Дістемелік кешен


«Сұрақ қою қайтадан сұрақ қою»



бет13/40
Дата24.04.2024
өлшемі0,64 Mb.
#201285
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   40
Байланысты:
konstruktivti bilim beru adisteri pani boi nsha oak mi-20-31

«Сұрақ қою қайтадан сұрақ қою» әдісінің негізгі мақсаты – бір-бірімен ой бөлісу арқылы өз білімдерін жетілдіру жұмысымен айналысу. Жаттығу барысында оқушылар кез келген сұрақ қоя отырып, менде осы тақырып бойынша қандай ойлар мен ұстанымдар бар? Бұл жұмыс мен және менің құрбыларым үшін қаншалықты маңызды? т.б. сұрақтарға жауап бере отыра қандай мәселелерді игергенін, игеру жолында қандай қиындықтар туындады, оларды қалай мен шешу керекпін? деген сұрақтар төңірегінде берілген уақыт ішінде жекелей ой қозғап өзара ой бөлісу арқылы тілдік қарым-қатынас орнатады. Сондай –ақ осы жұмыс арқылы оқушыларды өздігінен, жұппен және ұжыммен жұмыс атқаруға үлкен септігін тигізіп, жұмысқа белсенді қатысуына мүмкіндік береді.
Постер құрып, оны қорғау арқылы диалогке қатысушылардың мысалы, сөйлеуші әрбір сөзін түсінікті етіп, мәнерімен сөйлеу, дұрыс сұрақ қоя білу, ал тыңдаушы – айтуға мүмкіндік беру, жақсы тыңдаушы бола білу керектігі мен шыдамдылықпен таныту керектігін жайында түсініп, ой қозғауға жетелейді. Диалогтік оқыту барысында әңгімелесудің оқу-танымдық, тілдік-дамытушылық, әлеуметтік-бағдарлаушы міндеттері қамтылуы маңызды болып табылады.
Оқушылардың тақырыпты түсінуіне қол жеткізу үшін мұғалімдер қолданылатын сұрақтардың екі түрі:«төмен дәрежелі» және «жоғары дәрежелі» сұрақтар кең қолданылады деген пікір бар. Жоғары дәрежелі сұрақтар қойылғанда, оқушылар ақпаратты белгілі бір жолдармен қолдануға, қайта құруға, кеңейтуге, өзіндік көзқарастарын білдіріп, бағалауға және талдауға тиіс болады. Сұрақ қою маңызды дағдылардың бірі болып табылады. Себебі сұрақ дұрыс қойылған жағдайда ғана танымдық сұрақ сабақ берудің тиімді құралына айналады және де оқушылардың ізденуіне қолдау көрсетіп, ізденушілік, зерттеушілік қабілеттерін жақсартады және білім, ақпарат алу көкжиектерін кеңейте түседі. Сондықтан да өткізілген сабақтар барысында қойылған сұрақтар баланың санасына қойылатын талаптар тұрғысынан ойластырылса нұр үстіне нұр болады. Жоғары дәрежелі сұрақтар балалардан ақпаратты белгілі дәрежеде қолдануды, қайта ұйымдастыруды, дамытуды, бағалауды, талдауды, яғни, ойлау операцияларына дайын болуды талап ететін сұрақтар. Ашық сұрақтарды көбірек пайдалану оқушыларға әлдеқайда жоғарырақ деңгейде ойлануға көмектеседі.

Сұрақтардың түрлері

Төмен дәрежелі

Жоғары дәрежелі

Жабық немесе дұрыс емес

Қолдануға, қайта құруға,
кеңейтуге, бағалауға, талдауға тиіс

Сұрақ қоюдың техникалары

Түрткі болу

Сынақтан өту

Қайта бағыттау

  • Жауап алу үшін

  • Оқушының жауабын түзетуге көмектесу үшін

  • Сұрақты қарапайым қою

  • Өткен материалға оралу

  • Ойға салу

  • Дұрысын қабылдау, толығырақ жауап беру

  • Толық жауап беру

  • Ойларын анық білдіру

  • Идеяларын дамытуға көмектесетіндей етіп құру

  • “Сіз мысал келтіре аласыз ба?” тапсырманы орындау барысында бағдар беру


Сұрақты басқа оқушыға қайта бағыттау “Көмектесе алатындар бар ма?”
Сұрақтардың маңызы:

  • Ынталандырады

  • Қызығушылығын анықтайды

  • Зерттеуге ынталандырады

  • Білімін қалыптастыруға көмектеседі

  • СТО ықпал етеді

  • Басқа идеяларды құрметтеуге ықпал етеді

  • Оқытуды қиындататын қиындықтар мен түсінбестіктерді анықтайды


Белсенді әдістерді қолдану барысында орта қалыптастыру, әрекет арқылы үйрету және үйрену, өмірмен байланыстыра отыра өзінділік пен дербестікке баулу керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   40




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет