінде елу метр қашықтықта кенеге қарсы өңдеуді және екі жағын қураған ағаштар мен шырпыдан тазалауды;
5) объект аумағына үй жануарларын жібермеуді;
6) дератизациялауды жүргізеді.
72. Кене энцефалитінің табиғи ошақтарында кенеге қарсы өңдеуді филиалдар ұйымдастырады және жүргізеді.
73. Кенеге қарсы барлық іс-шаралар түрлерін жүргізу міндетті энтомологиялық бақылау арқылы жүзеге асырылады. Жазық учаскелер жағдайларында тұрақты акарицидтерді (күзде қар астында немесе көктемде қардың үстінде) қолданған кездегі жою іс-шараларының тиімділігін бақылауды қар ерігеннен кейін 2 – 3 аптадан соң; тау жағдайларында өңдеуден кейін 10 – 15 тәулік өткеннен соң жүргізеді. Фосфорорганикалық қосылыстар тобының акарицидтерін қолдану кезінде өңдеуден кейін 5 және 35 тәулік өткеннен соң және одан әрі айына 2 реттен сиретпей жүргізеді.
Безгек (Маlаrіа - безгек) — бұл инфекциялық қан ауруы, ол адамды қалтыратып, аласұрғызады Бұл безгекпен ауыратын адамның қанынан безгек паразиттерін сорып алатын шыбын-шіркейлер, маса-соналар арқылы тарайды және олар басқа адамды шагып, оның қанына безгек инфекциясын түсіреді, бірнеше мәрте қайталатын ауру түрі.

Безгек - Plasmodium тұқымдасындағы қарапайымдылармен шақырылатын, трансмиссивті механизмен берілетін адам организмінде эритроциттерді зақымдап, клиникасында ұстама тәрізді қызбамен, гепатоспленомегалиямен, анемиямен өтетін антропонозды инфекция.. Таратушы Anopheles тобына жататын масалар. Клиникасында ұстамалы қызба, гипохромды анемия, талақ пен бауырдың өсуі болады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет