Сабақ түрі: практикалық



бет2/3
Дата21.10.2022
өлшемі3,56 Mb.
#154253
түріСабақ
1   2   3
Байланысты:
Металды кесу. Металдарды кесуде пайдаланылатын құрал-жабдықтар.
Презентация деловая игра, 10 сынып геометрия БЖБ№2, 6-сынып Қыздығой, 6-сынып Қыздығой, 3четв 8кл-1, 1-дәріс ЭСжҚС, Белый Черный Бежевый Простой Корпоративный Засечки Презентация
Жаңа сабақ.

Ажарлау деп дайындамаларды ажарлағыш шарықтас көмегімен өңдеу процесін айтамыз. Ажарлаумен дәлдігі жоғары және кедір-бұдырлығы төмен тетіктерді аламыз. Ажарлаумен әр түрлі материалдардан жасалған дайындамаларды өңдеуге болады, ал шынықтырылған болаттарға және кескіш кұралдарды қайрау үшін ажарлау кең тараған пішін құру тәсілі болып саналады.
Ажарлағыш шарықтаста кажақ түйіршіктері ретсіз орналасқан, оларды байланыстырғыш материалдар ұстап тұрады (біріктірме). Шарықтас айналған кезде түйіршіктердің бір бөліктері дайындамадан жұп-жұқа түрде материалдан жоңқа кеседі. Өңделген бетте қажақ түйіршіктердің қалған микроіздер байқалады және кедір-бұдырлығы төмен болады. Шарықтастағы түйіршіктердің жартысы кесу жұмысын жүргізбейді, бірақ кесу бетінде үйкеліс күшін туғызады, сондықтан кесу аумағында үлкен көлемде жылу пайда болады. Өңделген беттің ұсақ бөлшектері жанып, шоққа айналады немесе балқып кетеді.

Ажарлағыш білдегі ( Шлифовальная станок)


Ажарлағыш шарықтастың айналым күші минутына 2850 рет айналады. Ажарлағыш станоктың екі жағында шарықтас болады. Біріншісінің түйіршіктері үлкен болса, екіншісінің түйіршіктері ұсақ болады . Үлкен түйіршікті шарықтаспен металдың қажет емес бөлігін қайрап белгілінген сызығымызға жақындатамыз.Одан кейін ұсақ түйіршікті шарықтаспен метал бетін тегістеп ажарлаймыз. Шарықтас пен тіреуіштің ара қашықтығын өлшеп тексеру керек. Өзгеріс болса тіреуішті босатып шарықтасқа 3 мм жақындатамыз. Ұзақ пайдаланылған шарықтастың түйіршіктері азайып, бұрыштары кетіп кішірейеді . Сол себепті шарықтастың дм рін кішірейтіп бұрышын шығару қажет. Шарықтастың қалпына келтіретін арнайы өзінің құралы бар . Оны қашаутіс (шарошка) деп атаймыз .

Ажарлағыш білдегі.


Ажарлағыш машина ( шлифовальная машина , болгарка )
Болгарка дегеніміз – металды кесуге, қайрауға, ажарлауға арналған машина . Болгарканың әр түрі болады . Болгарканың әртүрлі дискілері болады. Олар: наждак (егеуқұм), ажарлайтын, кесетін , шөтке (щетка), жапырақшалы . Үлкен және кішкентай болып бөлінеді . Үлкен болгарканың айналым күші минутына 8000 рет айналса, кішкентай болгарка 11000-12000 рет айналады . Сол себепті дискілер болгарканың айналым күшіне қарап жасалынған .



Ажарлағыш машина




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет