Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
Маңғыстау облыстық білім басқармасы
МКҚК «Қарақия кәсіптік колледжі»
Өндірістік оқу шебері: Қыдырқанов А.М.
Тобы: «Авто-слесарь» 1-курс
2016-2017 оқу жылы
Күні:21.12.2016жыл Пәні: Өндірістік оқу
І. Сабақтың тақырыбы: Металды кесу
ІІ. Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Студенттерге металды кесу жұмыстары жөнінде мағлұмат беру. Олардың қызметі мен жұмыс жасау қағидаларын үйрету.
Дамытушылық: Металды кесу жұмыстарының қағидаларын үйрете отырып, студенттердің қисынды ойлау, шығармашылық қабілетін дамыту.
Тәрбиелік: Топпен жұмыс жасау технологиясын қолдана отырып білімділікке, достыққа, шыдамдылыққа тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: Проектор, слайд, кесу құрал-саймандары, болгаркалар, тістеуік, қайшы.
Сабақ түрі: практикалық.
Пәнаралық байланыс: Орыс тілі, ағылшын тілі, материалтану, арнайы технология.
ІІІ. Сабақ құрылымы:
Ұйымдастыру бөлімі
Үй тапсырмасын сұрау
Жаңа сабақ
Практикалық бөлім
Сабақты бекіту
Бағалау
Үйге тапсырма
Ұйымдастыру. Студенттермен амандасу. Студенттердің сабаққа қатысын тексеру. Сабаққа қажетті құрал – жабдықтарды тағайындау, оқу кабинетін дайындау.
Үй тапсырмасын сұрау.
Слайд арқылы тест сұрақтары.
Метал кескіш станоктар неше топқа бөлінеді?
топқа.
Тұғыр неден жасалады?
Сұр шойыннан.
Суппорт неше бөліктен тұрады?
4 бөліктен
Мыналардың қайсысы токарлық өңдеу түрлеріне жатады?
Дайындаманы сырттай жону.
Резба кесу токар станоктарында ненің көмегімен жүргізіледі?
Кескіш (резец)
Патронның қандай түрлері болады?
Жұдырықшалы, мембраналы, цангалы.
Тұғырдың бойымен қандай бөлшектер қозғалады ?
Суппорт, артқы топай.
Фрезерлік станинаның ішінде не орналасқан ?
Жылдамдық қорабы.
Жұдырықшалы патрондардың қандай түрлері бар?
3 және 4 құлақты.
Бойлық, ойма, әмбебап, бұлар не ?
Фрезерлеу білдектері.
Жоңғылау станоктарды қандай станоктарға бөледі?
Арнайы және жалпы тағайындалған.
Жоңғыштың тістер бағыттары бойынша нешеге бөлінеді ?
3 бөлінеді.
Көлденең немесе тігінен жоңғылау станоктарында қандай жоңғыштармен жоңғылайды ?
Цилиндірлік немесе түпбетті.
Фрезерлеу білдектерінің тобына қайсысы жатады ?
Бойлық, үздіксіз, ойма фрезерлеу.
Тұғыр, жылдамдық қорабы қай станоктың құрылысында болады ?
Токарлық
Достарыңызбен бөлісу: |