Дипломдық жобаны (жұмысты) орындаудағы Тапсырма Студентке Жұмагелдина Ақсұлу Орынғалиқызына


Ою-өрнектердің кілем бетіне орналасуы



бет21/26
Дата27.02.2022
өлшемі351,56 Kb.
#133580
түріДиплом
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   26
Байланысты:
Жумагелдина А. диплом
726 9146 28559, Курсовик ЖДП(моё), sswt 4 week nurai, sswt 4 week nurai, Бижанова Алма
2.3. Ою-өрнектердің кілем бетіне орналасуы

Кілем тоқу басталысында түксіз тоқылыстан соң салынған екі түсті жолақты жиек салу немесе шеттік деп атайды. Жиектен ішке қарай тоқылыста кілем ортасында түсірілетін өрнекті айналдыра әркімнің қалауынша отау өрнегі бір немесе қатар жүргізіледі.


Ал отау өрнектері болсын, кілем табағына түсірілетін негізгі өрнектер болсын, олардың шетін айналдыра бір жіппен салып отырылатын түрді су өрнек деп атайды. Су өрнектің міндеті кілем түсегі мен өрнекті бір-бірінен айқындап бөліп тұрады.
Кілемге түсірілетін негізгі өрнектер: шатыргүл (қос шатыргүл немесе жеке шатыргүл), мақтагүл, лалагүл, шаршы ішіндегі самаурынша, жапырақ немесе қошқармүйіз, сыңар мүйіз оюлары. Бұлар кілем табығына әр түспен шығарылады. Ал отау өрнектері ұсақ гүлдермен немесе жарты шаршы, жапырақ немесе жолақтап бірнеше түрден тоқылады. Бұлардың бәрінде бір тік су өрнегі жиектеп шығарып отырады. Дайын болған кілемді екі адам екі шетінен қарама-қарсы бағытта өткір қайшымен қырқады. Шашқты кілемнің шашағын қалаған ұзындықта қалдыруға болады. Қырқылған кілем қағып-сілкіленеді. Шаң-тозаң, жіп қырқындыларынан тазарған кілемнің екі шетінен есеп алақұрт салынады. Алақұрт екі түрлі жүннен немесе шашақ жібінен ширатылып, есілген соң кілемнің шеттігіндегі түксіз тоқылыс үстінен жиек бастырғандай бастырып тігіледі. Кілемнің қалауынша шашақ түюіне болады.
Жаңа тоқылған кілемді ұзындығын жамау үшін қабырғаға керіп іледі. Неғүрлым жақсы жаратылыс керілсе, шеті шиыршықталмай, қалыпқа түседі. Мұндай кілем қисаймайды.
Тақыр кілемнің жібек терме алашаға кіргендей екі тіндеп ширатады. Бір кілем желісіне 6кг (тақыр кілемге 14кг) жіп керек. Желі жібінің мықты болуы үшін көбінесе ешкінің қылымен немесе түйенің шудасымен жүнге қосып иіреді. Ширатылып, келептелген соң міндетті түрде шындалады. Ол үшін біраз уақыт қайнап тұрған ыстық суға салып қояды немесе бір қайнатып алады. Жақсы шындалған кілем жібі кілем тоқылып біткенше созылмай немесе ұзындығын жаймай, бірқалыпты тұрады. Мұндай кілемнің бетіне түскен өрнегі де ойдағыдай шығады.
Тақыр кілем өрнегіне артынан көрініп тұрғандай түк салынбайды. Кілем түріне арналған жіп желі жібіне ұқсас кіріліп, ширатылады. Арқау орнына түрдің жібі қолданылады. Осы әр түсті кілем өрнегінің ретіне қарай арқау орнына өткізбелей отырып кілем тоқыла береді. Тоқудың бұл түрі теріп тоқу деп аталады.
Тақыр кілемнің құрылуында түкті кілемнің айырмасы жоқ. Тек желі жүгіртілген кезде түкті кілемге қарағанда желі жіптерінің арасы сәл-пәл ғана алшақтау болады.
Ал тоқылуы түкті кілемдей көп уақытты алмайды. Орташа көлемді тақыр кілемді 8 адам 10-15 күнде тоқып шығарады. Алақұрт өткізу, шашақ түюді кілем иесінің қалауынша жүргізіледі. Сондай-ақ тақыр кілем өрнегіне де салулы сурет пайдаланылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   26




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет